14.04.15
2015 жылы 15 сәуір күні сағат 14.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс құндылығы» республикалық конференция өтеді.
Шараны Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалы ұйымдастырып отыр.
Конференцияға соғыс және тыл ардагерлері, әскери училищенің курсанттары, ЕҰУ-дің оқытушылары мен студенттері қатысады.
Конференцияда «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы» атты деректі фильм көрсетіліп, аты аңызға айналған «Мемориалдық аймақ» іздестіру бригадасының жетекшісі Майдан Құсайынов «Ақмолалықтар майдан мен тылда» және Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы Талғат Амангелдиев «Әрбір қазақстандықтың ізгі борышы» деген тақырыпта баяндама жасайды.
Сондай-ақ екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, ерлігі еленбеген жауынгерлер туралы тарих ғылымдарының докторы Зиябек Қабылдинов, тыл ардагерлерінің майданға қосқан үлесі жайлы ЕҰУ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Василий Алексеев, дәрігерлерлік көмекке қатысты Ұлы Отан соғысы ардагерлер госпиталінің директоры Әділхан Абдуллин айтып береді.
Конфереция соңы концерттік шарамен жалғасады.