Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

"Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян" кітабы

29157
"Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян"  кітабы - e-history.kz

 

"Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян" атты деректі  еңбектен әлемдік деңгейдегі мемлекет қайраткерінің саяси тұлғасымен бірге соғыстан кейінгі ауылдың қиындығында ысылған, туған елімен астасып кеткен азаматтың әрі таныс, әрі ыстық бейнесін көресің. Ешкімді бей-жай қалдырмайтын ақиқат деректер күреске толы қайсар өмірдің тарихқа айнала бастаған толғақты сәттерін көз алдыңа жайып салады.

Бұл кітап Елбасының жастық шағынан бастап кемел жасқа дейінгі өмірінің ғұмырнамасы, өмірі мен қызметі тәуелсіз Қазақстан тарихынан ажырамас бүгінгі Ұлт Көшбасшысының тұлғасы тарихи деректермен, мұрағаттық құжаттармен дәлелденіп отырады.

 

 

Кітаптың басты құндылығы мен ерекшелігі - фотосурет материалдарымен бірге, Н.Ә. Назарбаевтың жеке құжаттарының көшірмелері, өз қолымен жазған мәтіндері және түстік гаммасы бойынша түпнұсқаның өзін дәлме-дәл қайталайтын нұсқаларының арнайы қалталарда қосымшалар түрінде берілуінде.

Кітап кең ауқымды оқырмандар қауымына арналған.

Кітаптың толық орысша нұсқасын мына жерден оқи аласыздар

 

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?