Аида Балаева Ұлттық орталық музейдегі "Алтын Орда" жаңа көрме залын аралап көрді

Автор:
20.02.2026
1832
Аида Балаева Ұлттық орталық музейдегі "Алтын Орда" жаңа көрме залын аралап көрді - e-history.kz

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Аида Балаева Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейіндегі «Алтын Орда» жаңа көрме залымен танысты. Экспозиция қазақ мемлекеттілігінің бастауы болған тарихи маңызды кезеңдердің біріне арналған.

Экскурсия барысында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі музей экспозицияларын ұйымдастырудағы терең әрі ғылымға негізделген тәсілдерді атап өтіп, Алтын Орда мұрасын келер ұрпаққа кеңінен насихаттаудың мән-маңызына тоқталды.

Жаңа зал ашудағы басты мақсат – көпшілікті XIII–XIV ғасырлардағы Алтын Орданың тарихымен, мәдениетімен таныстыру, оның қазақ мемлекеттілігінің бастауы ретіндегі рөлін көрсету және қоғамның тарихи санасын қалыптастыру.

Көрмеде музей қорынан алынған 200-ге жуық жәдігер ұсынылған. Қалалық мәдениет бөліміне тұрмыстық бұйымдар, зергерлік әшекейлер, Алматы облысы Шеңгелді ауылы маңынан табылған Шағатай әулеті ақсүйектерінің салтанатты киіміндегі жібек маталардың қиындысы қойылған. Әскери өнер бөлімінде қару-жарақ элементтері көрсетілген. Мемлекеттік құрылымға арналған бөлімде Алтын Орданың басқару жүйесі, билеушілер генеалогиясы және Қазақ хандығымен тарихи байланысы баяндалады.

Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?
Жоғары
Орташа
Қанағаттанарлықсыз