10.04.15
2015 жылы 11 сәуір күні сағат 11.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен «Қазақстандық патриотизм және журналистика» деген тақырыпта халықаралық ғылыми семинар өтеді.
Семинардың негізгі бағыттары:
1. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Рахима Шәріпқызы Нуриденнің мерейтойына арналған құттықтаулар.
2. Қазақ хандығының 550 жылдығы және БАҚ;
3. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы және БАҚ;
4. Қазақстан халқы Ассамблеясы және БАҚ.
5. «Student vizion» блог-платформасының ашылу рәсімі
Талқылау форматы: Отандық және әлемдік журналистикадағы патриоттық, Отансүйгіштік пен БАҚ-тағы толеранттылық, төзімділік, татулық тақырыптарын талқылау. Сонымен қатар, қазақ журналистикасының қазіргі проблемалары мен ұлттық мүддесі, ақпараттық қауіпсіздік пен кәсіби дамуы жайлы да сөз болады.
Ғылыми семинардың аясында ЕҰУ-дің доценті, филология ғылымдарының кандидаты, радиожурналистика ардагері, тәлімгер ұстаз Рахима Шәріпқызының мерейтойы аталып өтіледі.
Рахима Шәріпқызы 1955 жылдың 24 ақпанында Қарағанды облысы, Ұлытау (бұрынғы Жезді) ауданының Байқоңыр ауылында дүниеге келген. 1973-1976 жылдар аралығында С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің, одан кейін М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқып, оны 1979 жылы бітіріп шығады.
Қазіргі кезде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультеті телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасында профессор болып қызмет етеді. «Шетелдердегі қазақ радиолары», «Қазақ рухани журналистикасы» монографияларының, «Араб журналистикасы», «Қазіргі шетел журналистикасы» оқу құралдарының, «Халықаралық радиожурналистика» оқулығының, «Радиожурналистика» оқу-әдістемелік кешені мен «Қазақстан-Мысыр достығы» жинағының, көптеген ғылыми мақалалардың авторы.
Семинарға Еуразия Ұлттық университетінің ғалымдарынан бөлек Қырғыз Республикасынан және де еліміздің Қарағанды, Алматы қалаларынан ғалымдар қатысады. Жиында Отандық және әлемдік журналистикадағы патриотизм, Отансүйгіштік пен БАҚ-тағы толеранттылық, ұлттық мүдде, ақпараттық қауіпсіздік пен кәсіби даму жайында баяндамалар оқылады. Семинарға ғалымдар, БАҚ өкілдері, докторанттар, магистранттар, студенттер шақырылып отыр.