Бұл күн тарихта

85 жыл бұрын KAZGOR жобалау академиясы құрылды

2009 жылы Түрік Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрікке қойылған ескерткіштің ашылу салтанаты болды.

85 жыл бұрын (1931-1989) техника ғылымының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген өнертапқышы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Марат Рамазанұлы ҚҰРМАНҒАЛИЕВ дүниеге келді

66 жыл бұрын (1950-2007) ақын, журналист, аудармашы Өтепберген АҚЫПБЕКҰЛЫ дүниеге келді

76 жыл бұрын (1940) актриса, Қазақ КСР-нің халық әртісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі Жібек Есекейқызы БАҒЫСОВА дүниеге келді

88 жыл бұрын (1924) ғалым, тарих ғылымының кандидаты Базарбек ӨСЕРБАЙҰЛЫ дүниеге келді

1998 жылы 8 қазанда "Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қаулысы қабылданды

- = -

85 жыл бұрын (1931-1989) техника ғылымының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген өнертапқышы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Марат Рамазанұлы ҚҰРМАНҒАЛИЕВ дүниеге келді

Марат Құрманғалиев – 200-ден астам ғылыми еңбектің, 5 монографияның, 50-ден астам патенттің авторы
85 жыл бұрын (1931-1989) техника ғылымының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген өнертапқышы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Марат Рамазанұлы ҚҰРМАНҒАЛИЕВ дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Бауман атындағы Мәскеу техникалық училищесін бітірген. 1955 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан ҒА Энергетика ғылыми-зерттеу институтының зертханашысы, кіші, аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі болған. Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанда өндірілетін көмірлерді циклондық оттықта жағу процестеріне арналған. Қуаты күшті энергетикалық қондырғылардың көміртозаңдандырғыш қазандықтарда сапасы төмен көмірлерді жағу құбылыстарын оттық модельдерде зерттеу әдістемесін өндіріске енгізді. Көмірді қайнаған қабатта, кейінірек айналмалы қайнаған қабатта жағуды зерттеген. М. Құрманғалиев – 200-ден астам ғылыми еңбектің, 5 монографияның, 50-ден астам патенттің авторы. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.