01.04.15
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті Қазақстан тарихы кафедрасы 2015 жылдың 10-11 сәуір күндері «Қазақ мемлекеттілігі: кеше, бүгін, ертең» атты тақырыпта өткізілетін республикалық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.
Конференция жұмысының бағыттары:
1. Тарих үдерісіндегі Қазақ мемлекеттілігі мәселелері
2. Қазақ мемлекеттілігінің тарихы халық ауыз әдебиетінде
3. Қазақ мемлекеттігінің конституциялық-құқықтық негіздері Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Материалдарды рәсімдеу тәртібі:
Баяндама мәтіні (5 бетке дейін) 6.0 (7.0) мәтіндік WORD редакторында «Tіmes New Roman» шрифтімен (шрифт өлшемі — 12, әр жол арасы — 1, барлық жағынан жол жиегі — 20 мм, азат жол — 1.25см.) жазылуы тиіс.
Бастапқы жолдың сол жағында ӘОК индексі жазылады. Келесі жолдың ортасында бас әріппен, майлы бояумен баяндаманың тақырыбы, бір жолдан кейін майлы бояумен автордың аты-жөні, келесі жолға курсивпен мекеме, қала аты, автордың E-maіl адресі жазылады. Бір жолдан кейін негізгі мәтін басталады.
Конференцияға ұсынылатын баяндамада ғылыми зерттеулердің көкейкестілігі, нәтижелері немесе практикалық маңызы ашылуы тиіс.
Баяндаманың электрондық нұсқасы төменде көрсетілген электрондық поштамен, ал қағазға басылған мәтіні төменде көрсетілген мекен жайға жіберілуі керек. Аталған талаптарға сәйкес келмейтін немесе белгіленген уақыттан кешіктірілген материалдар қаралмайды және авторға қайтарылмайды.
Баяндамамен бірге төмендегідей тіркелу үлгісі жіберілуі тиіс:
Аты-жөні, тегі: ___________________________________________
Ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы: ______________________
Жұмыс орны: ____________________________________________
Мекен-жайы: ____________________________________________
Телефоны, E-maіl: ________________________________________
Баяндама тақырыбы, секциясы: ____________________________
Автордың конференцияға келу мүмкіндігі: ____________________
Баяндама мен тіркелу үлгісін өткізу мерзімі: 2015 жылдың 03 сәуірге дейін.
Ұйымдастыру комитеті материалдарды конференцияның басталуына дейін басып шығаруды жоспарлайды (ұйымдастырушылар тарапынан).
Конференцияға қатысу шығындары қатысушының өз есебінен жүзеге асырылады.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті барлықтарыңызды өткізілетін республикалық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 040009, Талдықорған қ., Жансүгіров көшесі 187 А, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, 301 каб., Ғылым және инновациялық технологияларды коммерциализациялау офисі.
Байланыс мәліметтері: (8-7282) 22-17-79-1169, 8 747 294 05 19, е-maіl: zhgu_550@mail. ru.