Д.Қамзабекұлы: Біз қазақ халқының барлық тарихи мәліметтерін жинақтауымыз керек
30.09.2013 2036
Біз барлық тарихи түсініктемелер, терминдер мен мәліметтерді жинақтауымыз керек. Олардың барлығы бөлектеніп жатыр.

Бүгінгі таңда қазақ халқы туралы барлық тарихи мәліметтерді жинақтау қажеттігі туындап отыр. Бұндай пікірмен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, «Алаш» Мәдениет және рухани даму институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы бөлісті, деп хабарлады BNews.kz тілшісі.

«Біз барлық тарихи түсініктемелер, терминдер мен мәліметтерді жинақтауымыз керек. Олардың барлығы бөлектеніп жатыр. Егер проблемаға объективті түрде қарайтын босақ, біздің отандық тарихшыларымыздың барлығы әр-түрлі жазады. Тарихшы бір нәрсені жазады, оқу құралдарында басқаша айтылады, ал монографияларда басқа мәліметтер келтіріледі. Бұл проблеманы шешу Қазақстан тарихын дамытуға септігін тигізеді», - деді ол.

ЖОО проректорының айтуынша, бұл проблема алдағы он жылда шешімін тапса, онда кейін терминологияда, тарихи мәліметтерде ақтаңдақтар болмайды.

Дерек көз: bnews.kz