Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Рухы мықты елдің сағы сынбайды

2659
Рухы мықты елдің сағы сынбайды - e-history.kz

Британдық сәулетші Норман Фостердің қолынан шыққан, астаналықтарға «Фара» деген атпен танымал ғимаратта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы орналасқан. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы Елбасының қызметін саралау арқылы тәуелсіз Қазақстанның тарихын зерттеу бойынша  үлкен жұмыс жүргізіп отыр. Оқырмандарымызды кітапхана қызметімен таныстыру үшін біз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Әмірхан Мұратбекұлы Рахимжановпен кездестік. Жұмысбастылығына қарамастан мекеменің қызметі туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп беруі үшін ол бізді өзінің жұмыс бөлмесінде қабылдады.

Астана – Елбасының төл баласы, бүгінде ол көптеген сұрақтарды шешудің халықаралық алаңына айналған: Сирия мәселесі бойынша, әлемдік дінбасылар Съезі, ірі экономикалық форумдар, жоғары форматтағы, оның ішінде ОБСЕ кездесулер өтеді. ОБСЕ Бас хатшысының қатысуы күтілетін қазанда өтетін Әлемдік діндер съезі кездейсоқ жоспарланбаған. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Қазақстандағы ОБСЕ миссиясымен бірлесіп, ОБСЕ миссиясының 20 жылдығын халықаралық конференция өткізу арқылы атап өтуге дайындалуда.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы екі ғимаратта орналасқан. Бірінші ғимаратта ҚР Тұңғыш Президентінің музейі орналасқан. Оны қалыптастыру бойынша жұмыс Алматыда басталғанымен, 2004 жылдың 28 тамызында Елбасы Жарлығымен құрылды. Бұл Елбасының 1997 жылдан 2004 жылдар аралығында жұмыс істеген тұңғыш резиденциясы. Бүгінгі күні ол резиденция Тұңғыш Президент музейі қызметін атқарып тұр. Бұл классикалық түсініктегі жай ғана музей емес. Экспозициялар мен қор көрмелері, сонымен қатар дөңгелек үстелдерден бастап, халықаралық конференцияларды өткізу арқылы музей мен Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасы жан-жақты жұмыс жасап, Елбасы қызметінің сан қырлылығы арқылы азаматтарға қазақстандық жолды түсіндіріп, көрсетіп келеді.

Бұндай мекеменің аналогтары барлық елдерде бар. АҚШ-та американдық президенттердің 13 орталығы, Мәскеуде Ельцин орталығы, Әзірбайжанда Әлиев орталығы бар, егер кейбір елдерде ондай орталықтар ақылы болса, Қазақстанда тегін. Президенттің тұңғыш резиденциясының Ельцин орталығынан ерекшелігі, онда Президенттің жұмыс кабинетінің интерьеріндегі бұйымдар, қалам, мінбер, үстел, телефон, тағы басқа заттардың түпнұсқалары сол күйінде сақталған.

Сенім грамоталары күміс залда тапсырылған, қазір ол жерде реконструкциялық жұмыстар жүріп жатыр. Фотолар сол кезді көріп, салыстыруға мүмкіндік береді. Келушілерді бұл қатты қызықтырады. Кабинет, жиһаз, кілемдердің түпнұсқалары сақталған. 1997 жылы Парламенттің қос палатасының біріккен отырысы өткен Күмбезді зал.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» ММ белсенді музей қызметін де жүргізеді, оның ішінде тұрақты жұмыс істейтін экспозициялар мен көрмелер, Елбасы музейінің қорында сақталған жылжымалы қор көрмелерін қалыптастырады. Қазақстан халқы Нұрсұлтан Назарбаевты Президент сайлаған 90-шы жылдан бастап Елбасына әр жылдары басқа мемлекет басшылары, делегациялар сыға тартқан сыйлықтар мемлекеттік есепте, қорда, сақтау орындарында орналасқан. Көрме қызметімен, экспозициялармен айналысатын қызметшілер олардың шығу тарихын зерделейді. Мысалы, осыдан көп жыл бұрын сыйға тартылған сыйлықтар бар, бірақ олардың атаулары жоқ және шығу тарихы белгісіз. Осындай сыйлықтарды танып-білу, олардың мағынасы мен шығарған елін білу үшін ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Кейін жұмыс нәтижелері деректер базасына енгізіледі. Бүгінде әр экспонаттың өз тізімдемесі мен суреті бар (қашан және қай жылы сыйланған немесе делегация қалдырған және музейде орналасқан).

Музей қызметі

Ғалым, профессор, ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұт Базарқұлұлы Қасымбековтың бастамасымен жылжымалы жобаларды жүзеге асырыла бастады. Бұл – қор көрмесі. Басқа өңірлерге шығару үшін экспонаттардың, экспозициялардың белгілі бір таңдауы өтеді. 2017 жылдың қарашасында 20 жылдың ішінде тұңғыш рет біз экспонаттарды Алматыға апардық. Астана көшіп, музей мен кітапхана көшкеннен кейін олар бірде-бір рет Алматыда болмаған. Қор көрмесінің жылжымалы жобасы арқылы біз еліміздің экономикалық, саяси дамуында қандай жетістікке қол жеткізгенін және осы жетістіктердегі Президенттің рөлі қандай болғанын көрсеттік. Елбасы қызметінің сан қырлылығы арқылы тәуелсіздік жылдарындағы қазақстандық жолды көрсеттік: не болды, неге қол жеткіздік, оның ішінде Астана дамуы. Ғалымдар, зерттеушілер бастамашы топпен бағдарламаны даярлады. Қор көрмесінің бағдарламасына әр жылдары басқа мемлекет басшылары табыстаған Елбасының 40 ордені енді. Бірқатар наградалар Назарбаевқа жаһандық ядроға қарсы қозғалыс көшбасшысы ретінде табысталған.  Ол 90-шы жылдардың басында ядролық қарудан бас тартып, барлық мемлекеттерді одан бас тартуға шақырған әлемдегі тұңғыш президент болды. Тәуелсіздік алған 26 жыл бойына ол ядролық қарудан бас тартудың жоспарлы саясатын жүргізіп келеді.

2017 жылы біз ұлттық университеттер негізінде 3 халықаралық конференция дайындап, өткіздік. Қазақ Ұлттық аграрлық университеті негізінде шетелдік студенттердің қатысуымен «Нұрсұлтан Назарбаев және жастар саясаты» халықаралық конференциясын, жоғары оқу орындары қызметкерлері үшін бірнеше семинарлар, студенттерге ашық сабақтар өткіздік. Бұл конференцияның тақырыбы – Елбасының жастар саясаты, еліміздің болашағы, жастар қозғалысының дамуы. Нұрсұлтан Назарбаев жастар дамуы мен жас ұрпақтың білім алуына жіті назар аударады. Мысалы, әлемде аналогы жоқ «Болашақ» бағдарламасы. Биыл «Болашақ» бағдарламасына 25 жыл толады. Оқыған оқу орнына, дарындылығына қарамастан мыңдаған бала, мектеп бітірушілер осы бағдарламадан өтіп, әлемнің жетекші оқу орындары: Гарвард, Оксфорд, Мәскеу, Шанхай, Пекинде оқуға мүмкіндік алды. Нәтижені көз көруде. Қазақстанға оралған бітірушілер инженер, ғалым, орталық және жергілікті атқарушы органдарда жетекші болып әр салада еңбек етуде. Елбасының арқасында өз елінде жақсы оқыған алдыңғы қатарлы жастар әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарында білім алып, алған тәжірибені Қазақстанда енгізу мүмкіндік алды.

«Нұрсұлтан Назарбаев моделі» атты келесі халықаралық конференцияда саясаткер, ғалым Махмұд Қасымбековтың саясатшылар тобымен бірге жазған  жаңа кітабының тұсаукесері өтті. Бұл кітап дамудың қазақстандық жолы туралы әңгімелейді, ол көптеген ғалымдардың, ЖОО оқутышыларының, мектеп мұғалімдерінің үстел үсті кітабына айналды. Көптеген шетелдік сарапшылар «Қалайша Нұрсұлтан Назарбаев осындай қысқа мерзім ішінде осындай табысқа қол жеткізді» деген сұрақ қояды. Бұл басылымда еліміздің дамуындағы басты бағыттар, негізгі тәсілдер сипатталған. Бүгінгідей тамаша білім, денсаулық сақтау, экономикаға қол жеткізу үшін Президент көптеген күрделі мәселелерді шешті.

Белгілі ғалымдардың, ЖОО ректорларының, озық ойлы жастардың қатысуымен орталық мемлекеттік музейде «Назарбаев көшбасшы ретінде» конференциясы өтті. Конференция аясында бес семинар, авторлармен кездесу өтті. Он күн бойы Алматыда қарқынды түрде жылжымалы жоба жұмыс істеді.«Әлем мойындаған көшбасшы» кітап көрмесіне Елбасы жазған және басқа тілдерге аударылған кітаптары қойылды, Елбасы туралы туғаннан бастап, мектептегі жылдары, алған білімі туралы тақырыптық-шолу экскурсиялары жасалды, көрмеге тіпті мектептегі журнал, табель, мінездеме, аттестаттарының көшірмелері де қойылды.

Бұндай іс-шаралардың бірегейлігі неде? Әдетте барлық көрмелер мен экспонаттар шыны астында, «қолмен ұстауға болмайды» деген белгі астында өтеді. Ал жылжымалы экскурсияларға 800-ден астам экспонат шығарамыз, оқушыларға құжаттардың көшірмелерін қолмен ұстауға рұқсат етіледі. Елбасының үлгісі оқушыларды үздік оқуға ынталандырады. Әр жылдарда сыйға тартылған кейбір заттарды киіп көруге де болады. Жастарды түрлі заттарды өлшеп көріп, экспонаттардың жанында суретке түседі. Бейнепроектор, фильмдер арқылы балаларға бәрін айтып береміз. Балалар үшін бұл ашық сабақ. Осындай тәсіл арқылы осы 26 жыл ішінде Қазақстанның даму жолының күрделі болғанын әр ауыл тұрғынына жеткіземіз.  

Келесі өңір Шымкент, Түркістан облысы болды. Ақпанда кітапхана директорының міндетін атқарушы, Президент Кеңсесінің бастығы Махмуд Қасымбековтың қатысуымен кітапхананың салтанатты ашылуы өтті. Кітапхана ұжымы «Халықаралық қызмет», «Ел дамуы» блоктары бойынша тұтастай экспозициялар жасады. Ашылғаннан кейін біз халықаралық конференция өткізіп, конференция материалдары жарияланған «Назарбаев моделі» үштомдық жинағын шығардық.

360 ғылыми жұмыс жариялануға өтінім ұсынды. Конференцияға ТМД елдері мен алыс шетелден 70 жұмыс қатысты. Олардың ішінде 9-ы (АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея, Үндістан) ағылшын тілінде сөйледі. Залда көпшілігі ағылшынша түсінетін  600-ге жуық студент болды. Бұл бүгінгі таңда жастардың дамуын және олардың бәсекеге қабылетті болуы үшін көп тіл білу қажеттігін түсінетіндіктерін көрсетеді. Заманауи ғылым мен жаңа білім бірінші кезекте ағылшын тілінде басылады. Конференциядан кейін біз мемлекеттік қызметкерлер үшін бірнеше семинар өткіздік.

Қазір қыркүйектің екінші жартысына жоспарланған Атырау облысына баратын жылжымалы көрме дайындалып жатыр. Біз жылжымалы жобаның, яғни қор көрмесінің, облыстың әрбір тұрғынына жеткенін қалаймыз. Тақырыптық экскурсиялар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар арқылы тұрғындардың бәріне қазақстандық жол тарихын жеткізсек дейміз.

Көшбасшының рөлін ғылым баяғыда-ақ дәлелдеп қойған, тіпті отбасы немесе ұжымда болсын тұлға әрқашан зор рөл атқарады. Қазақстандықтардың Елбасы сияқты көшбасшымен жолдары болды. Егер бұрынғы Кеңес Одағы құрамындағы басқа елдермен салыстырар болсақ, Қазақстанның қаншалықты алға кеткенін айтып жатудың қажеттігі жоқ.

Келесі бағыт – мұрағаттық бағыт. Бізде жылдар мен циклдар бойынша жүйеленген, 140 мыңнан астам цифрландырылған мұрағаттық құжаттар бар, олар: фото, бейне, аудиоматериалдар, құжаттар, Елбасының жарлықтары, қаулылары, өкімдері. Бұл құжаттарға қолданушылар кез-келген уақытта қолжеткізе алады. Биыл біз ҚР Президентінің Мұрағатымен бірге (Алматы) астананың жиырма жылдығына орай көрме дайындап, Астананың дамуына қатысты көптеген материалдарды көрсеттік.

Келесі бағыт – аналитикалық қызмет. Бізде 20-дан астам мықты сарапшы жұмыс істеп, түрлі сарапшылық форумдарға қатысады. Ел басшылығына аналитикалық материалдар мен экономика дамуы, ұлттық, экономикалық қауіпсіздік бойынша ұсыныстарды енгіземіз. Аналитикалық орталық түрлі халықаралық конференциялар өткізеді. Жуырда біз «Хонда» қорының белгілі жапондық ғалымдарымен ірі халықаралық симпозиум өткіздік. «Экология және болашақ» тақырыбы бойынша әлемдік деңгейдегі 18 ғалым қатысты. Жапондық ғалымдар қазақстандық әріптестерімен осы тақырыптағы жетістіктерімен және бағдарламаларымен бөлісті.

Келесі бағыт – білім беру-ағартушылық қызмет. Бізде апта сайын Қазақстанның барлық өңірінің жоғарғы оқу орнынан 50 студент келіп, қатысатын тұрақты әрекет ететін семинар жұмыс істейді. Біз Елбасы қызметінің призмасы арқылы ел дамуы, қазақстандық жол туралы айтып, оқытулар өткіземіз. Тыңдаушылар барлық пайдалы ақпаратты бойларына сіңіру үшін кітапханада барлық жағдай жасалған. Бұрын қолжетімсіз болып келген материалдарды қолдану арқылы ғалымдар тәуелсіз Қазақстанның тарихымен таныстырады. Біз әрқашанда ел дамуының трендіндегі өзекті тақырыптарды таңдаймыз – «Мәңгілік ел», «Қазақстандық жол», «Рухани жаңғыру». Қыркүйекте бізге Қызылорда облысынан және Алматы қаласының Қазақ Ұлттық аграрлық университет студенттері келеді. Бұл студенттер кітапханада алған бірегей білімді тасымалдаушылар, өңірлерге оралғаннан кейін олар ұжымдарда, топтарда, оқу орындарында түрлі кездесулер өткізеді. Елімізде бұндай жұмыстың аналогы жоқ.

Осындай форматтағы жұмысты ұлттық кітапханалар мен музейлер тарихында тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы енгізді, бұл форматта кітапханалар мен музейлер күнделікті кесте бойынша жұмыс істейді, десе де, қызметкерлердің бір бөлігі басқа өңірлерге шығып, халықтың көп бөлігін қамтиды. Елбасы кітапханасы өз жұмысын, Астана қаласын есептемегенде, бір айдың ішінде үш өңірді қамтитындай етіп ұйымдастырды. 

Елбасы кітапханасы Назарбаев Орталығы ғимаратында орналасқан ҚР Тұңғыш Президентінің Қорымен бірлесіп көптеген іс-шаралар өткізеді, мысалы, үздңк мақалаға, жарияланымға конкурс. Жуырда «Абай оқулары» конкурсы өтті. Бұндай іс-шаралар күнде өтіп тұрады.

Елбасы кітапханасы қызметтерінің қолжетімділігі – маңызды мәселе. Бұрын режимдік нысандарда күзет болып, фотоаппарат, телефон кіргізуге рұқсат етілмей, құжат, өтінім қажет болғаны құпия емес. Бүгінгі таңда кез-келген адам фейс-бақылау арқылы ешбір кедергісіз өте алады. Бірінші, екінші, үшінші қабатта орналасқан экспонаттар мен экспозицияларды тамашалауға кіре алады. Бірнеше тілде аудио-гидтер бар, топтар мен келушілер үшін  экскурсия жетекшілері бар. Бүгінгі таңда Елбасы кітапханасы, сонымен қатар ҚР Тұңғыш Президенті Қорының ғимараты барлық келушілер үшін қолжетімді және тегін жұмыс жасайды.

Елбасы кітапханасы – бұл өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап, Президент өз қолымен жинаған 28 мың кітап. Бұл кітаптар Елбасының үйінде сақталып келген, олардың жиегіне ол өз қолымен белгі-таңбалар жасап, стикерлер қыстырған. Олардың бәрі бүгінге дейін сақталып, кітапханаға тапсырылды. Императорлар мен корольдер сыйға тартқан кітаптар бар. Барлық кітаптар цифрландырылған, кітапхана сайтында қолжетімді.

Музей қоры өте үлкен, ол басқа елдердің делегациялары табыстаған наградалармен ұдайы толықтырылып отырады. Музей экспозицияларын жуырда Геннадий Головкиннің белбеулері толықтырды, оларды ол өзі Президентке сыйға тартқан. Олар сол күні музейге беріліп, көрмеге қойылды. Бұл туралы сол мезетте-ақ жүздеген бала, GGG табынушылары естіп-біліп, келіп экспонаттарды тамашалады.

Олимпиада қозғалысы залында Денис Теннің костюмі қойылған, бұл костюммен ол Сочи Олимпиадасына қатысып, қола жүлдені иеленген. Келушілер осында келіп, қарап, оның аяқ асты қазасына қайғырады.

Мемлекеттік қорлар арқылы жаңа кітаптар толықтырылып, цифрландырудан өтеді. Президентте кітап көп, бірақ ол танымал трендтер, мемлекет табыстылығының құпиясы ашылатын экономикалық тақырыптардағы кітаптарды ұнатады. Оған келіп түсетін әр құжатты ол өзі зерделеп, жиегіне белгі жасап қояды.

Кітапханада Нұрсұлтан Назарбаев қонақтарды қабылдай алатын кабинет бар, бірақ Елбасының жұмыс кестесі тығыз болғандықтан, бұндай жағдай өте сирек болып тұрады.

Келудің бірыңғай тәртібі бекітілген – кітапханаға адамдар дүйсенбіден басқа кез-келген күні келе алады. Алғашқы жылдары кітапханаға күніне 100-200 адам келетін, қазір 1000 адамға дейін келеді. Бірақ кітапхана залдары келуге ниет білдіргендердің бәрін сыйдыра бермейді. Осыған байланысты кітапхананың екінші кезегін салу туралы шешім қабылданды. Жаңа ғимаратта 2000 орынға арналған зал қарастырылған. Қордың көптеген экспонаттарын экспозициялардан көруге болады. Бұл Елбасы кітапханасының қызметіне жаңа әрі тың күш бермек.

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?