Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» – ЖАСТАР ЖОЛЫ

31189
«ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» – ЖАСТАР ЖОЛЫ - e-history.kz

Бүгін сағат 11.00-де Назарбаев университетінде «Көшбасшы бол» жобасы шеңберінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының құрылтай жиналысы жұмысын бастады Іс-шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко, Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, республикалық жастар бірлестігі мен ҚХА жастар қанаттарының басшылары, ҚХА мүшелері, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары қатысты. Конференция барысында қатысушылар рухани жаңғырудың және Президенттің 5 әлеуметтік бастамасының бағыттарын талқылады.

Мемлекетік хатшы Г. Әбдіхалықова қазақстандық қоғам үшін жастар саясатының маңызы зор екенін және оған мемлекет тарапынан зор көңіл бөлініп отырғанын айтты. «Ең алдымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» атты республикалық жастар қозғалысын құру жөніндегі бастаманы қолдайтынымды білдіргім келеді. Баршаңыз білесіздер, 2017 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев саяси жүйеде, экономикада және қоғамымыздың рухани саласында ауқымды жаңғыруларды бастап берді. Таяуда Мемлекет басшысы әлеуметтік бес бастаманы ұсынды. Олардың мақсаты - азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, әлеуметтік бірлікті нығайтуға септігін тигізері сөзсіз. Бұл ең алдымен жастардың қамы үшін жасалып жатыр. Дәл Сіздер біршама уақыттан кейін ел дамуының бағытын айқындайтын боласыздар. Сондықтан, «Жаңғыру жолы» атты республикалық жастар қозғалысының құрылуын Қазақстанның стратегиялық бағытында жастарды қолдау деп білемін», - деді Г. Әбдіқалықова.

Қазақтың біртуар батыры Бауыржан Момышұлының «Жиырма жас – тарихи ерліктер жасайтын жас. Осыған әрқашан да әзір болу керек» деген сөзімен баяндамасын бастаған Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н. Ермекбаев жастар қозғалысының болашағына сенім білдірді.

Шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамында құрылған, заңды тұлға болып есептелмейтін «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының негізгі мақсаты – Президенттің – Ассамблея Төрағасының саясатын, ҚХА-ның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша қызметін қолдау үшін жастарды шоғырландыру.

Қозғалыс жетекішісі болып сайланған Максим Споткайдың пікірінше, «Қазақстан Республикасындағы қозғалыстың мақсаттары мен міндеттерін мойындайтын әрбір жас әрі белсенді азамат «Жаңғыру жолының» қатысушысы бола алады». Қозғалыс аясына осыған дейін Қазақстан халқы ассамблеясының қарамағында жұмыс істеп келген ірілі-ұсақты қоғамдық жастар ұйымдары бірігіп отыр.

Форум аясында «Жаңғыру жолы» қозғалысының 2018-2020 жылдарға арналған стратегиясы бекітілді, құрылымы мен ережесі қабылданып, штабы сайланды. Сондай-ақ, өңірлік үйлестірушілері анықталып, іс-шаралар жоспары бекітілетін болды.
 

Заңғар КӘРІМХАН
 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?