Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Нурсултан Назарбаев: человек у власти» кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді

28916
«Нурсултан Назарбаев: человек у власти» кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді - e-history.kz

14.07.15

2015 жылдың 16 шілдесінде сағат 11.00-де «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінде профессорлар Бүркітбай Аяған мен Әлима Ауанасованың Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған «Нурсултан Назарбаев: человек у власти» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтеді. 

Тұсаукесер рәсіміне Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, дипломатиялық корпустың өкілдері, мемлекет пен қоғам қайраткерлері, ғалымдар, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының және Мемлекет тарихы институтының қызметкерлері, ЖОО оқытушылары, докторанттар мен магистранттар қатысады. 

Кітап авторлары елдің саяси шыңына шығып, оны халықаралық сахнада танымал ете білген дарынды тұлғаның өмір жолын көрсетуді көздеді. Сондықтан да өз туындысын олар «Нурсултан Назарбаев: человек у власти» деп атады. Кітаптың атауы мазмұнында саяси сахнаға өзінің табандылығының, еңбекқорлығының, алға қойған мәселелердің түпкі мағынасына жете, әрі оларды белгіленген мерзім ішінде шеше білу қабілетінің, қоғам бастау қасиетінің арқасында көтерілген тұлға туралы айтылатынын білдіреді. 

«Саяси қайраткердің жүріп өткен жолын қате бастап кетпесек екен, деген жауапкершілік, авторлық тәуекел жоғары болды. Еңбектің барынша объективті, боямасыз шығуы маңызды болды. Кітаптың атауына қатысты да көп ойланды. «Көшбасшы жолы», «Ұлт көшбасшысы» деген атауларға қайта-қайта айналып келе бердік. Бірақ мен адамның билікке келу ұзақ жолы туралы туындының негізгі мазмұнын атауына сыйғызғым келді», – дейді кітап авторларының бірі, тарихшы Б. Аяған.

«Нурсултан Назарбаев: человек у власти» тарихи-өмірбаяндық кітабы «Нурсултан Абишевич Назарбаев – основатель независимого государства», «Нурсултан Назарбаев и казахстанская модель строительства государства», «Мир о Назарбаеве», «Кемеңгер», «Независимый Казахстан и Лидер нации» және т.б. көптеген еңбектердің жалғасы. Кітапта қазақ, орыс және, ағылшын тілдеріндегі мұрағат материалдары мен деректер пайдаланылған. 

Елбасымыз – елінің игілігіне еселі пайда тигізген әлемнің 5 көсемінің бірі. Сондықтан оның басшылық қызметтегі тәжірибесін нақты мысалдармен көрсету – еңбектің басты талабы.

Мемлекет тарихы институтының ғалымдары мен ғылыми қызметкерлері бұған дейін де бірнеше кітаптардың топтамасын дайындап шығарған. Тарихи өмірбаяндық еңбек әзірге шағын таралыммен жарық көрген. Авторлардың сөзінше егер оқырман тарапынан сұраныс туындап жатса, тираж саны ұлғайтылмақ.  

Аккредитация үшін: 8 7172 69-30-53/54, 8 705 296 53 96, 

е-mail: pr@plibrary.kz, presidentlibrary.pr.kz@gmail.com

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?