«Қазақстан тарихы» порталына 10 мыңнан астам адам кірген
02.10.2013 2085
Әлемнің 55 елінен де порталға кіргендер тіркелген. Көшбасшылар қатарында Ресей, АҚШ және Ұлыбритания.

«Қазақстан тарихы» порталына 10 мыңнан астам адам кірген, деп «KAZNET Media» ЖШС директоры Данияр Сүгіралинов мәлім етті.

Портал 25 қыркүйекте іске қосылды, осы күнге дейін 10 мыңнан астам адам кіріп, жаңа сайтпен танысқан. Бұл жөнінде ұлттық тарихты реформалау мәселелеріне арналған баспасөз мәслихатында Данияр Сүгіралинов хабарлады.

«Порталға кіргендердің төрттен бір бөлігі Алматы қаласының тұрғындары. Осынша астаналықтар да  жаңа веб-порталға қызығушылық танытқан. Тарих қызықтыратын көшбасшы бес қаланың қатарында, сондай-ақ Теміртау, Қостанай мен Семей қалалары», - деді ол.

Сонымен бірге әлемнің 55 елінен де порталға кіргендер тіркелген. «Көшбасшылар қатарында Ресей, АҚШ және Ұлыбритания», - деп толықтырды «KAZNET Media» директоры.

 Негізгі бөлімнен басқа, көпшілікке танымал болған «Ежелгі Қазақстан», тарих тақырыбы туралы жаңалықтар, фотобейнегалереялар, кітапхана және ҰБТ тестілеу сервисі.