Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Кеңес Одағының өмір сүруін тоқтату мен КСРО билігінің барлық органдарын тарату туралы ресми декларациясы қабылданды

123 жыл бұрын Тұрар Рысқұлов дүниеге келген

- = -

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжілісінің сайлауы өтті

25953
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжілісінің сайлауы өтті - e-history.kz
ҚР Парламентінің Сенаты әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және қоғамның өзге де елеулі мүдделеріне өкілдікті қамтамасыз ету қажеттілігін ескере, он бес депутатын ҚР Президенті тағайындайды. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл. Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайланған Төраға басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады. Мәжіліс депутаттарын сайлау жалпылай, теңдік және тікелей және құпия сайлау құқығы негізінде жүргізіледі. Мәжілістің депутаттық корпусы пропорционалды және можаритарлы жүйемен сайланған депутаттармен жасақталады. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға бiрдей мүше бола алмайды. Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл.