01.04.15
2015 жылдың 2 сәуірінде сағат 11.00 -де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих факультетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған ұлттық мәдениеттердің фестиваль-конкурсы өтеді.
Фестивальдің мақсаты: Қазақстан территориясы мен сырт аймақтардағы этникалық топтардың өзіндік мәдениетін сақтау және танымал ету; Түрлі мәдениет өкілдерінің бір — бірінің дәстүрі мен құндылықтарын құрметтеуге жағымды ықпал ету; Біздің еліміз бен шет елдердегі түрлі этностардың төл мәдениетімен таныстыру.
Фестивальді ұйымдастырушылар: Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ тарих факультетінің археология және этнология кафедрасы және әлеуметтік ғылымдар факультетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы, тарихшылардың Ұлттық конгресі. Сондай-ақ фестивальді ұйымдастыру мен өткізуге Астана қаласының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері үлкен көмек көрсетуде.
Фестивальге қатысушылар: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ тарих факультетінің «Археология және этнология» мамандығының 2, 3 және 4 курс студенттері.
Фестивальдің өткізілетін орны мен уақыты: Астана қаласы, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, тарих факультеті, 3 қабат, сағат 11.00 (Пушкин көшесі, 11).