Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ТЕҢГЕ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

3440
ТЕҢГЕ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?  - e-history.kz
15 қараша Қазақстанда Ұлттық валюта – теңге күні. Қазақстанның ақшасы туралы, сіз, әлі күнге дейін білмеуіңіз мүмкін қызықты фактілер

Қазақстан бұрынғы КСРО-ның рубльдік зонасынан соңғы болып шыққандардың бірі. Ұлттық валютаны жасау талай жылғы еңбекті қажет ететін ауыр да қажырлы үдеріс. Алайда, 90-шы жылдардың басында біздің еліміздің ондай көп уақыты болған жоқ. Бірнеше жылдың ішінде Қазақстанның ұлттық валютасының дизайны жасалып, бекітіліп, «теңге» деген атау алды. Қазақстанның тұңғыш ақшасы Лондонда басылып шықты. Теңгені республикаға жеткізу үшін 18 әуе рейсі жасалып, төл ақшамыз 8 күннің ішінде бүкіл қазақстандық банктерге шоғырландырылды.

1993 жылдың 15 қарашасы қазақстандықтардың есінде жақсы сақталған, бұл күні кеңестік рубльді ұлттық валютаға айырбастау басталды. Бүгін Қазақстан өз Монета сарайы бар ТМД-дағы төрт мемлекеттің бірі. Осы жылдар ішінде теңге банкноталары үш рет әлемдегі үздік банкнота болып танылды. Теңге – қолдан жасаудан әлемдегі ең қорғалған валюта. Өз тарихын XVIII ғасырдан бастайтын долларды басып шығару үшін біздің тәжірибеміз алынды. Оқырмандарымыздың назарына қазақстандық теңге тарихынан қызықты фактілерді инфографика түрінде ұсынамыз.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?