Тасмола мәдениетінің тарихи бұйымдары табылды
19.09.2013 4292
Қарағандылық археологтар қазба жұмыстарының нәтижесінде біздің заманымызға дейінгі VII ғасыр - ерте темір дәуіріне, яғни, Тасмола мәдениетіне тиесілі тарихи құнды бұйымдарды тапты.

Қарағандылық археологтар «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесінде біздің заманымызға дейінгі VII ғасыр - ерте темір дәуіріне, яғни, Тасмола мәдениетіне тиесілі тарихи құнды бұйымдарды тапты.

Алдымен белгілі болғаны - Қарқаралы ауданына қарасты Қызылту елді мекеніндегі қорымнан шыққан үй сәні үшін кішірейтіліп жасалған төрт тағанды құрбандық астаушасы.

Ғалымдар көлемі алақандай ғана тұрмыстық бұйым ырым есебінде өз кезінде ықпалды, дәулетті адамдардың арасында сый-сыяпатқа жүрген деп топшылайды.

Археологтардың екінші зерттеу жұмыстарын жүргізген жері - Ақтоғай ауданындағы 3-ші Тасарал қорымы. Екі ай бойғы ізденістің нәтижесі жаман емес. Ол жерден табылған алтын әшекей бұйымдар да өте шебер зергерлердің қолынан шыққаны көрініп тұр.

Дархан Шашенов, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі:

Алтын салпыншаққа қарасаңыз, қазіргі алтын әшекейлерден айырмасы аз. Тоқылып жасалған. Мына асыл тастар да сол кездегі адамдардың осындай ерекше әшекей-бұйымдарды қолданғандығын көрсетеді. Сондай-ақ, ежелгі адамдар жабайы өмір сүрді деген жалаң пікірді жоққа шығарады.


Дерек көз: kaztrk.kz