Мұстафа Шоқай мұрасын зерттеу: архивтен жасанды интеллектіге дейін
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбдіуақап Қараның «Мұстафа Шоқай мұрасын зерттеу: архивтен цифрлық зерттеуге дейін» тақырыбындағы қонақ дәрісі өтті.
Кездесуге профессорлар, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты. Ғалым Мұстафа Шоқай мұрасын зерттеу тәжірибесімен бөлісіп, тарихи ізденісте архив материалдары мен цифрлық мүмкіндіктерді қолдану жөнінде әңгімеледі.
Дәрісте ғылыми зерттеу барысында жасанды интеллектіні тиімді пайдалануға ерекше назар аударылды. Профессор оның зерттеушіге қандай көмек бере алатынын, ғылыми жұмыстағы пайдасы мен қолдану мүмкіндіктерін түсіндірді.
Қатысушылар тарихи мұраны зерттеудің заманауи тәсілдерімен танысып, ғылыми ізденістеріне пайдалы ақпарат алды.
Назарларыңызға дәрістің бейне нұсқасын ұсынамыз.