Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті Алматы облысының облыстық соты және «Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ Алматы облысының филиалы қатысуымен 2015 жылдың 22-23 мамырында Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығына орай өткізілетін «Қазақстан Республикасының Конституциясы — өркениетті Қазақстанның болашағы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.
Конференция жұмысының бағыттары:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығы: құндылығы, даму стратегиясы.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының гуманитарлық-құқықтық, азаматтық-тұлғалық бөлімдерін түсіндіру.
3. Конституционализм қазіргі және болашақ адамзаттың бүкіләлемдік үлгісі ретінде.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының конституциялық дамуы.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Материалдарды рәсімдеу тәртібі: Баяндама мәтіні (5 бетке дейін) 6.0 (7.0) мәтіндік WORD редакторында «Tіmes New Roman» шрифтімен (шрифт өлшемі – 12, әр жол арасы – 1, барлық жағынан жол жиегі – 20 мм, азат жол – 1.25 см) жазылуы тиіс.
Бастапқы жолдың сол жағында ӘОК индексі жазылады. Келесі жолдың ортасында бас әріппен, майлы бояумен баяндаманың тақырыбы, бір жолдан кейін майлы бояумен автордың аты-жөні, келесі жолға курсивпен мекеме, қала аты, автордың E-maіl адресі жазылады. Бір жолдан кейін негізгі мәтін басталады.
Конференцияға ұсынылатын баяндамада ғылыми зерттеулердің көкейтестілігі, нәтижелері немесе практикалық маңызы ашылуы тиіс.
Баяндаманың электрондық нұсқасы төменде көрсетілген электрондық поштамен, ал қағазға басылған мәтіні төменде көрсетілген мекен жайға жіберілуі керек. Ұйымдастыру жарнасының түбіртегі сканерден өткізілген (jpeg) немесе (pdf) форматындағы нұсқасы электронды пошта немесе факс арқылы ұсынылады.
Аталған талаптарға сәйкес келмейтін немесе белгіленген уақыттан кешіктірілген материалдар қаралмайды және авторға қайтарылмайды. Баяндамамен бірге төмендегідей тіркелу үлгісі жіберілуі тиіс:
Аты-жөні, тегі: ___________________________________________
Ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы: _______________________
Жұмыс орны: ____________________________________________
Мекен-жайы: _____________________________________________
Телефоны, е-maіl: ________________________________________
Баяндама тақырыбы, секциясы: ______________________________
Автордың конференцияға келу мүмкіндігі: _____________________
Баяндама мен тіркелу үлгісін өткізу мерзімі: 2015 жылдың 15 мамырына дейін.
Ұйымдастыру комитеті материалдарды конференцияның басталуына дейін басып шығаруды жоспарлайды. Баяндамалардың конференция жинағына енгізілуі тегін.
Конференцияға қатысуға және жинақ материалдарының жіберілуіне байланысты шығындар қатысушының өз есебінен жүзеге асырылады.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 040009, Талдықорған қ., Жансүгіров көшесі 18 А, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Ғылым және инновациялық технологияларды коммерциализациялау офисі, 3-қабат, 301 каб.
Телефон: (8-7282) 22-17-79 – 1169; 8(705)-726-81-78, 8(778)605-64-43, 8(747)-582-09-06.
E-mail: zhgu_nauka@mail. ru