Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бір суреттің тарихы. Рашит Жомартов.

1733
Бір суреттің тарихы. Рашит Жомартов. - e-history.kz
Рашит Жұмартов 1943 жылдың қысында майданға аттанады. Осы күнге дейін туыстары оның қалай қаза тапқаны мен жерленгені туралы білмеген еді...

Рашит Жұмартов майданға 1943 жылдың қысында аттанады. Жасы он сегізде еді. Ол кездегі оқиғалардың қалай болғанын қазірде ешкім нақты айтып бере алмайды. 

Бейбіт кезде Рашит Убаған ауылында мұғалім болып жұмыс істеген. Бұл ауыл Қостай облысының солтүстігінде, Ресеймен шекаралас жерде орналасқан. Майданға өз еркімен кетті деп айту дұрыс болар. Дені сау әр ер азамат майданға қатысудан қашпады.

...Меңдіқара аудандық әскери комиссариаты оны әскерге шақырды. Майданға барар алдында қай жерде оқығаны мен миномет дивизиясына қалай түскені белгісіз болып қалды. Бірақ, соғыстан үйге жіберген хаттарынан кейбір тұстарды аңғара аламыз. 

Хаттарына қарағанда, Рашит Жұмартов білімді әрі сауатты адам болды. Ол 7 сыныпты бітіріп үлгерді, ол кезде бұл әжептеуір білім болып саналды, сондықтан да оны басқаларды оқытуға мұғалім етіп тағайындады. Он сегізге толмаған ол енді мұғалім болып жұмыс істеді, бұл ол кезде кез-келген адамның алдына қойылмайтын міндет еді. Рашиттің хатары мен ашық хаттарында бірде-бір қате жоқ еді. Сондағы хаттар әдемі қолтаңбамен жазылған. Майданға кетер алында (оның соғысқа кететініне үш ай қалған) Сабира деген қызға үйленіп, оған үнемі хат жазып жүрді. Хаттарды көтеріңкі көңілмен жазатын. Өз туыстары мен көршілеріне сәлемде жолдап, үйдің қамын сұрап отыратын. 

Кейбір ашық хаттарда өз мекен-жайын жазған. Бұл оның қай жерде соғысып жатқандығын көрсететін. Міне, солардың бірінде Мәскеу қаласындағы В.И. Ленин атындағы Мемлекеттік кітапхана бейнеленген. Демек, қазірде қатардағы сарбаз Жұмартов Ресей астанасында болды. 

0c36e814f8ac58321efe408e88bee958.jpg

e5c7ded06839ed6593de7aaa8699851d.jpg

Тағы да бір тозған ашық хат, мұнда шөптердің арасында жатқан біреу бейнеленген. Ашық хаттағы адам молдовандық киім киген, демек ол Молдова елінде де болған деп топшылауға болады. 

add79ebb70240ac8f5fa22878667c146.jpg

Ал шын мәнінде ашық хатта Николай Кузнецовтың «В праздник (Малороссиянка, отдыхающая на травке)» суреті көрсетілген. 

Рашит Жұмартовтан келген соңғы хат 1944 жылдың 11 тамызында жіберілген. Ол былай деп жазады: «Сабира, — деп жазған ол әйеліне, — денсаулығың қалай болды? Үйде бәрі жақсы ма, ешкім қайтыс болған жоқ па? Барлық көршілеріміз, туыстарымз тірі ме? Майданнан қайтып келгендер бар ма? Әкем мен анамның жағдайы қалай? Мен аманмын, менде бәрі жақсы. Сабира, жиірек жазшы. Мына ашық хатты жоғалтпа, мен қазір осы өңірде жүрмін...».

46447f1354fa2a34f87e8dbbbb37ccd2.jpg

Ал, қыркүйекте қаралы қағаз келді: «Сіздердің ұлдарыңыз, 29 миномет дивизиясының қатарындағы сарбаз 1944 жылдың 26 тамызында ерлікпен қаза тапты». Бұл қаралы қағаз сақталмаған, бәлкім, осындай үрейлі сөздер жазылған қағазды жақындары үйде сақтағысы келмеген болар. Сондықтан да оның туыстары Рашиттің жерленген жерін білмейтін еді. 

Төлеген Жомартұлы Әлімбаев, Рашит Жұмартовтың інісі, өз бауырының жерленген орны туралы ақпарат іздеді. Бірақ бұл жұмыстан еш нәтиже шықпады. Уақыт өте мұрағаттар бірте-бірте шыға бастады. Соның ішінде әскери мұрағаттар да, интернет желісіне кіру мүмкіндіктері де көп болды. Интернеттен молдовалық ауылдың суреттері, әкімшілік басшысы Хараламбие Лазэрдің мекен-жайы мен телефон нөмірлері, жазылған. 

1ac24f58aae5d839ac6aa25c86904f74.jpg

Молдова елі, Менжир ауылындағы әкімшілік басшысы 

Төлеген Жомартұлы Хараламбие Лазэрге қоңырау шалды. Әкімшілік басшысы ауыл жанындағы шайқастар туралы әңгімелеп берді, танылған адамдардың қайта жерленгені туралы да айтты. Әңгіменің соңында ол Төлеген Жомартұлын ауылға шақырды. Осы жерде, ауылдық әкімшіліктің қасында алғашқы ескерткіш тасы табылған болатын. Мұнда екі есім жазылған: гвардияның қатардағы сарбазы Рашит Жұмартов Қазақстаннан және Омбы облысынан лейтенант Дмитрий Новицкий (Одесса ауданы, Железный ауылы). Олар бірге соғысып, осы молдовалық жерде бірге жерленген екен... 

a5dfcd7b5e2456cce6c8a9c8d67ed1c0.jpg

Владимир МОТОРИКО, «Қостанай жаңалықтары» аудандық газеті (kstnews.kz)

«Бір суреттің тарихы» жобамызға қатысуға шақырамыз




Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?