Если нация не знает своей истории, если страна теряет свою историю, то после нее они сами могут легко исчезнуть.
Миржакып Дулатов

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ

3916
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ  - e-history.kz
2008 жылдың жаһандық экономикалық дағдарыс әлемдік экономиканы Қазақстанның өнеркәсіптік және әлеуметтік әлеуетін белсендіру арқылы нығайтудың жаңа тәсілдерін іздестіру міндетін алға қойды

Республика адами капиталдың теңдестірілген тұрақты дамуы негіздеріне назар аудара отырып, стратегиялық дамуды жоспарлау тәсілдерін өзгертті. Экономиканың қалыптасқан құрылымы соңғы дағдарысқа дейінгі жылдары (2008 жылға дейін) елдің экономикалық өсуінің оң қарқынмен қамтамасыз етуге; жаһандық экономикаға ену және бірқатар халықаралық ұйымдарға қатысу үшін жағдай жасауға; қаржы қорларын құруға мүмкіндік берді.

2009 жылы Қазақстан «оң даму қарқыны бар елдер қатарына» енді. Республикада 400 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды, Ұлттық қордың жалпы халықаралық қорлары мен активтері 25 есеге өсті. Экономикалық дамудың орын алған үлгісі ақыр аяғында кейінгі онжылдықта экономикалық реформалар жасау негізіне айналды. Жаңа экономикалық айналым қарсаңында тұрған Қазақстан ХХI ғасырдың алғашқы онжылдығының аяғында өзінің күшін теңдестірілген әлеуметтік-экономикалық және адами даму жағдайларын жасауға, экономиканы индустрияландыру және жетілдіру міндеттерін шешуге, табиғи қорлар мен экономиканың бәсекеге қабілетті салаларын пайдалану тиімділігін арттыруға бағыттады. Макроэкономикалық тұрақтану үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың басымды бағыттарын жүзеге асыру үшін қуатты негіз жасады. ЖІӨ көрсеткіштерімен, инфляция деңгейімен, халықаралық ақша қорларының серпінімен және т.б. сипатталатын жағдай экономикалық даму сапасын көрсетеді және әлеуметтік сала даму бағыттарын негіздейді.

2011 жылы шынайы ЖІӨ өсімі 7,5% құрады, бөлшектік сауда айналымы 12,5% есеге өсті, мемлекеттік табыс өсімі 11% құрады, бұл ретте шаруа қожалықтары шығындарының шынайы өсімі – 10,96%. Кейінгі онжылдықтағы Қазақстан үшін негізгі ерекшелік қабылданған стратегиялық бағдарламалар, сондай-ақ 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың бесжылдық жоспары негізінде экономиканы жүйелі және құрылымды қайта құру болды. 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстандағы үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы (ҮИИДМБ) және Индустрияландыру картасы экономиканы әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы оның тұрақты дамуын және теңестірілген өсуін қамтамасыз етуге бағытталды. 2011 жылы экономиканың шикізаттық емес секторына қосымша $2 млрд шетелдік инвестициялар тартылды, бұл индустриялық бағдарламалардың, инфрақұрылымның және бірлескен кәсіпорындардың ондаған нысандарын пайдалануға үшін беруге мүкіндік жасады. ҮИИДМБ тиімділігінің кешенді көрсеткіші еңбек өнімділігі болып табылады.

Осы бағытта «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы дағдарыстан кейінгі даму кезеңінде ұлттық кәсіпкерлік пен іскерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталған. Бағдарлама үш бағыт бойынша міндеттерді жүзеге асыруды көздейді: жаңа бизнес-бастамаларға қолдау көрсету, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, экспортқа бағытталған өндірістерді қолдау. Осы бағыттардың барлығы экономиканың шикізаттық емес секторларында аймақтық кәсіпкерлікті тұрақты және теңестірілген өсімін қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын құру міндеттерін шешеді.

2013 жылдың аяғына қарай Индустрияландыру картасы өзектендіруді қоса алғанда 11,5 трлн теңге сомасына 872 жобаны қамтыды, ол құрылыс кезеңіне 228 мың жұмыс орындарымен және пайдалануға беру кезеңіне 192 мың жұмыс орындарымен қамтамасыз етті. Индустриялық жобалар бірінші кезекте агроөнеркәсіптік кешен, құрылыс индустриясы, мұнайды қайта өңдеу, металлургия, химия өнеркәсібі және фармацевтика, энергетика, көліктік және телекоммуникациялық инфрақұрылым секілді басымды салаларда жүзеге асырылды. Индустриялық-инновациялық даму нәтижесінде өңдеу өнеркәсібінің тұрақты дамуы байқалды. Қазақстанда алғашқы рет электр модульдерінің өндірісі құрылды, жаңа сала – көліктік машина жасау пайда болды. Алғашқы онжылдық аясында автомобиль және ұшақ жасау, тепловоздар, жолаушылар және жүк вагондарының өндірісі құрылды. ҮИИДМБ жүзеге асыру басталғаннан бері игеру өнеркәсібінің көрсеткіштері айтарлықтай өсті. 2008 жылдан бастап мұнай-газды қайта өңдеу өндірісі - 5,1 есеге, мұнай кәсіпшілігі – 3,2 есеге, ауылшаруашылық техникасы – 2 есеге өсті. Еңбек өнімділігі 4 жыл ішінде 1,4 есеге артты: бір жұмысшыға $38 мыңнан $50 мыңға дейін.

Экономикада орын алған процестерге сарапшы, экономист Михаил Хазин оң баға берді: «Қазақстан дұрыс саясат жүргізіп отыр. Республикада белсенді индустрияландыру жүргізілуде, оның арқасында Қазақстандағы экономикалық жағдай дағдарыс жылдарының өзінде тұрақты болмақ». Осындай пікірді РФ Президентінің аймақтық экономикалық интеграция жөніндегі кеңесшісі РҒА академигі Сергей Глазьев те білдірді. Ғалымның айтуынша, Қазақстанның экономикалық даму моделі мемлекеттің стратегиялық дамуға жауапкершілікті өзіне алуға ниеттенуімен либералды макроэкономикалық ортаның тамаша үйлесімімен ерекшеленеді: «... Қазақстан 2020 жылға дейін елдің стратегиялық даму жоспарын орындауға мүдделі және сәйкесінше инвесторлар қызметін индустрияландыруды дамытуға бағыттауға, басымдықтарды айқындауға және ол үшін тиісті жеңілдікті жағдайлар жасауға тырысады. Осындай жоспардың болуы және оны орындау тәртібі Қазақстанда экономикалық белсенділікті сақтау және көтеру үшін маңызды ынталандырушы шара болды». Сарапшылардың, талдамашылардың, саяси қызметкерлердің оң пікірлеріне қарамастан ҮИИДМБ алғашқы кезеңін жүзеге асыруда олқылықтар орын алды.

Бұл жөнінде мамандар да, саясаткерлер де ашық айтты. Инвестициялардың тиімділігін зерттеу жөніндегі агенттіктің директоры Е. Хасенбеков бір сұхбатында жекелеген жобалардың нашар орындалу себептерін айтып өтті. Оның пікірінше, ол негізгі проблемасы – жеткіліксіз пысықтау болып табылатын факторлар жиынтығында жатыр. Жауапкершілік мәселесін ол аймақтық деңгейге көшіреді, кінә сонымен қатар әлсіз ведомствоаралық, салааралық үйлесімге, техникалық және инженерлік кадрлардың талап етілетін біліктілік деңгейінің жоқтығына, мониторингтің сапасыз жүйесіне жатқызылды. Экономист О. Құдайбергенов ҮИИДМБ орындау жағдайына жақсы талдау жасайды. Ол құжаттың ауқымдылығын ескере отырып, ҮИИД МБ орындаудың 1-кезеңіндегі үш әлсіз жақтарын атап көрсетті: біріншісі – жемқорлықпен орын алған жалпы мемлекеттік жағдай, әсіресе шетелдік инвесторлар бар жобалар бойынша; екіншісі – тұтынушылық жобаларға зиян келтіре отырып, өнеркәсіптік өнімді шығаруға баса назар аудару. «Халық қазақстандық өнім болған кезде ғана индустрияландыруға сенетін болады. Бірақ бұл олқылықты түзетіп, орындауға болады»; үшіншісі – бұл әлсіз қаржыландыру. Жыл сайын бюджеттен индустрияландыруға уәде етілген 1,2 триллион теңге іс-жүзінде 30-40 млрд. теңгеге айналды.

Бұдан басқа, Ұлттық банк инвестиялық жобаларды төменгі қойылыммен ұзақ мерзімді қаржыландырумен қамтамасыз етпей, ҮИИД МБ-нан алшақ кетті. Барлық билік құрылымдарында бағдарламаның және оны жүзеге асырудың жағымды жақтарымен қоса әлсіз жақтары да талқыланды. ҮИИД МБ жүзеге асырудың алғашқы кезеңін қорытындылай келе, Парламент Мәжілісінің депутаттары бағдарламаны жүзеге асырудағы кемшіліктерді атады. Мысалыға, депутат Г.Қарағұсова, ҮИИД МБ бірінші кезеңін жүзеге асыруға көптеген бюджеттік қаржылар жұмсалғанын, оның ішінде инвесторлардың қаржылары жұмсалғанын, бірақ 5 жыл ішіндегі экономикалық нәтижесі белгісіз екенін атап өтті. 2012 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Президенті «Қазақстан-2050» жаңа стратегиясында жаңа мақсаттар мен міндеттерді белгіледі, олардың ішінде ҮИИД МБ ерекше көңіл аударылған. 2013 жылдың 23 қаңтар күні Президент Үкімет жұмысының 2012 жылғы қорытындысы жөніндегі мәжілісте ҮИИД МБ жүзеге асыру барысын қатаң сынға алды. «2012 жылы жалға берілетін пәтерлерді салуға республикалық бюджеттен 17 миллиард теңге бөлінген болатын. Әкімдіктердің игермеген қаржы мөлшері 2,5 миллиард теңгені құрады. Бұл не сонда? Ақша бар, бірақ ол игерілмейді. Неге олай?». Осы мәжілісте Мемлекет басшысы Үкіметке 2016-2019 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдық (2-кезең) жобасын әзірлеу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Президенттің алға қойған мақсаттарының ішінде инновациялық индустрияландыру тренді басымды бағыт болып белгіленді. 2 кезең үшін индустрияландыру басымдықтарының саны шектелді. Дәстүрлі игеруші сала басымдық артықшылығын сақтады. Көп ғылыми қамтымды салалар – электроника, лазерлік техника, коммуникациялық және медициналық жабдықтар үшін олардың маңыздылығы ескеріле отырып, сирек кездесетін металдар игеруге қолдау көсретілді. Президент Үкіметке индустрияландырудың екінші бесжылдығы жоспарын «Бизнес-2020» Жол картасымен бірлестіруді тапсырды. Үкіметке Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, бастаушы бизнесмендерге әдістемелік көмек көрсетудің тиімді механимздерін жасау ұсынылды. ҮИИД МБ 1-кезеңінің аясында 2014 жылдың сәуір айында 800 кәсіпорын іске қосылды, 700 миллиард теңге бөлінді, 150 мың адам жұмыспен қамтылды. Бағдарламаны жүзеге асыру арқасында дағдарыс кезінде жұмыс орындарын сақтап қана қоймай, жаңаларын ашуға мүмкіндік болды. Бірінші бесжылдық барысында жіберілген қателіктер екінші кезеңнің жоспарын, қаржыландыру қағидаларын түзейді.

Осылайша, қаржылардың 80% басымды секторларға бағытталатын болады, ал қалған 20% – бірқатар жағдайлар сәйкес келген жағдайда басқаларына бағытталатын болады. 2014 жылдың 1 тамыз күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы жарлыққа қол қойды. Бағдарлама «Қазақстан-2050» стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарына және Қазақстанның дамыған 30 ел қатарына кіру тұжырымдамасына сәйкес әзірленді.

Ол 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жалғасы болды. Бағдарламаның негізгі мақсаты игеруші өнеркәсіптің әртараптануын және бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ыныталандыру.

Осылайша, бағдарламаның екінші кезеңін жүзеге асыру 2019 жылы өңдеу өнеркәсібінің өндірілген өнімі көлемдерін 2012 жылғы деңгейге қарағанда 43% өсіру; жалпы ішкі өнімді өңдеу өнеркәсібінде 1,4 есеге өсіру; өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін 1,4 есеге өсіру; шикізаттық емес экспорт көлемінің құндық көлемін кемінде 1,1 есеге өсіру; өңдеу өнеркәсібінің энергия сыйымдылығын кемінде 15 % есеге азайту; өңдеу өнеркәсібіндегі жұмыспен қамтылуды 29,2 мыңға дейін өсіру. Бүгін ҮИИД МБ екінші кезеңі бірінші кезеңде қиындық туғызған мәселелерді алдын алады деп үміттенуге негіз бар.

Арман СҮЛЕЙМЕНОВ

Автор:
Опросы
Как вы оцениваете уровень преподавания истории в школах?