ШҚО-да көне қорғандар су астына кетіп барады
02.10.2013 2872
Бұл ерекше жер. Онда ел тарихын толығырақ зерттеу үшін септігін тигізетін үлкен ғылыми маңызға ие артефактілер бар.

Шығыс Қазақстан облысы Шүлбі су қоймасының суларына көне қорғандар батып барады, деп хабарлады BNews.kz тілшісі.

«Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бетқұдық ауылына жақын жерде мола орналасқан. Ол жерде қола, темір ғасыр кезеңдерінде өмір сүрген адамдар жерленген, ал оның жанында бұрынғы көшпелі кезеңнің көптеген қорғандары бар. Бұл ерекше жер. Онда ел тарихын толығырақ зерттеу үшін септігін тигізетін үлкен ғылыми маңызға ие артефактілер бар. Өкінішке орай, Шүлбі су қоймасы жыл санап жан жаққа жайылып барады. Қорғандар су астына кетіп жатыр. Онымен бірге бірегей заттар да жойылуда», - деді облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы бөлімінің меңгерушісі Галина Петенёва.


Дерек көз: bnews.kz