Көне ғимараттар. Көпес Каревтің үйі
Орал қаласындағы Александр Каревтің үйін бәрі біледі, өйткені бұл көпке белгілі ғимарат 100 жылдан астам уақыттан бері қаладағы мәдени орталықтың бірі болып табылады.
e-history.kz порталының тілшілері «Көне ғимараттар» деп аталатын жаңа айдарды бастап отыр, мұнда республикамыздағы атақты ғимараттардың тарихы, олардың иелері мен қазіргі кездегі жай-жапсары баяндалады. Өткеннің куәгері саналатын ғимараттардың мекенжайын бәрі біледі, өйткені олар бұрыннан бағдарларға мен жылы кездесулердің орындарына айналып кеткендіктен бұл көпшілік қызығушылығын тудыруы тиіс.
1900 жылы Орал қаласындағы Үлкен Михайлов және Мостовой көшелерінің қиылысында ірі ғимарат орналасқан. Осы кездегі уақытта ол үп-үлкен ғимарат болып саналған.
Қазіргі кезде-де оның көлемі өзіне бірден назар аударып келеді. Ол орамның (қаланың бірнеше көшелердің қиылысымен шектелген бөлігі) бүкіл алаңын алып жатқан. Оның биіктігі үш жоғары тұратын қабатпен теңеседі. Ғимараттың төбесін биік мұнарамен салыстыруға болады, өйткені өзі-де сондай биік болып көрінеді.
Бұл үйдің нөмірін және ол орналасқан көшесін анықтап алу мен сұраудың қажеті жоқ. Жүз жылдан астам уақыттың ішінде ғимарат көпес Каревтің (қожаларының) тегін иеленген. Каревтің үлкен үйі XIX–XX ғасырлардың бойында Орал көпестерінің күші мен беделін білдірген.
Фасадтың күнқағарында ғимараттын салынған жылы көрсетілген — 1900 жылы. Өсек пен лақаптарға құлақ ассақ, құрылыс жұмыстары болған кезде құрылысқа арналған орман, яғни, ағаштары, төменгі жағынан арамен кесілген болатын… Соның салдарынан үй иесі қайтыс болды.Құрылысты оның әйелі Д. Ф. Карева аяқтаған. Ол жігерлі адам болды, бірақ 1919 жылы Серебряково ауылында кезікпен ауырып қалып, қайтыс болды.
1917 жылы Каревтің үйінде электр шамдар қосылды. Олар дүкендердің витриналарын жарықтандырды. Мостовой көшесінде орналасқан электр станциясының қуаттылығы Караевтің Үлкен мен Кіші (қазіргі кездегі банк ғимараттары) үйлеріне және Овчинниковые үйіне, коммерциялық клуб, атаман үйіне және Коммерциялық банктен Большой Михайловский (Үлкен Михайлов көшесі) көшесіне дейінгі аймақты қамтыған жерге ғана жеткілікті болды.
Жалпы Каревтер тұқымы бұл үйде тұрмаған, оны жалға, қонақ үйге өткізген. 2000 жылдағы үйдің сырлауына дейін оның солтүстік жағында қара бояумен «Нөмірлер» деп жазылған. Иә, бастапқыда мұнда қонақтарға арналған нөмірлер болған. Екінші қабатта 1871 жылдың өзінде ашылған кітапханасы бар офицер жиналысы орналастырылды (1909 жылы ол әскерлерден қайта жасалған), үшінші қабат қонақүйлік нөмірлер ретінде пайдаланылды. Кейін екінші қабатта коммерциялық клуб орналасқан. 1914 жылы үйдің жоғары қабатына 1912 жылы ашылған ерлер гимназиясы орналасты.
Ғимараттың астыңғы қабаттары сауда, кіріс үйіне арналды.
1908–1909 жылдары екінші қабаттағы залда «Электро — Биоскоп Пате» және «Париждық кинематограф» жұмыс істеді.
Фильмдер рояльдің және скрипканың сүйемелдеуімен өткен. Билеттердің бағасы қымбат: 20–40 тиын, ал ложада — 50 тиын. Осы кезде базардағы көксеркенің бағасы 5 тиын, тарының бір қадағы 2,5 тиын, ал қара уылдырықтың бір қадағы 90 тиын құрған. Балалар мен оқушылар билеттері екі есе арзан болды. 1919 жылғы Қызыл әскерлердің қаланы қорғау кезеңінде атаулы ғимаратта ерікті жұмысшылар дружиналары жасақталды. Мұнда қиын күндерде алынған Лениннің жеделхаты оқылған. Жеделхат Орал қорғандарына арналған болатын.
1919 жылғы 14 желтоқсанда Карев үйінің екінші қабаты Карл Маркс атындағы Еңбек сарайының пайдалануына берілді.
1934 жылғы ОК-інің мен Ленинград облыстық партия комитетінің хатшысы С. М. Кировтың өлімінен кейін елде оның есімін халықтың есінде мәңгі қалдыру мақсатын көздеген шаралар басталды. Осы кезде Каревтің үйі өз атауын өзгерген. Енді ол Кировтың үйі деп аталып кеткен. Оған іргелес Мостовой көшесі Кировский көшесі деген жаңа ат қойылған. Киров бұл жерде ешқашан болмаса да, ол туралы тіпті ешкім естімеседе, Қазыналық әскери бақшаға да Кировтың есімін берілген.
Ұлы Отан соғысы жылдары бұл жер әскери госпиталь болды. Үшінші қабат қонақ үй болып қала берді. Мұнда Орал қаласына келген көптеген даңқты совет жазушылары: П. Н. Вершигора, Н. И. Рыленков, Е. Н. Пермитин, Т. М. Жароков, Г. М. Мүсірепов, Х. Есенжанов, А. И. Алдан-Семенов, И. П. Шухов және басқалар мейман ретінде тоқтады. Қазіргі кезде Каревтің үйінде облыстық филармония орналасып жатыр, ал 1944 жылы оған облыстық кітапхана қоныс аударды.
Көпесі Каревтың үйіндегі облыстық кітапхана
Каревтің үйіндегі облыстық кітапхананың залы
Бүгін Каревтің үлкен үйі — «ақыл-ой мен жанның үйі». Үйдің бір жағында адамдар кітаппен үнсіз сөйлесіп отырса, оның басқа жағында белгісіз жанның жүрген-тұрғаны көрінгендей болары бек мүмкін…
Мақала Uralsk.info порталымен бірлесе дайындалды.
Тарихи, мәдени, архитектуралық ескірткіштер болып саналатын ғимараттар жайлы мақалаларыңыз болса фотосуреттерімен қосып kaz.ehistory@gmail.com электронды адресімізге жіберсеңіздер болады.