Қазақстандық ғалымдар әкелген жаңа мұрағат материалдары
28.09.2013 2266
«Қазақстан тарих толқынында» бағдарламасының аясында Қазақстанның ұлттық тарихына қатысты жаңа мұрағат материалдарын анықтау үшін шет елдерге ғылыми экспедициялар ұйымдастырылуда.

Осы аптада Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалымен өткен Ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының III отырысында Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бөлім меңгерушісі М.Әбусейітова тарихшы-ғалымдардың экспедициялардан әкелген бірқатар жаңа материалдарын таныстырды.

Ежелгі сирия жазуы жазылған түркі ескерткіштері (ХІІІ ғасыр). Ішкі Моңғолия, ҚХР.

Әл-Фарабидің ізбасарлары – Отырар ғалымдарының қолжазба шығармаларының бірі. Стамбұл қолжазба қоры.Түркия.

Ақпарат көзі: http://ortcom.kz