Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Kadex – қару-жарақтар салтанаты

2204
Kadex – қару-жарақтар салтанаты - e-history.kz
Астанада мерейтойлық қару-жарақ және әскери-техникалық мүліктің «KADEX - 2018» 5-ші Халықаралық көрмесі өтті

Оған отандық және шетелдік қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен ғарыш саласының кәсіпорындары, жетекші конструкторлық бюро мен ғылыми-зерттеу институттары қатысады. «KADEX» көрмесі осыдан 8 жыл бұрын бастау алған еді. 2010 жылдың 26-29 мамыры аралығында Астанада ел тарихында тұңғыш рет «KADEX» қару-жарақ және әскери-техникалық мүліктің көрмесі өтті. 19 елден келген 156 компания өз өнімдерін көрсетті.

Көрме ашылуына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия президенті Абдулла Гюль қатысты. Көрме қорытындысы бойынша жалпы құны 1,5 млрд. АҚШ долларын құраған 10 меморандумға, шарттар мен хаттамаларға қол қойылды. Келесі көрме 2012 жылы өтті. Оған 170 шетелдік және 83 жергілікті компаниялардан 10 мыңнан аса маман қатысты. 2014 жылғы  22-25 мамырда «KADEX-2014» көрмесі өтіп, оған 92 қазақстандық кәсіпорын, 208 шетелдік компания мен 28 елден 54 делегация қатысты.

Көрме жұмысын жергілікті және шетелдік 40 БАҚ өкілдері жарыққа шығарып отырды. 2016 жылғы 2-5 маусым аралығында төртінші көрме өтті. Оған Қазақстаннан 121 кәсіпорын мен 231 шетелдік компания, 44 мемлекеттен 55 делегация қатысты.

Беларусьқа термалдық көздеуіштерді экспорттау бойынша «Kazakhstan Engineering» пен белорустық «Пеленг» компаниясы арасындағы  меморандумға қол қою – ең ірі шарттардың бірі болды. Сонымен қатар, «Semey Engineering» пен  Мьянманың «MCM Pte Ltd» компаниясы арасында Т-72 конверсияланатын танктері шассиінің негізіндегі бульдозерлерді экспорттау бойынша шартқа қол қойылды.  

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» вице-президенті, ғарышкер Айдын АЙЫМБЕТОВ Қазақстанның көрмеге не қоятыны туралы атып берді:

– Ғарыш күндері тұңғыш рет әскери техника, әскери-техникалық ынтымақтастық Халықаралық көрмесі аясында өтіп отыр, басты мақсат – тәжірибе және технологиялыармен алмасу. Көріп отырғандарыңыздай, ол шетелдік серіктестеріміздің қызығушылығын тудырады.  Өз павильонымызда қазақстандық кәсіпорындардың, ұйымдардың жетістіктерін көрсетеміз. Қазақстан ғарыштық технологияларын, ғарыштық мониторинг әдістерін көрсетеді, сонымен қатар, тік ұшып-қонатын ұшқышсыз ұшу аппараты – конвертопланды бөліп айтуға болады.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Берік Атамқұлов шетелдік мамандарды екі жаққа бірдей пайдалы ынтымақтастыққа шақырды.

– Бүгінгі күні «ғарыштық бауырластық» пайда болып жатқан сияқты. Еуразия мен Еуропаның ұлан-ғайыр аумағындағы мамандар, кәсіпқойлар бір-бірін біледі, таниды. Ресей, АҚШ, Франция, Британия, Қытай сияқты бұрыннан танымал кәсіпқойларға қоса, қазір жаңа мемлекеттер шығып, олар да осы ғарыштық бауырластықтың мүшелері болуда. Осыдан 25 жыл бұрын бізді ғарыштық ынтымақтастыққа алғандары үшін алғыс айтамыз.  Осы 25 жылдың ішінде біз ақырындап инфрақұрылымымызды құрып, мамандарымызды өсіріп шығардық. Біз мамандарымызбен, тәжірибемізбен алмасқымыз келеді. Бірлескен жобаларға қатысқымыз келеді, және сіздерді де Қазақстандағы жобаларға қатысуға шақырамыз. Бірлесе қызмет етуге біздің есігіміз әрқашан ашық.  

«KADEX-2018» көрмесінде электрондық жүйелерге, байланыс құралдары мен қаруды басқаруға, сонымен қатар, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шешімдерге ерекше көңіл бөлінді. Көрме аясында орталық диалогтік көрме алаңдарының біріне айналған «Қазақстандағы ғарыш күндері» Халықаралық көрмесі, «Cyberand Digital Securtiy» конференциясы, «Advanced Def Tech» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

 

Фотограф: Артем ЧУРСИНОВ

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?