Бұл күн тарихта

85 жыл бұрын KAZGOR жобалау академиясы құрылды

2009 жылы Түрік Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрікке қойылған ескерткіштің ашылу салтанаты болды.

85 жыл бұрын (1931-1989) техника ғылымының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген өнертапқышы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Марат Рамазанұлы ҚҰРМАНҒАЛИЕВ дүниеге келді

66 жыл бұрын (1950-2007) ақын, журналист, аудармашы Өтепберген АҚЫПБЕКҰЛЫ дүниеге келді

76 жыл бұрын (1940) актриса, Қазақ КСР-нің халық әртісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі Жібек Есекейқызы БАҒЫСОВА дүниеге келді

88 жыл бұрын (1924) ғалым, тарих ғылымының кандидаты Базарбек ӨСЕРБАЙҰЛЫ дүниеге келді

1998 жылы 8 қазанда "Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қаулысы қабылданды

- = -

76 жыл бұрын (1940) актриса, Қазақ КСР-нің халық әртісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі Жібек Есекейқызы БАҒЫСОВА дүниеге келді

Материалға сурет: 76 жыл бұрын (1940) актриса, Қазақ КСР-нің халық әртісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі Жібек Есекейқызы БАҒЫСОВА  дүниеге келді
Ол жасаған сахналық бейнелердің ұлттық бояуы айқын. Сонымен қатар сахнада кейіпкердің ішкі толғаныстарын, психологиялық көңіл-күйлерін терең ашуымен ерекшеленеді
Ақмола облысында туған. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры жанындағы әншілік-хор студиясын бітірген. 1960-1995 жылдары Қызылорда облыстық драма театрында, 1995 жылдан Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық музыкалық драма театрында өнер көрсетеді. Ол ойнаған Қарагөз, Қарлыға, Жүзтайлақ (М.Әуезовтің «Қарагөзінде», «Қара қыпшақ Қобландыда», «Түнгі сарында»), Ақтоты (Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтотысында»), Ева Броер (Қ. Мұхамеджановтың «жат елдесінде»), Ажар (С.Жүнісовтің «Ажар мен ажалында»), Қамажай (Д.Исабековтің «Әпкесінде»), Әлиман мен Толғанай («Ш.Айтматовтың повесі бойынша қойылған «Ана - Жер анасында»), Шапақ (М. Кәрімнің «Ай тұтылған түнінде»), Тата Нерадова (А.П. Штейннің «Толасында»), Регана (У. Шекспирдің «Король Лирінде»), т.б. рөлдер актриса талантын танытты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталған.