2016 жылғы 28 наурыздағы сағ. 15.00-де Қазақстан Респубикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «BI Жұлдызай 2016» мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының XI Республикалық фестивалінің басталуына арналған баспасөз конференциясы өтеді. Баспасөз конференциясына шараның ұйымдастырушылары мен серіктестері қатысады.
Ұйымдастырушы – «BI Жұлдызай» корпоративтік қоры. Қорды 2005 жылы «BI-Group» инвестициялық-құрылыс холдингі құрған. «BI Жұлдызай» балалар шығармашылығының республикалық фестивалі жыл сайын Қазақстанның барлық өңірлерінің балаларын біріктіреді. Фестивальдің негізгі мақсаты - мүмкіндігі шектеулі балаларды шығармашылық әлеуметтендіру. 11 жыл ішінде фестивальге 36 583 балалар қатысты. Фестиваль түлектері Bala Tukvisyon байқауының, Белая Трость фестивалінің, 2015 жылғы МУЗ-ТВ сыйлығының қатысушылары және Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің студенттерінің қатарында. Фестиваль жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, сондай-ақ облыстық және қалалық Білім басқармаларының қолдауымен өткізіліп келеді.
Биылғы жылы бірінші іріктеу туры 5 сәуірде басталады. Әділқазы алқасы құрамындағы Қор жетекшілері мен қазақстандық эстрада жұлдыздары еліміздің 16 қалаларын: Алматы, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Қарағанды және Астанада аралап шығады.
Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін: «хореография», «вокалдық орындау», «аспаптық орындау», «әнді ишаралық орындау», «сәндік-қолданбалы шығармашылық», «бейнелеу өнері» номинациялары бойынша бағалайды. Аралық қорытындылар мен жеңімпаздар плэнері республикалық «Балдәурен» балалар лагерінде өткізіледі.
Екінші іріктеу турына өткен қатысушыларды қызық мазмұнды бағдарлама – еліміздің басты сахнасында өнер көрсету, шеберлік сыныптары, экскурсиялар, көрмелер, танымал отандық жұлдыздармен, жаңа достармен кездесу және тамаша мерекелік атмосфера күтіп тұр.
Балалар шығармашылығының республикалық фестивалі дәстүр бойынша Балаларды қорғау күні - 1 маусымда «Қазақстан» Орталық концерт залында тәмамдалады.
Бұл жолғы фестиваль мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жағымды орта жасау бойынша фестивальді ұйымдастырушымен бірыңғай көзқарастағы бірқатар жаңа серіктестермен ынтымақтастықта өткізілуде.
Серіктестер. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізуге барынша көңіл бөліп келеді. Музейдің «Балалық шақтан көзқарас» балалар жобасы 2005 жылдан бастап өткізілуде және шеберлік сыныптары, көрмелер, балалар шығармашылығы фестивальдері секілді түрлі форматтарды қарастырады.
2006 жылдан бастап Музей педагогикасы орталығы «Бала және мәдениет» жобасы аясында «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы» қоғамдық бірлестігі және «Балам-ай» қоғамдық қоры қамқорлығындағы балалар үшін арт-терапиялық сессиялар, арт-тренингтер және шығармашылық кездесулер өткізіп келеді. Түрлі жас мөлшерлік санаттардағы мүмкіндіктері шектеулі келушілер үшін Музей бойынша үйлестірілген экскурсиялар өткізіледі.
2007 жылғы мамыр-маусым айларындағы мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының фестивалі жеңімпаздары мен қатысушыларға арналған көрме Музейдің «BI Жұлдызай» қорымен ынтымақтастығының алғашқы тәжірибесі болды. 2015 жылы болған фестиваль қорытындылары бойынша 2016 жылы «Шексіз шығармашылық» көрмесінің ашылуы болып өтті.
Музей алаңында Балаларды қорғау күні қарсаңында биылғы XI фестивальге қатысушылардың «бейнелеу өнері», «сәндік-қолданбалы шығармашылық» номинациялары бойынша жұмыстарының көрмесін өткізу, сондай-ақ осы номинациялар финалына шыққандарды салтанатты марапаттау жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті 1990 жылғы 3 ақпанда құрылған және 1992 жылғы наурыз айында Халықаралық Олимпиада комитетінің танымалдығына ие болды. ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері, атақты спортшылар спорт тақырыбын және қазақстандықтардың жетістіктерін ерекше атап көрсете отырып, фестиваль қорытындыларын шығаруға және жеңімпаздарды салтанатты марапаттауға қатысады. Астана қ. Балалар Көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубының негізі 1983 жылы қаланды. ЮНЕСКО клубы мәртебесін 2008 жылы алды.
Астана қ. БКСМ - ЮНЕСКО клубының оқытушылары сарапшылар қызметін атқарады және жұмыстарды бағалауға, фестиваль жеңімпаздарын анықтауға қатысады. Вернисаж кезінде Музейде БКСМ тәрбиеленушілерінің қатысуымен фестивальге қатысушылар пленэрі өткізіледі.
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11. тел: 75 12 85, 75 12 14 БАҚ аккредитациясы үшін телефон - 75 12 15 E-mail: museum _08@mail.ru