Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Ленин өлгенде...

3072
Ленин өлгенде... - e-history.kz
Сіздердің назарларыңызға Владимир Ильич Лениннің тұлғасын ашатын социалистік поэзияның әдеби шығармашылығынан үлгілерді ұсынамыз

Қазан жақындаған сайын, біздің есімізге осыдан жүз жыл бұрын, 1917 жылдың қазанында болған оқиғалар еске оралады. Қазан революциясының нәтижесінде Уақытша үкімет құлатылып, ал билік басына В.И. Ленин бастаған большевиктер келді. Совет үкіметі жылдарында бір емес, бірнеше ұрпақ тәрбиеленген дүниежүзі пролетариаты көсемінің идеалистік бейнесі қалыптасты. Сіздердің назарларыңызға Владимир Ильич Лениннің тұлғасын ашатын социалистік поэзияның әдеби шығармашылығының үлгілерін ұсынамыз. Өлеңнің авторы – Жарма ауданынан шыққан Әріп атты қазақ ақыны. «КСРО халықтарының шығармашылығы» атты жинақта В.И. Лениннің өліміне арналған шығармашылар ерекше орын алды. Түрлі халықтардың өкілдері көсемнің өлімін жүректеріне жақын қабылдап, қайғырды, соның нәтижесінде өзіндік бояуы бар фольклор пайда болып, онда Лениннің жинақтаушы бейнесі қалыптасты. Ол – әке, құтқарушы, қорғаушы, және өмірдің жарқын күні.

1924 жылы Жарма ауданынан шыққан Әріп ақынның Ленин өліміне қатысты шығарылған жоқтауы жазылып, аударылды. 

                  * * * 

ЛЕНИН ӨЛГЕНДЕ

Шал кетті таң атқан соң, сиыр бағып,

Кешке жақын келеді жалбақ қағып.

Торқасқасын борбайлап, ойбай салып,

Көзінен ағыл тегіл сорасы ағып.

Сиыры көрінбейді, өзі жылар,

Не болғанын білмекке кемпір құмар.

Таңырқап күтіп тұрды балалары

Деді де бір әңгіме болған шығар.

Зар жылап жақындады басып бетін,

Еңіреп қалдық қой деп қазақ жетім.

Көзіміз жаңа ашылған жұмыла ма

Құдай-ау, осындай ма құдіретің.

Ауылға келіп қалды арттағы мал,

Өксіп-өксіп жылайды талықсып шал,

Бетіне су бүрікен соң есін жиды

Бола ма кәрі адамға бұ да оңай хал.

Шалды малға жіберген ауыл саппас,

Ойбайлап не болды, деп ауыз жаппас.

Кемпірі ыза болып жұлқылайды

Не болды, жын соқты ма, деді қақпас.

Шал байғұс бас көтерді қарға батқан,

Көз жасы сақалына мұз боп қатқан.

Кемпірі шодамайға салып қалды

Таяғын алдыдағы артта жатқан.

Қамқоры кем-кетіктің Ленин басшы,

Сол өліпті, есіттім іспе жақсы.

Жұмылған көзімді ашқан сабырым-ай

Жын соқты демек түгіл аузыңды ашқы.

Сұрасты бала-шаға, қаты-қалаш,

Шалды үйге кіргізді де кешке талас.

«Қазақ па, жылағаның қайсы «Елен»

Егерде шын өлгені болғаны рас.

Ойбай-ау, «Елен» емес, Ленин дана,

Жетімге ата, жесірге болған пана.

Бостаншылық әперген сол емес пе

Күң мен құл боп кетпеп пе ең қатын, бала.

Жоқтады жұртқа теңдік өз құлындай,

Жаны ашып, бейнетқорды көрді ұлындай.

Отыз жыл қашып жүріп еңбек қылып

Түсірген падишасы дәл жұлындай.

Совнарком бастығы еді жеті жылдай,

Әділдік заң тәртібін тартқан қылдай.

Еркекке әйел теңелді, бай мен кедей

Тарихта іс қылған жоқ адам мұндай.

Жуаннан қара атымды сотпен алдым,

Теңдікке көз жеткен соң қайран қалдым.

Именбесе бере ме бет алдына

Төлеуін су түбіне кеткен малдың.

Ойбай-ау, неге айтпадың әуел бастан,

Жұртқа еңбек қылды деуші еді бала жастан.

Қамқоры кем-кетіктің Ленин кетсе,

Құлағандай болды да жерге аспан.

Құдай-ау, біз не болдық ол кеткен соң,

Айтып-айтпай немене күн өткен соң.

Жас бөбектей ашқан көз жұмыла ма,

Қазақ жетім қалмады-ау ер жеткен соң.

Кемпір мен шал жылады құшақтасып,

Балалар тағы шулап бетін басып.

Жасасын Совет өкметі, коммунизм,

Жастарға жаңа бақыт етсін нәсіп.

Материалды дайындаған Алтынзер ДӘУЛЕТБАЕВА

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?