Тәуелсіз Қазақстанның басты құжатының жазылу тарихы
18.12.2014 1338
Профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері Зинаида Федотовна тәуелсіз мемлекеттің алғашқы Конституциясы қалай жазылғанын әңгімелеп берді.

— Зинаида Леонтьевна, Конституцияны дайындайтын жұмысшы тобында кім болды, оларды айтып шықсаңыз?

— Конституцияны дайындайтын жұмысшы тобын Н.Ә. Назарбаев басқарды, мен оның орынбасары болдым, ал жас сарапшыларды белгілі ғалым, академик, заң ғылымдарының докторы Сапарғалиев Ғайрат Сапарғалиұлы басқарды. Өкінішке орай, Ғайрат Сапарғалиұлы енді бұл дүниеде жоқ. Менде отырыстар арасындағы уақыт пайда болғанда, Конституцияны дайындайтын жұмысшы тобына баратын болдым, мұнда біз Ғайрат Сапарғалиұлы басшылығымен Конституцияның әрбір тармағын мен бабын талқылап отырдық. Сонымен, жұмысшы тобының құрамында Бауыржан Мұхамеджанов, Константин Колпаков, Юрий Ким мен басқалар болды. 

Конституцияны дайындайтын жұмысшы тобы, 1993 жыл 

Дайын жобаларды біз конституциялық комиссияға тапсыратынбыз. Аталған комиссия құрамына Парламент Сенаты және Мәжілісі комитеттерінің Төрағалары, Үкімет өкілдері (мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы органы) мен ғалымдар болды. Кейде бір тарауды не бапты ұзақ уақыт қарастырып отырдық. 1993 жылдың қаңтарында ғана біз Конституцияны қабылдауға дайын болған сияқтымыз.

— Конституцияның баптарын талқылау барысында соңғы шешімді Нұрсұлтан Әбішұлы қабылдады? 

— Ол Конституцияны әзірледі, сондықтан оның әр тарауын, бабын мұқият оқып шықты. Ол комиссия Төрағасы болғандықтан, бүкіл жобаны жатқа біледі. 

Өте қиын болды. Бұл өтпелі кезең болды. Осы кезде түбегелі өзгерістерді енгізу қиын болды, өйткені қоғам да тынышсыз болды. Экономиканың, әлеуметтік саланың жағдайы қандай болғанын халқымыздың есінде қалып қойды. Сондықтан да, қоғам кез-келген саланың өзгеруіне сезімтал болып, мемлекет үшін алдыңғы қатарға бірден шығу мүмкін емес болды. 

1992–1993 жылдардағы Қазақстанды елестетіп көру керек... Біз Конситуцияны әзірлегенде, саяси сала тынышсыз болды. Мемлекет қазынасынан емес қаржыландырылған көптеген үкіметтік емес ұйымдар пайда болды. Олардың жанында белгілі бір электорат (сайлау кезінде дауыс беруге құқығы бар адамдар тобы) жиналды, сондықтан қоғам олардың іс-әрекеттерінен зардап шекпеу үшін мемлекет осындай мекемелерді бақылап жүрді. Бұл ереуілдер (жұмысшылардың өндірістік жанжалды шешу үдерісіне қысым жасау мақсатымен жұмысты тоқтатуы) де болған кез... Парламенттің қасында киіз үйлер тігіліп тұрды, мұнда адамдар жатты. Бәлкім, осы уақыттағы адамдардың талаптары заңды болды... Иә, талаптар арасында мынадай мәселелер басты болды: жұмыс істеу, өмір сүру, отбасыларды асырау үшін жағдайды жасау керек болды. Мемлекеттік мекемелердің басшылары, Үкімет өкілдері және біз, депутаттар, қарапайым халықпен кездесіп, оларды үкімет ғимаратының ішіне шақырып жүрдік. Адамдарды тыңдап, оларға қалыптасқан жағдайды түсіндірді. Шиеленіс жағдайды бәсеңдету үшін жұмыс істедік. 

Алдымызда қойған міндеттерді шешу жолында осы кезде болмаған (қабылданбаған) заңнаманы пайдалануға тура келді. Өмір сүру үшін қолайлы жағдайларды жасау керек болды, өмірдің барлық салаларына құқық аспектілерін пайдалану қажет болды. Сонда ғана экономика, нарық субъектілерінің арасындағы өзара қарым-қатынастар айқындала түседі. Осының бірде-бір шарты — Конституцияның қабылдануы. 

Қазақ КСР Конституциясы заң жүзінде қолданыста бола алмаған. Желтоқсан Қазақстан үшін ерекше кезең, түрлі оқиғаларға толы ай болып табылады. 1991 жылғы 1 желтоқсан күні Қазақстан тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық Президент сайлауы өтті, нәтижесінде Н.Ә. Назарбаев Президент болып сайланды. 10 желтоқсан 1991 жылы Жоғарғы Кеңес «Қазақ КСР-ын Қазақстан Республикасы деп атау туралы» шешім қабылдады. Өткен ғасырдың 1991 жылғы 16 желтоқсанында Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына қол қойған. Содан бері тәуелсіздігіміз бастау алған. Одан кейін Қазақстанда бұрынғы кеңестік республикалардың басшылары кездесуді өткізді. Кездесудің мақсаты — жаңа қауымдастықты не одақты құру.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы 

Мен, өкінішке орай, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы» Заңына даусымды бере алмадым, өйткені заң қабылдануының қарсаңында Елбасымыздың тапсырмасы бойынша мен жаңа достастықты құру жобасын әзірлеу үшін іс-сапарға ұшып кеттім. Мен, Колпаков және Шахрай — үшеуміз жаңа жобаны әзірлеу үшін Мәскеуде жұмыс істедік. Таңертең біз Киев қаласына шығып кеттік. Менің әріптесім, Украинаның Жоғарғы Кеңесі Төрағасының орынбасары Алма-Атыға ешкім бармайтынын және ешқандай құжатқа қол қоймайтынын атап айтты. 

Нұрсұлтан Әбішұлы бастаманы өз қолына алып, бізде темір жолдары, әуе жолдары, құбырлар бар болғандықтан, интеграцияны ұсынды. «Мен жаңа мемлекеттердің басшыларымен келісімге жеттім, сіздерді осы елдерде қабылдайды, осы мемлекеттердің сарапшыларымен бірлесіп жұмыс істей отырып, маған осы құжатты әкелесіздер», — деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Осыдан кейін Алма-Аты қаласында кездесу жоспарланды.

Жоғарғы Кеңесте қызмет атқарған Зинаида Федотова

Украина Президенті Киевте жарты күн күтіп отырғанымнан кейін ғана мені қабылдады. Мен жай әншейін ұшып кете алмайтынымды Украина Президентіне түсіндіріп айттым. Нәтижесінде, Беловеж келісіміне қол қойған Президент Кравчук мені қабылдады. Ол маған былай деп айтты: «Иә, Нұрсұлтан Әбішұлы маған хабарласты, әңгімелесіп отырайық». Осылай кофе ішіп отырып, əңгімеге кірісті. Президент Кравчук Алма-Аты қаласына баруға келісті. Киевтен менің сарапшыларыммен бірге келіссөздер жүргізу үшін Минскке ұшып кеттім. 

Минскте бізді жақсы қарсы алды, Президент Шушкевич кездесуге баратынын айтты. Одан кейін мен Мәскеуге беттедім. Ал түнде басқа әуежайда қондық. Бұл болжанбаған кездейсоқтық болды, соның нәтижесінде біздің сапарымызға (рейсімізге) кешігіп келе жаттық. Домодедово әуежайында мен қолымдағы портфеліммен ертең таңертең Алма-Аты қаласында болу керектігін түсіндіріп айттым. 

Мен Қазақстанға баратын ұшақты іздей отырып, соған жеткізетін транспортты да сұрап алдым. Осылай, Қарағанды қаласына ұшатын транспорт болды, бірақ бос орын болмай қалды. Ұшақ бортының есігін маған жас ұшқыштар ашты. Мен оларға былай деп айттым: «Мүмкін, сіздер мені теледидар арқылы көргенсіздер, бірақ дәл қазір сіздердің мойындарыңызға ауыр емес жүк артылып тұр: мені қалай болса да, бірақ Қазақстанға жеткізу керек боп тұр». Олар ұшақ есігін жауып тұрып, біраз ойланып отырды. Нәтижесінде, бірінші қатардағы топырақты тасымалдауға арналған орындарда бізді орналастырды. 

Таңертең біз Алма-Аты қаласына да жетіп қалдық. Мен жұмысқа барғанда, бұрынғы кеңестік республикалардың басшылары жиналды. Құжатты біз күні бойы әзірлеп отырдық. Осы кезде не компьютер, не басқа заманауи технологиялар болмады. Баспа машинкасының көмегімен жұмыс істедік. Жобамыздың атауы да болмады.

Қазақстандағы АҚШ елшісі У. Кортнимен 

Осымен жұмысым бітпеді. Елбасымыз мені шақырып жаңа достастықтың жұмыс ұйымдастыру керектігін айтып, жоспарланатын жаңа саяхатымды да айтып кетті. Осылай, мен қайтадан Мәскеу — Беларусь елі... сол бұрынғы бағытымен ұшып кеттім. Беларусь мемлекетінде біз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының жобасын ұсындық. Қазақстан өзінді бастамашыл ел ретінде көрсетіп отырды: алғашқы Азаматтық кодекс, экологиялық заңнама мен басқа нормативтік-құқықтық актілер. Олар ТМД аясында базалық (негізгі) құжаттар ретінде қолданылып жүрді.

— Тәуелсіз Қазақстан Конституцияны қабылдаған кезде біздің көршілес елдерімізде — Ресейде, Беларусь Республикасында осындай Негізгі заң қабылданды ма? 

— Біз Конституциямызды біз кезде қабылдадық деп айтуға болады. Әрине, әрқайсымыз шетелдіктер тәжірибесін зерттеп отырды. Қазақстанның алғашқы Конституциясында қоғамдағы барлық емес мәселелер шешілді. Бұл өтпелі кезеңнің Конституциясы болды. Ол қоғам мен ағымдық заңнаманың тұрақты дамуына ықпал етті. Әлем бізге қарап отырды, сондықтан да Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заң) өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туындады. 

1993 жылғы Конституция Мемлекеттік егемендік туралы Декларациясы және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының негізінде қабылданды. Барлық заңның негізгі принциптері осы екі дәуір құжатында болды. Конституция біздің тәуелсіздігіміздің қалыптасуына және елдің дамуы мен нығаюына негіз болды. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған соң тұңғыш Конституциясын 1993 жылы 28 қаңтарда қабылдады. Қазақстанның 1993 жылы қабылданған Конституциясында билік бөлінбеді. Президенттік билік жүйесі болса да, онда Жоғарғы Кеңестің өкілеттігі жоғары боп қалды және бұл қайшылықты шешу тетіктері болмады. Сол себепті саяси тәуекел болып, сол кездің өзінде Конституцияны қайта жасау керектігі түсінікті болды. Осы мақсатта 1995 жылғы Конституция қабылданды. Ол жаңа өмірдің барлық жағдайларын есепке алды. 

— Тәуелсіздік Декларациясы қалай жазылды? 

— Мемлекеттік егемендік туралы декларацияны жазу үшін арнайы комиссия жұмыс істеді. Содан кейін комиссияны басқару құқығы заң ғылымдарының докторы Сапарғалиев Ғайрат Сапарғалиұлыға берілді. Өкінішке орай, Ғайрат Сапарғалиұлы енді бұл дүниеде жоқ... Жұмысшы тобының құрамы өте қызық болды: үкімет өкілдері, Сыртқы істер министрі, үкіметтік емес мекемелердің мүшелері, белгілі ғалымдар. Комиссия мүшелерінің әрқайсының алдында таза парақ жатты. Біз «Жоба. Тәуелсіздік Декларациясы» деп қолмен жаза отырып, осылай жұмыс істедік. Барлық заңдарды қолмен жазып, кейін баспаға тапсырдық. Жұмысшы топтарының арасында жұмыс бағыттары бөліп берілген, мысалы: Сыртқы істер министрлігінің мәселелері, ел қорғанысы, экономика және әлеуметтік саланың мәселелері. Мемлекетіміз қандай бола алатынын көзге елестетіп көріп, соны қағазға түсіріп отырдық. 

Осы кезде Парламент мүшелері күн сайын саған 22.00-ге дейін жұмыс істеп отырды. Осыдан кейін күн тәртібін құру, Төрағасына бару, құрылымдық ұйымдардың басшыларын шақыру, оларға Парламент аппараты түнде жұмыс істейтінін айту керек болды... Ал таңертең депутаттар келгенде, олардың жеке жәшіктерінде болатын отырыс бойынша құжаттар жатты. Кейін, екі палаталы парламенттік жүйеге көшкенде, біз кешкі сағат 18.00-ге дейін жұмыс істеп отырдық. 

Бүгінде сол кездегі адамдардың зор қызметі ұмытыла бастады. Депутат корпусында Жоғарғы Кеңестің (кейінгі кезде Парламент) қызметкерлері ерінбей еңбек еткен... Олар уақытпен санаспады... Жұмыс күні аяқталғанша олар алғашқы жазылған құжаттарды тапсырды, ал таңертең комиссияның барлық мүшелері дайын құжаттарды қолына алды. Осыдан кейін, кейбір құжаттар қабылданды, және оларды көшіріп, Елбасыға дайын құжатқа оның қолын қою үшін салып жіберетінбіз. Таңертең соның барлығын қайтадан оқып болғаннан кейін комиссия Төрағасы және премьер-министр, кейін Президентке қол қоюларын үшін беріп жіберетінбіз. 

Біз жұмысты сүйіп істейтін болдық, ештеңеден қорықпай, жаңа заңдарды қабылдап отырдық. Екі палаталы Парламент құрылғанша Президент отырыс залында үнемі отырды, өйткені жаңа заңдар және құқық нормалары (реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберiнде көп мәрте қолдануға есептелген, жеке дара айқындалмаған тұлғалардың тобына қолданылатын, тұрақты немесе уақытша сипаттағы жалпыға мiндеттi жүріс-тұрыс қағидасы) қабылданылыпп жатты. Осылай, Елбасы өзінді дана адам және тамаша стратег ретінде көрсетті. Жұмыс кезеңі аяқталмай қалды, ал ол былай деп айтты: «Жаңа астанаға көшіп кетеміз»... Немесе интергация (субъектілерді біріктіру, олардың арасындағы байланыстарды дамытып, өзара ынтымақты іс-қимылын тереңдету), бұл да Елбасымыздың жетістігі. Міне, көптегендер көре алмайтын тұстарды Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болжамдап айтты. 

Адамдар сайлауға барғанда, тарихтағы тұлғаның рөлін білуге тиісті. Өйткені, билікке келген адам не жасампаз (жасаушы), не бұзушы болады. Елбасымыз — жасампаз тұлға, ол біздерді жалықпай еңбектенуіне шақырып, өзі де мемлекет игілігіне ерінбей қызмет атқарып жүр.

Людмила Выходченко