Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Домбыра күнінде еуропалық қыпшақтар үн қосты

2257
Домбыра күнінде еуропалық қыпшақтар үн қосты - e-history.kz
Ұлттық домбыра күні алғаш рет Қазақстанда 1 шілде күні аталып өтті. Астананың бас алаңы Қазақ елі монументі алдында 2000 адам бір мезетте күй тартты

 

 

 

 

 

 

 

Домбыра күні тек Астанада ғана емес, еліміздің барлық аймағында да аталды. Облыс орталықтарының алаңдарында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Ұлттық мұраға деген ізгі құрмет шетелден де келіп жатыр. Соның бірі – 18 жастағы Золтан Хустидің тартуы.

Мажарстанда 2000 жылы туған Золтан Хусти Будапешттегі Валдорф гимназиясында оқиды. 2017 жылы күзде Алматыда өткен домбыра конкурсына қатысып 3-орынды жеңіп алған.

Қазақ еліне жолдаған бейнеүндеуінде З. Хусти: «Домбыра күніне орай барша қазақ бауырларыма сыйлық ретінде өнерімді көрсеткім келді. Өз орындауымдағы атақты «Балбырауын» күйін сіздерге жолдаймын» дейді.

Есімі негізінен «сұлтан» деген мағына беретін Золтан Мажарстан астанасындағы домбыраның кішігірім курстарына барып жүріп, өздігінен үйренген. Өзін қыпшақ нәсілді деп есептейді. Бұл бізге белгілі мажар ғалымы Қоңыр Иштваннан қалған ғибратқа ұқсады.

«Қазақстан тарихы» порталы қазақ еліне күй тарту жасаған Золтан Хусти бауырымызға достық сәлем жолдап, осындай екі елдің бауырластық қарым-қатынасын нығайтуға үлес қосқан Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігіне алғыс білдіреміз.

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?