Алматы облысында XXIII облыстық ғылыми-тәжірбиелік конференция болып өтті
01.03.2014 1117
2014 жылдың 1 наурызында Алматы облысы Есік кентінде, ҚР Білім және ғылым министрлігі, Н.Назарбаев қоры, ҚР Кіші ғылым академиясының ұйытқы болуымен ғылыми-тәжірбиелік конференция болып өтті.

2014 жылдың 1 наурызында Алматы облысы Есік кентінде, ҚР Білім және ғылым министрлігі, Н.Назарбаев қоры, ҚР Кіші ғылым академиясының ұйытқы болуымен XXIII облыстық ғылыми-тәжірбиелік конференция болып өтті. Конференцияда Алматы облысының оқушылары мен студенттерінің 450 ғылыми баяндамалары оқылды.

ҚР БҒМ Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының Бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., А.У.Тоқтабай «Этнопедагогика» секциясының, ҚР БҒМ Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері, т.ғ.к., А.С.Уалтаева «Тарих» секциясының төрағасы болды. Қатысушылар тарапынан «Этнопедагогика» секциясында 14, «Тарих» секциясында 12 баяндама оқылды.

Ғылыми жұмыстар бес талап бойынша: өзектілік, жаңашылдық, өз ойы, ғылыми маңыздылығы мен жұмысты таныстырылуы бойынша бағаланды.

Әрбір ғылыми жұмысқа түсініктемелер мен ұсыныстар беріліп, қойылған баллдар тиянақталып, жұмыстардың кемшіліктері мен жетістіктері ескеріліп, ғылыми жұмыстардың жетекшілерімен әңгімелесулер өткізілді.

Үздік баяндамалар І және ІІ-ші дәрежелі дипломдармен марапатталып, КҒА Республикалық конференциясына ұсынылды. Өзге қатысушылар алғыс хаттар мен мақтау қағаздарына ие болды.