Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Жоңғардың «Аюқарасын» жеңген Шыңқожа батыр ескерткіші ашылды

4231
Жоңғардың «Аюқарасын» жеңген Шыңқожа батыр ескерткіші ашылды - e-history.kz
Шынқожаның батыр атағы алғаш шыққаны – Жонғардың «Аюқара» атанған Доба деген батырымен жекпе-жекке шығып, оны өлтірген кезі, ол кезде батыр 21 жаста екен.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Аягөз ауданының Нарын ауылдық округінде Шыңқожа батырға арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті,-деп хабарлайды e-history.kz порталы Baq.kz порталына сілтеме жасап. 

cbb7184b54d648c0f65b8fa76ce757b3.jpg

Шыңқожа батыр Базарқұлұлы (1706 қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы) – аға батыр. Шыңқожа батыр - найман ішіндегі қаракерей руының тума тармағынан шыққан. 1727 ж. Бұланты-Білеуті шайқасында жеке ерлігімен көзге түсіп, жас батыр атанған. 1730 ж. Аңырақай-Алакөл шайқасына, 1741 ж. Шыңғыстаудағы Шаған шайқасына қатысып, тума, тоқпақ, байғана руларынан құралған жасаққа басшылық еткен. 1752 – 1754 ж. Жетісу, Алтай, Тарбағатай өңірлерін жоңғарлардан азат ету жорықтарында дарынды қолбасшы ретінде ел құрметіне бөленді. 

c6e9111eac4487d6b28274ef1ae45250.jpg

Шынқожаның батыр атағы алғаш шыққаны – Жонғардың «Аюқара» атанған Доба деген батырымен жекпе-жекке шығып, оны өлтірген кезі, ол кезде батыр 21 жаста екен. Осындан бастап талай шайқастарда ерен ерлігімен көзге түскен батырдың даңқы ел арасына кетеді.

Қазақ-қырғыз арасында болған қақтығыста Шыңқожа қоршауда қалып, өз бармағын қылышпен шауып орап, сау қалған батырларға қазақ жерінде көмуге аманат ретінде тапсырған, өзі сол "Жайыл қырғыны” деп аталған шайқаста ерлікпен қаза табады. Шыңқожаның денесі қай жерде жерленгені белгісіз, ал бармағы осы Шынқожа ауылында Нарын өзеннің бойындағы төбеге көмілген. 

d8fa5a76b6afb0fde78014b218008fe9.jpg

Шынғожа батыр ескерткіші бұрынғы Семей облысының Аякөз ауданының Шынғожа ауылыда, Алматы - Өскемен автомобиль жолы бойында орналасқан. Шынғожа ауылының аты да – батырдың есімімен тікелей байланысты.

Қазақтың хас батыры Шыңқожа Базарқұлұлының ескерткішін салтанатты ашылуына байланысты Нарын ауылдық округінің мәдениет үйінде «Шыңқожа батыр және Аягөз өңірінің әдеби- мәдени шежіресі» тақырыбында конференция өтті. Аягөз қаласының ипподромында қазақ үйлер тігіліп, құран бағыштап (ас беріліп), қазақтың ұлттық ойындары аударыспақ, теңге алу, қыз қуу, қазақ күресі, тоғыз құмалақ және үш санатта ат жарысы, құсбегілік, жамбы ату ойындары өтті. 

bc5338b345930dd175f0ce3dc718bea2.jpg

Аягөз қаласының орталық алаңында Қазақстан Республикасының эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева, Әли Окапов, Ақылбек Жеменей, Абай Бегей, Тоқтар Серіков, Бейбіт Сейдуалиевалардың өнер көрсетуімен гала концерт өтті.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?