Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақ хандығы туралы кітап жарық көрді

30493
Қазақ хандығы туралы кітап жарық көрді  - e-history.kz

Кітаптың тұсаукесері Түркістан өлкесінің тарихын зерттейтін Жүсіп Баласағұн атындағы орталықта өтті. Кітап «Қазақ хандығының құрылу тарихы» деп аталады. Еңбектің авторы – профессор, тарих ғылымдарының докторы Берекет Кәрібаев. Мерейтой қарсаңында шыққан ғылыми еңбекте Қазақ хандығының құрылу барысы мен тарихи кезеңдері жазылады. Сондай-ақ этникалық және саяси мәселелер де терең зерттелген. Автор кітапты шығыс деректерінен алған мәліметтерге сүйене отырып жазған. 

Берекет Кәрібаев, тарих ғылымдарының докторы: - 80-нен астам жазба деректер қолданылды. Оны сұрыптайтын болсақ, тілдік, әлеуметтік, аймақтық принциптер бойынша топтастырылған және ауыз әдебиетінің метариалдары, оның ішінде түркі халықтарының ауыз әдебиеті, қазақ халқының ауыз әдебиеті, шежірелік материалдар және әртүрлі батырлық жырлар, дастандар қолданылады.

http://24.kz/kz/zha-aly-tar/m-denie/item/47169-k-rdi

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?