Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Суретші Бейбіт Әсемқұлдың «Sheksizdik» атты жеке көрмесі ашылады

30482

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде 2016 жылдың 14 сәуір күні сағат 18.30-да суретші Әсемқұл Бейбіттің / BEISEBALA «SHEKSIZDIK» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты болады. Көрмеге суретшінің отыздан астам графикалық туындысы қойылған. Көрме 2016 жылдың 5 мамырына дейін өтеді. 

Бейбіт Асемқұл 1985 жылы Алматы облысының Ұзынағаш ауылында дүниеге келген. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының лауреаты ҚР «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. 

2004 жылы Ә. Қастеев атындағы Республикалық көркемсурет колледжін тәмамдады. 2009 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын бітірген. Жұмақын Қайрамбаевтің шәкірті. 

2012 жылдан ҚР Суретшілер одағының мүшесі 2012 жылдан бері Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер университетінде ұстаздық қызмет атқарып келеді.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?