Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Латиф Казбековтің «Ертегілер әлеміне саяхат» атты суреттемелер көрмесі ашылады

28925

26.10.15. 

2015 жылдың 28 қазанында сағат 17.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде Ресей Суретшілер одағының мүшесі Латиф Казбековтің «Ертегілер әлеміне саяхат» атты суреттемелер көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Көрме Музейдің «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасының аясында, «Петербордың еркін суретшілері» жобасының өкілдігімен және Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылды. 

Латиф Кожахметович Казбеков 1954 ж. Қазақстанда (Алматы облысының Ақсу ауылы) дүниеге келген. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін және Ленинград қаласындағы Ресей көркемсурет Академиясында (қазіргі уақытта И.Е. Репин атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік академиялық кескіндеме, мүсін және сәулет институты) тәмамдаған. 

Латиф Казбеков – литография, бейнелеу, офорт және кітап графикасы техникаларында орындалған туындылардың авторы. Қазіргі уақытта Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде кино өнері кафедрасының анимация және мультипликация бөлімінде оқытушылық қызмет атқарады. Ресей, АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания, Жапония, Финляндия, Италия, Дания, Нидерланды, Бельгия, Польша, Куба, Мексика, Канада, Чехия, Оңтүстік Корея, Греция, Швейцария, Балтық және ТМД мемлекеттерінде ұйымдастырылған 22 жеке көрменің және 300-ден астам көрменің авторы болып табылады. 

Көптеген халықаралық және отандық бейнелеу өнері және кітап өнері конкурстарының лауреаты. Ресей мәдениетінің тарихшысы және көркемсурет сыншысы Дмитрий Северюхиннің айтуынша: «... Латиф Қазбеков – әр түрлі әдістемелер мен техникалық құралдар ұтымды пайдалана білетін әмбебап суретші. Бейнелеу өнері, станокты графика, литография, сонымен қатар балаларға арналған кітап иллюстрацияларының белгілі авторы болып саналады. Оның еңбектеріне терең шынайылық және қайталанбас әзіл тән, жануарлар әлемінің анатомиясынан тамаша білімі бар. Оның орыс, қытай, үнді, скандинавия, жапон және араб ертегілеріне арналған жетпіске жуық кітаптары Ресейдің және шетелдің бірқатар беделді марапаттарына ие болуына септігін тигізді...».

«Ертегілер әлеміне саяхат» – Л. Казбековтің Қазақстандағы алғашқы жеке көрмесі. Көрме қонақтары автордың әлем халықтарының 15 ертегісінің суреттемелерімен танысу мүмкіндігіне ие болады. Атап айтқанда, ол Италия, Кения, Америка, Жапония, Ресей ертегілері, ежелгі Греция аңыздары, астарлы әңгімелер мен өлеңдерге арналған суреттемелер қойылатын болады. Олардың ішіндегі ең атақтылары Д.Ч. Харристің «Римус ағайдың ертегілері» топтамасындағы қоянның бейнесі және «Алтын кілт немесе Буратиноның бастан кешкен оқиғалары» ертегісіндегі Буратино бейнесі. 

Жалпы көрмеде автордың 98 туындысы көрермен назарына ұсынылатын болады. «Ертегілер әлеміне саяхат» көрмесі 2015 жылдың 22 қарашасына дейін жалғасады. 

Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 11. тел: 75 12 85, 75 12 14 БАҚ - ті аккредитациялау үшін 75 12 15 


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?