Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Астанадағы шетелдіктер шеруі

1520
Астанадағы шетелдіктер шеруі - e-history.kz
Кербез Есілдің бойында келбеті мен көркі кез-келген жанды тәнті ететін қала бой көтерді. Ол – Қазақстанның жаңа астанасы – Астана

Күн сайын елордамызда жаңа көшелер мен даңғылдар, тарихи мәңі бар алаңдар, тарихи ескерткіштер салынып келеді. Олардың басым бөлігі ұлттық кодтан ажыраған емес. Астана көшелері негізінен тарихи тұлғалар, саяси қайраткерлер мен мәдениет майталмандарына, қазақ жер-су атауларына және мерекелік даталарға, ұлттық тарихымызға, мәдениетімізге орай қойылған.

 Бүгінде Астана қаласында 14 даңғыл, 4 тасжол, 917 көше бар. National Digital History порталы Астана көшелеріне қатысты материалдарды жылда жариялап келеді. Осыған дейін қаламыздағы алаш қайраткерлері есімі берілген көшелерді, тарихи тұлғалардың есімі берілген көшелерді анықтаған болатынбыз. Осы жолы Астана күніне орай, Елорда төрінде есімі көше атына берілген шетел қайраткерлерін таныстыратын боламыз.

Фахд бен Абдулл Азиз көшесі

Бұрынғы атауы Вагонный көшесі. Фахд бен Абдулл Азиз көшесі Мұзтау көшесінен басталып, Ақан сері көшесінде аяқталады. С. Мұхамеджанов, Ш. Бейсекова, К.Бәйсейітова көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1489,2 м.

Фахд бен Абдулл Азиз-Фахд ибн аль-Абдулл ас-Сауд 1921 жылы Сауд Арабиясының астанасы Эр-рияд қаласында дүниеге келген. 2005 жылы дүние салды. 1982 жылдан бастап 2005 жылға дейін Сауд Арабияның королі болған. Сауд Арабия королдігін құрушы Абдулла-Азиз Әль-Саудтың 37 баласының бірі. Сауд Арабия корольдігінің сыртқы істер министрі, премьер-министрі қызметтерін атқарған.

Гейдар Әлиев көшесі

Гейдар Әлиев көшесі – А. Тоқпанов көшесінен басталып, Тәуелсіздік даңғылында аяқталады. Манас даңғылында аяқталады. Алпамыс, Жерек, Белжайлау  көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 717,5 м.

Гейдар Алирзаоғлы Әлиев – Әзірбайжанның тұңғыш президенті, мемлекет қайраткері. Әзірбайжан мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген. 1991 жылы 19 шілдеде Әлиев өз еркімен компартия қатарынан шығып, 1992 жылдың қарашасынан бері "Жаңа Әзірбайжан" партиясын басқарады. 1993 жылы 3-і күні Әлиев Әзірбайжан Республикасының Президенті болып сайланды.

Ол Таулы Қарабах оқиғасымен байланысты Әзірбайжан-армян қақтығыстарының бәсеңсіп, бір қалыпқа түсуіне көп еңбек сіңірді. Сыртқы және ішкі саясатта бейбітшілік, бітімгершілікті сақтауға, Әзірбайжан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігін қорғауға, экономикалық байланыстар саласында өзара тиімді уағдаластықтарға қол жеткізуге баса көңіл бөледі. 

Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастықты, түркі тілдес елдер арасындағы бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосты.

Шарль де Голль көшесі

Бұрынғы атауы – №40-19 көше. Кербұлақ тұйық көшесінен басталып, Ақжелкен көшесінде аяқталады.

Шарль де Голль – Француз Республикасының Президенті, қолбасшы, генерал. Шарль Андре Жозеф Мари де Голль екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Француз ұлт азаттық қозғалысының көсеміне айналды. Франциядағы бесінші Республиканың негізін қалаушы және оның тұңғыш президенті (1959-1969) болды. 1943 жылы маусымда Голль Алжирде құрылған Франция ұлттық азат ету комитетінің тең төрағасы болып сайланды. 1958 ж. Алжирдегі әскери бүліктен кейін Франция үкіметі аса қиын жағдайда қалып, парламенттің көпшілік болігі Голльді үкіметті басқаруға шақырды. Оның басшылығымен жаңа Конституция қабылданды (1958). Осы Конституция негізінде өткен 1958 жылғы 21 желтоқсандағы сайлауда Голль республика президенті болып сайланды.

Ол билік жүргізген кезеңде парламенттің билігі шектелді, президентке қосымша өкілеттіктер берілді. Голльдің түсында Франция атом қаруын жасап, ядролық державаға айналды. 1969 жылы өткен референдумнан кейін биліктен кетті.

Мұстафа Кемал Ататүрік көшесі

Мұстафа Кемал Ататүрік даңғылы Алматы ауданында орналасқан. Басы өзі аталған көшеден басталып, Р. Қошқарбаев көшесімен аяқталады. Даңғыл көше болған болғандықтан көптеген көшелермен қиылысады. Леонардо да Винчи, Уильям Шекспир және әлі де толық атау берілмеген көшелермен қиылысады. 

Мұстафа Кемал АТАТҮРІК – Осман және Түркия мемлекетінің реформаторы, әскери қолбасшысы, мемлекет қайраткері, Түркия Республикасының негізін қалаушы тұлға және оның тұңғыш президенті.

Астана қаласында 2009 жылы 8 қазанда Кемал Ататүрік ескерткіші ашылды. Салтанатына  Елбасы Н. Назарбаев және Түркия Президенті А. Гүл қатысты. Ж. Тәшенов көшесі бойындағы саябақта орнатылған мүсіннің өзі қоладан, тұғыры граниттен қаланған. Биіктігі 4,4 м, салмағы 5,5 т. Құрылысқа 0,0625 гектар жер бөлінген.

Таха Хусейн көшесі

Таха Хусейн көшесі А.Кравцов көшесінен басталып, Ж.Тәшенов көшесінде аяқталады. Ұзындығы - 684,5 м.

Таха Хусейн (1889-1973) – араб жазушысы, әдебиеттанушысы, тарихшысы (Египет). Мысырдағы араб тілі академиясының президенті. Бірнеше реалистік повестердің авторы. Мысалы, «Күндер», «Горлицаны шақыру», «Бақытсыздық ағашы», т.б. өмірбаяндық шығармалары бар.

Луи Пастер көшесі

Луи Пастер көшесі Ш. Иманбаева, Ш. Уәлиханов, Тараз, Асанқайғы көшелерін қиып өтіп, Ә. Сембинов көшесінде аяқталады. Ұзындығы - 1293 м.

Луи Пастер (1822-1895) – француз микробиолог және химигі, микробиология мен иммұнологияның негізін салұшы, Париж Ғылым Академиясының, Францұз медицина академиясының, Француз академиясының мүшесі.

Иоганн Гете көшесі

Біржан сал, Ы.Алтынсарин, Алтынемел көшелерін қиып өтіп, Республика даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 1113,2 м.

Гете Иоганн Вольфганг (1749-1832)  – неміс ақыны, драматұрг, ғалым. Веймар театрының ұйымдастырұшысы және жетекшісі. Бұл көшеде «Астана» сапаржайы, «Сапаржай-Астана» автовокзалы, М.Тынышбаев атындағы Көлік және коммуникация академиясының филиалы орналасқан.

Деректер «Астана көшелері» (Құрастырғандар: Е. Тілешов, О. Сүлейменов. – Алматы: 2008. 288 б.) кітабынан алынды.

Фото: Артем ЧУРСИНОВ

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?