Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Музейлердің мүмкіндігі молайды

29813
Музейлердің мүмкіндігі молайды - e-history.kz

20.04.15

Елімізде алғаш рет отандық музейлерді ақпараттық және әдістемелік тұрғыдан қолдауға арналған www.kazmuseum.kz сайты ашылды. Бұл туралы идея авторы, музейтанушы Нұрсерік Жолбарыс айтты. — Отандық музейлер ақпараттық қолдау мен әдістемелікке көмекке мұқтаж болып келеді. Қазақстанда музей қызметі туралы жариялайтын кәсіби сайттар мүлде жоқ. Музей мамандары әдістемелік көмек алу үшін өзге тілдердегі сайттардың қызметіне жүгінуге мәжбүр. Біз осы олқылықтың орнын толтыру үшін ақпараттық-әдістемелік сайт ашуды қолға алдық, — деді Н. Жолбарыс. Идея авторының айтуынша, сайтта танымдық тұрғыдан ақпараттар беретін бірнеше айдарлар жұмыс істейді. 

«Сайтымызда еліміз бен шетелдің музейлері туралы ақпарат жариялайтын «Қазақстан музейлері», «Әлем музейлері» және әдістемелік көмек беретін «Маман кеңесі» айдарлары ашылған», — деді идея авторы. 

 Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2015/04/20/58176

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?