Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Музейдегі түн» халықаралық акциясы Астанада алғаш өтті

1625
«Музейдегі түн» халықаралық акциясы Астанада алғаш  өтті  - e-history.kz
18 мамыр – Халықаралық музей күні ҚР Ұлттық музейінде «Музейдегі түн» акциясы өтті

Бұл түні музейде жиналған көпшілік қауым «Қазақ батырлары» атты арнайы театрландырылған экскурсияны тамашалап, әртүрлі тақырыптық көрмелерге куә болды. Сонымен қатар, сала мамандарының дәрістерін тыңдап, жауһар жәдігерлер мен тарихи артефактілерге қатысты бейнероликтер, деректі фильмдер тамашалап, викториналық ойындарға қатысты. 

5fd67cf8b558a88fd49d5f2377dfbf2c.jpg

Сондай-ақ, М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры актерлерінің соғыс туралы спектаклін тамашалап, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері мен магистранттарының «Алтын адам» атты қойылымын көрді. Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына ерекше назар аударылды. Атаулы даталар интерактивті жобалар арқылы жан-жақты насихатталды. Акция аясында Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына ерекше назар аударылды. Атаулы даталар интерактивті жобалар арқылы жан-жақты насихатталды.

79893b7ba9576974818973c286d7c547.jpg

 — Бүгін Ұлттық музейде ине шаншар жер жоқ. Қала қонақтары, шет ел туристтері, қала тұрғындары мәдени мұраларымызға қызығушылық танытуда. Біз-де отбасымызбен арнайы келіп, балаларымызға өткен тарихымызды жәдігерлер арқылы баяндап жүрміз. Мұндай шаралардың мәдени-рухани маңызы ерекше деп есептеймін және биылдан бастап дәстүрлі түрде өткізіліп тұратынына қуаныштымын, — дейді мұражайға келушілердің бірі Жансая Әбдіқалыққызы. 

5350276d43e4ca0212e954587fd57cfb.jpg

18 мамыр — Халықаралық музей күні әлем бойынша 1977 жылдан бері аталып өтіп келеді. Сол жылы Мәскеу мен Ленинград қалаларында өткен Халықаралық музейлер Кеңесінің 11-конференциясында Халықаралық музей күнін атап өту жайлы шешім қабылданған болатын. 2014 жылы 2 шілдеде Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен салтанатты түрде ашылған Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Музейдегі түн» халықаралық акциясы биыл тұңғыш рет ұйымдастырылды — деп мәлімдеді музейдің баспасөз қызметі. 

79bd946982ce48f859af341a2ba4702c.jpg

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш акция 15 мамырда жастарға арналған флэшмобпен басталған болатын. Шарада Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы және еліміздегі музей ісінің өткені мен бүгіні туралы театрландырылған қойылым қойылған. Еліміздің барлық өңірін аралаған «Қазақстан Халқы Ассамблемясы — 20 ізгі іс» эстафетасының нышаны — Тайқазан салтанатты түрде Ұлттық музейге табысталды. Сонымен қатар, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы музей қорына Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған деректі фильмдер, басқа да құнды туындылар топтамасын сыйға тартты. 

Гүлжанат ӘБДІКӘРІМ

bf8a8d9e70e453726e0974dfce388726.jpg

e8f82007bb7c90d24cdb1b0f5b3d79db.jpg

e11742976f821a6e59a88c29022be8ef.jpg

9fc0fef178cc6896d0bb2b983e10d522.jpg

Суреттердің толық топтамасы: http://e-history.kz/kz/photosets/view/243


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?