Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ризабек Айтмұқан

Ризабек Айтмұқан - e-history.kz
Аты Ризабек Айтмұқан
Туған күні 2004-04-29
Туған жері Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы

Ризабек Айтмұхан – Еркін күрес балуаны, спортшы.  Ол  2004 жылы 29 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылында дүниеге келген. Еркін күрестен тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы. 2022 жылы Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен Азия чемпионатында 92 келі салмақта еркін күрестен Азия чемпионы атанды.  2023 жылы 7 ақпанда 18 жасында ересектер арасында еркін күрестен Қазақстан чемпионы атанды. 

2023 жылы 18 қыркүйекте еркін күрестен әлем чемпионатында Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медальды жеңіп алды. Қазақстандық балуан  алғашқы айналымда Мажарстан балуанын 13:3 есебімен ұтса, екінші кезеңде 2023 жылғы Еуропа чемпионы, түркиялық Файзолла Актүрікті 11:0 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда қазақ балуаны грузиялық қарсыласын жеңіп, өз мансабында алғаш рет ересектер арасындағы әлем біріншілігінің финалына шықты. 92 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы ақтық белдесуде әзірбайжандық Осман Нурмагомедовты жеңіп, небәрі 19 жасында әлем чемпионы атанды.

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?