Еуразиялық одақ – Назарбаевтың игі бастамасы
14.03.2019 3190
Биыл Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімге 5 жыл, еуразиялық интеграция идеясына 25 жыл толды.

Осы уақыт ішінде одақтас мемлекеттер ішінде капитал, нарықтық қызметтер, тауарлардың еркін қозғалысы  тиімді қамтамасыз етіліп, жоғары экономикалық одаққа айналып үлгерді. Ол туралы одақтас елдердің БАҚ (Бұқаралық ақпарат өкілдері) өкілдері өздерінің газет-журнал, телеарна, сайт беттерінде жиі айтып та, жазып та келеді.

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы Одаққа мүше мемлекеттер экономикаларының қарқынды дамуына ықпал ете алды. Еуропалық одақ секілді одақтас елдердің ынтымақтастыртарын арттыра алғаны анық. Әлі де болса сол идеяның мақсатында ынтымақтастықты арттыру көзделіп отыр.

Тарихқа сәл шегініс жасайтын болсақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық идеясы ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастау алады. Яғни 1994 жылдың 22 наурыз күні Елбасы Британдық Королдік халықаралық қатынастар институтында (Chatham House) сөз сөйледі. Онда ҚР Тұңғыш Президенті  «ТМД-мемлекет емес, ұлттық құрылым емес, қалыптасқан жағдайларда өңірлік қарым-қатынас жасаудың табиғи механизмі екенін түсінгеніміз жөн», - деп түсіндірді. Осы пікірінен-ақ ТМД елдер үшін  жеке ұлттық мемлекет құру бағыты ғана емес, олардың одақтастық мақсатта бірігу механизмі маңыздырақ болды. Ол айналып келгенде ең бастысы – экономикалық интеграцияға тәуелді екенін айғақтағандай.

Елбасы Британдық Королдік халықаралық қатынастар институтында сөйлеген сөзінен соң, тура бір аптадан кейін 1994 жылдың 29 наурыз күні Ресей Федерациясына сапары кезіндегі М. Ломоносов атындағы ММУ-нің профессорлар-оқытушылар құрамымен кездесуінде мемлекеттердің Еуразиялық Одағын қалыптастыру туралы идеясын кеңінен тарқатып ашты.

Елбасы Н.назарбаев «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы, 27 қазандағы санында «Еуразиялық Одақ: Идеядан болашақтың тарихына» атты мақаласында: «1994 жылдың наурызында мен ТМД кеңістігінде сапалық жаңа интеграциялық бірлестік – Мемлекеттердің Еуразиялық Одағын құруды тұңғыш рет ұсындым. Бұл идеяны мен М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің академиялық аудиториясын-да кездейсоқ жариялаған жоқпын. Мен ТМД құрылғаннан кейін екі жылдан соң-ақ пайда болған көп қырлы интеграциялық үдерісті тығырықтан шығару жөніндегі берік шешіммен бүкіл Достастықтың интеллектуалдық элитасына тікелей ұсыныс жасадым.

Мен ТМД-ның уақыттың объективті талаптарына жауап бермейтінін және мүше мемлекеттердің біздің халықтарымыз аса мұқтаж болып отырған интеграциясын қамтамасыз ете алмайтынын ашық айттым. Сондықтан неғұр-лым нақты принциптерде іс-қимылдар жасайтын жаңа мемлекетаралық білместік құру қажеттігі пісіп-жетілді»,- Н.Әбішұлы.

ТМД-ның барлық елдерінің тең құқықтары мойындалатын тәуелсіздік жағдайында, оның пікірінше, Еуразиялық кеңістікте жаңа бірлестік құрудың алғышарттары жасалды. «Мен оны Еуроазиаттық емес!- Еуразиялық одақ деп атар едім», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.  Және де сол сөзінде  «ешқандай ескі Одақ қайтадан құрылмайды. Ешқандай империя қайтып келмейді» деп айтылды.

Елбасының ұсынуымен Еуразиялық экономикалық одақ құрылғанда экономикалық прагматизм әдістемесі негізге алынды. Яғни, біздің елдерге одақ шеңберінде жұмыс жүргізу аса тиімді болды.

Экономикалық прагматизм әдістері салалық өңдірістерде жемісін бере бастады. Жекелей тарқатып айтар болсақ, машина жасау, металлургия, автомобиль  құрастыру, киім тігу, металл өнімдерінің өндірісі, жиһаз өнеркәсібінде біршама өсім байқалады. Одақ ішінде сауда жасайтын кәсіпорындардың айналым қаржысы да артты. 

Мұндай формат кеңестік кезеңнен кейінгі Қазақстанның интеграциялық процестерде өсу әлеуетін ашып көрсетуге мүмкіндік береді.  Сол кезеңдерде Орта-Азиялық одақ, Кеден одағы, Белорусь пен Ресейдің екіжақты қауымдастығы секілді құрылымдар қалыптасты.

Осы қадамдар 2000 жылдың 10 қазан күні мемлекет басшыларының Астанада Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕурАзЭҚ) – Кедендік одақ (КО), Біріңғай экономикалық кеңістік (БЭК) және әлемдік сауда-экономикалық жүйеге бірігу түріндегі нақты функционалдық құрылымы, тиімді жұмыс механизмдері, айқын және түсінікті мақсаттары бар халықаралық ұйым құруға мүмкіндік берді.  Осылайша, 2014 жылдың 29 мамыр күні Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа қол қойылды.

2014 жылдың 4 желтоқсан күні Армения парламенті елді ЕАЭО-қа қосу туралы шартты бекітті.  2014 жылдың 23 желтоқсан күні Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында Қырғызстанды ЕАЭО-қа қосу туралы шартқа қол қойылды.

2015 жылдың 1 қаңтар күні Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы шарт күшіне енді.  2015 жылдың 2 қаңтар күні ЕАЭО-қа Армения ресми түрде енді.   2015 жылдың тамыз айында Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіру рәсімі аяқталды.  Осылайша, ширек ғасыр бойына Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық идеясы экономикалық интеграцияның стратегиялық негіздерін көптеген онжылдықтарды алға салып, уақыт талабына сәйкес дамып келе жатыр.

Қазіргі таңда экономикалық, интеграциялық үдерістер жүрмейінше, халықтың әл-ауқатын көтеру мүмкін емес. Тәуелсіздігімізді сақтай отырып, басқа елдермен келісімшарт жасасып, өз мүддемізді қорғап, басқалардың мүддесіне тиіспей, ортақ шешімге келудің маңызы зор. Мұны таяуда құрылған Еуразиялық одақ қамтамасыз ететін болады.

Сөз соңында айтарым ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен бастау алған Еуразиялық экономикалық одақ мәселесі ары қарай жалғасын табары сөзсіз. Дегенмен одақтас елдердің туризм саласында, білім беру саласында, Одақтас елдердің достық мәртебесі жайында әлі де тыңғылықты жұмыстар жүйеленсе. Олардың Одақтас елдердің БАҚ-да жазылып, насихатталса деген ойдамын.