Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Алашы ардақтаған ақын» республикалық конференциясы

28829
«Алашы ардақтаған ақын»  республикалық конференциясы - e-history.kz

15.04.15

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті 2015 жылдың 17-18 сәуіріне жоспарланған І.Жансүгіровтің туған күніне орай өткізілетін «Алашы ардақтаған ақын» атты республикалық студенттер мен магистранттардың ғылыми-практикалық конференциясының ел өміріндегі елеулі оқиғаларға (ҚР Президентінің сайлауы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығы) арналған іс-шаралардың бірінен кейін бірі өтуіне байланысты 2015 жылдың 15-16 мамырына ауыстырылғандығын хабарлайды. 

Конференция жұмысының бағыттары: 

1. Ілиястанудың заманауи бағыттары 

2. І.Жансүгіровтің әдеби мұрасының көркемдік әлемі 

3. І.Жансүгіров шығармашылығы және ұлттық тілтаным 

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Материалдарды рәсімдеу тәртібі: Баяндама мәтіні (5 бетке дейін) 6.0 (7.0) мәтіндік WORD редакторында «Tіmes New Roman» шрифтімен (шрифт өлшемі — 14, әр жол арасы — 1, барлық жағынан жол жиегі — 20мм, азат жол — 1.25см.) жазылуы тиіс. 

Бастапқы жолдың сол жағында ӘОЖ индексі жазылады. Келесі жолдың ортасында бас әріппен, майлы бояумен баяндаманың тақырыбы, бір жолдан кейін майлы бояумен автордың аты-жөні, келесі жолға курсивпен мекеме, қала аты, автордың E-maіl адресі жазылады. Бір жолдан кейін негізгі мәтін басталады. 

Конференцияға ұсынылатын баяндамада ғылыми зерттеулердің көкейкестілігі, нәтижелері немесе практикалық маңызы ашылуы тиіс. 

Баяндаманың электрондық нұсқасы төменде көрсетілген электрондық поштамен, ал қағазға басылған мәтіні төменде көрсетілген мекен жайға жіберілуі керек. Ұйымдастыру жарнасының түбіртегі сканерден өткізілген (jpeg) немесе (pdf) форматындағы нұсқасы электронды пошта немесе факс арқылы ұсынылады. Аталған талаптарға сәйкес келмейтін немесе белгіленген уақыттан кешіктірілген материалдар қаралмайды және авторға қайтарылмайды.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 040009, Талдықорған қ., Жансүгіров көшесі 187 А, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, 307 каб., Ғылым және инновациялық технологияларды коммерциализациялау офисі. Телефон:(8-7282) 22-17-79, ішкі (1169), е-maіl: zhgu_konf@mail. ru



Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?