Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Генерал-майор Тузиков Владимир Владимирович

2958
Генерал-майор Тузиков Владимир Владимирович - e-history.kz
Офицерлік қызметін Орта Азия және Түркістан әскери округтерінде атқарған. Тылдық қамтамасыз ету жүйесі бойынша құрама, армиялық корпус, армия, округке қарасты штабтарда жауапты қызметтер атқарған

1951-ші жылы Қытай Халық Республикасының Құлжа қаласында дүниеге келген. 1973-ші жылы Қырғыз мемлекеттік университетін,1977-ші жылы Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесін, 1986-шы жылы Тыл және транспорт әскери академиясын бітірген. Офицерлік қызметін Орта Азия және Түркістан әскери округтерінде атқарған. Тылдық қамтамасыз ету жүйесі бойынша құрама, армиялық корпус, армия, округке қарасты штабтарда жауапты қызметтер атқарған. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас штаб бастығының тыл жөніндегі орынбасары лауазымын атқарған. Бірқатар мемлекеттік наградалармен марапатталған. 

Әскери жүйенің құрылысы деген түсінік бар. Ол тоқтаусыз, үнемі жалғасын тауып отырады. Тоқтаса, тоқырау басталады дей беріңіз. Кешелі жасаған тірлік бүгін ескіріп қалады, бүгінгісі ертеңге жарамсыз дегендей. Қару-жарақтың ескіріп, орнын жаңа үлгілер басуы осының мысалы. Шүкір, біздің әскер де уақыт озған сайын заман талабынан қалыспай, ілгерілеп келеді. Қай бағытын алсақ та. Бұл ретте киім үлгісін жаңарту тұрғысында әлмді артта тастаған шығармыз. Далалық және күнделікті үлгілердің қаншалықты ауысқанынан жаңылдық. Далалық және күнделікті үлгілердің қаншалықты ауысқанынан жаңылдық. Түсі де, пішіні де, матасының сапасы да ауысты. Шынымды айтайын, қазір киіп жүрген соңғы үлгісі көңілінен шықпады. Әсіресе, бас киімі. Алдыңғысы әлдеқайда әдемі көрінетін. Бірақ талғамға қатысты дауласу әбестік. Мүмкін әлі көзіміз үйренбей жатқан болар. Погонымыз ауысқанда «қыздың жасауындай ою-өрнегі несі» деп, сын айтқанымды мойындаймын. Бүгінде ол ойымнан қайттым. Сірә, бәріне уақыт керек шығар. Әрбірден соң, біртектілікті ғана мойындайтын әскер ғой. Газет фототілшісінің суретке түсірер алдында «долго быть однообразно, все в штанах, либо все без штанов» дегені еске түседі. Міне, кезекті сондай «форма реформасының» барысында генерал Тузивковпен таныстым.

Газеттің көршісі тұрмыс қажетін өтеу комбинаты болды. Олар 1-ші, редакция 2-ші қабатта жайғасқан болатын. Сол ұжымның сапында көркемдеуші-суретшілер болды. Леша Чекменев пен Саша Лельчин жан-жақты жігіттер еді. Спорт, музыка, өнер – барлығына жүйрік жігіттер. Солардың арқасында белгілі әнші, «Плоттың» авторы Юрий Лозамен жақыннан таныстым. Бір аулада өскен азаматтар екен. Сол он саусақтарынан өнер тамған суретшілермен жақын араластым. Міне, сол жігіттер жаңа форманың үлгілерін жасады. Іске жауапты «тыловиктер» тарапынан бұл шаруаның барысын генерал қадағалады. Эскиздердің салынуын байқауға жиі келіп тұрды. Әңгімешіл, ашық, жақын мінезді, сеніп тапсырылған іске асқан жауапкершілікпен қарайтын генералмен жиі тілдестім. Көп нәрсеге қанық болғаным рас.

Атап айтқанда, офицерлер ортасында жиі естілетін «Прошу любить и жаловать» деген сөздің мән-мағынасын, шығу тарихын генерал түсіндіріп берген еді. Рас, орыс тіліндегі небір қанатты сөздердің этимологиясын жақсы білмегенім үшін ұяттылау болдым, бірақ, үйренгеннің айыбы жоқ қой. Бір сөзбен айтқанда, Владимир Владимировичпен түсіндірме сөздігі бойынша шамалы болса да дәріс алған жанмын.

Сәндібай КҮМІСБЕКОВ

El.kz

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?