Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қайғы әкелген тамыз

2254
Қайғы әкелген тамыз - e-history.kz

Әлемдегі тұңғыш ядролық қару 1945 жылы 16 шілдеде АҚШ-тың Нью-Мексико штатында сынақтан өткізілді, дәл осы жағдай КСРО-ның АҚШ-тың әскери-өнеркәсіп кешеніне қарсы тұра алатын өз жүйесін құруына себепші болды.

1949 жылға қарай Кеңес Одағының әскери қалқаны — Семей полигоны құрылды.

Семей полигонында алғашқы ядролық қару сынағы 1949 жылы 29 тамызда өткізілді. Жарылыс жерден 30 метр биіктікте болды, оның қуаты 20 килотоннаны құрады

36d2c77a3fdcf5eb0c5e72b7a940de5c.png

КСРО-ның алғашқы атом бомбасы
Жарылыстан кейін мұнара толық жойылып, оның орнында шұңқыр пайда болды. Бірақ негізгі залалдар соққы толқынынан туындады. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, келесі күні, яғни, 30 тамызда тәжірибе алаңына барған кезде, сынаққа қатысушылар жантүршігерлік жағдайды көреді: темір жол мен тас жол көпірлері қирап, жан-жаққа 20-30 метр қашықтыққа ұшқан, вагондар мен машиналар өздері тұрған жерлерден 50-80 метр қашықтыққа лақтырылған, тұрғын үйлердің ешбірі сау қалмаған. Соққының күшін сынау үшін қойылған танкілер мұнараға соғылып, бүйірлеп жатса, зеңбіректер майысқан металға айналған, ал тәжірибе мақсатындағы он «Победа» автокөлігі өртеніп кеткен.

4949f4102598fcf1a05cf035b5ab0e3f.png

Сынақтан өткізілген бомба параметрлері бойынша америкалық бомбадан асып түсті. Сөйтіп, АҚШ-тың бұл саладағы басымдылығы жойылды. Алайда осы уақыттан бастап, екі үлкен держава арасындағы саяси тепе-теңдік полигон маңында өмір сүрген адамдардың өмірі мен денсаулықтарына зиян беру арқылы қамтамасыз етілды.
1965 жылы қаңтар айында жасалған жырылыстың нәтижесінде 3,5 млн. текше метр жер көкке ұшты. Сынақтың мақсаты — жасанды су қоймасын жасау болатын. «Айна-көлдің» бетінің диаметрі 400 метр, тереңдігі — 100 метр шамасында. Көл радиоактивті ыдыраудың қалдықтарымен ластанған. Осының барлығы қоршаған ортаға және жақын тұратын адамдарға қатты әсер етті.
Семей облыстық партия комитеті үшін дайындалған № 4 диспансердің анықтамасында төменде берілген мәліметтер көрсетілген. «Барлығы 531 адам тексерілді, оның ішінде 304 адам Семейден, 40 адам Ново-Покровкадан, 181 адам Үржар ауданынан. Тексеру нәтижесінде 230 адамның асқазан жарасы, бруцеллез, туберкулез т. б. аурулармен, 123 адамның анықталмаған этиология және созылмалы сәуле ауруымен ауыратыны, 178 адамның сау екендігі анықталған. Қан құрамын тексерілген кезде қанның құрамы айтарлықтай өзгеріп лейкоциттің азаюына бейім екендіктері байқалған. Мысалы, диспансерге сәуле ауруы болуы мүмкін деген болжаммен және айқындалмаған диагноздармен жіберілген 87 адамның 27 пайызы лейкопенияға (қан құрамындағы ақ түйіршіктердің көбеюі) шалдыққан».

7f4b1de29512aff2f467f3161edd22a0.JPG

Бұл анықтамада Семей облысында табиғи радиациялық фонның қажетті мөлшерден әлдеқайда көп екендігі және тұрғындардың денсаулықтарында адам организміне иондаушы радиацияның әсер етуі нәтижесінде туындайтын өзгерістердің бар екендігі туралы тұжырымдар келтірілген. Сонымен қатар аталған анықтама қағазында «тұрғындардың денсаулықтарына аса үлкен қауіп тудырып отырғандықтан Семей облысындағы атом қаруының сынақтан өткізілуі тоқтатылсын», деген ұсыныс келтірілген.
Семей ядролық полигонын жауып, дүниежүзінде ядролық қаруды сынақтан өткізуді тоқтатуды мақсат тұтқан «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы бұл мәселенің шешілуіне себепкер болды. Семей полигонының жабылып, шығындардың орнының толтырылуы және ядролық жарылыстардан зардап шеккен адамдардың денсаулығын қалпына келтіру туралы шешімнің қабылдануында биліктің облыстар мен республикадағы ресми өкілдері тарапынан жасалған шаралармен қатар қозғалыстың іс әрекеттері де үлкен әсер етті.

8b143df1dfc589d33d62447a87790341.JPG

КММ Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы ҒАА және құжаттарды пайдаланубөлімінің меңгерушісі Л.Қ.Қадырова


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?