«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Атақты Берел қорғанынан 1 адам мен 7 жылқының сүйегі табылды

738
Атақты Берел қорғанынан 1 адам мен 7 жылқының сүйегі табылды  - e-history.kz
Археолог Зейнолла Самашев алтындалған тағы 5 аттың сүйегі жатқанын айтады. Ал ең маңыздысы осы қорғанда басына үлкен құмыра қойылып, сол дәуірде сақ патшаларына ықпалы болған тағы бір адам жерленіпті

Шығыс Қазақстан облысындағы Берел жазығындағы сақ патшалары жерленген обалардан археологтар тағы да тың жаңалық ашты. Нөмірі 2-інші қорғаннан өз заманында өте ықпалды тұлға болған адамның мүрдесі мен алтынмен апталып, күміспен күптелеген 7 ат табылды. Бұл туралы «Хабар» арнасының Шығыс Қазақстандағы тілшісі Олжас Керейхан хабарлады. 

Зейнолла Самашев бастаған археолог-ғалымдар мұны әлемдік артефакты депе теңдессіз жаңалыққа балап отыр. Бұл игі хабарды облыстың әкімі Даниял Ахметов пен әкімдіктің жауапты қызметкерлері арнайы тамашалап қайтты. Сондықтан археологтарымыз бұл жұмыстарын Тәуелсіздіктің 25-жылдығына сыйлық ретінде ұсынбақ. 

74a4583c985eff092057b107c2f3f4fe.jpg

Археологтардың алдын ала болжауынша, алтынмен апталған бұл аттар сақтар дәуіріне тиесілі. Қорғаннан әзірше 2 аттың сүйегі шықты. Археолог Зейнолла Самашев алтындалған тағы 5 аттың сүйегі жатқанын айтады. Ал ең маңыздысы осы қорғанда басына үлкен құмыра қойылып, сол дәуірде сақ патшаларына ықпалы болған тағы бір адам жерленіпті. Әзірше ол толық ашылған жоқ. Ат әбзелдері алтыннан құйылған түрлі құстардың бейнесімен безендірілген. 

Зейнолла Самашев, археолог, тарих ғылымдарының докторы: 

– Еліміздің ширек ғасырлық мерейтойына бізде өзімізше сый тартайық деп ойладық. Биылғы жылы археологиялық қазба жұмыстары Берелде жалғасқан болатын. Екінші обадан аса құнды олжалар тауып отырмыз. Ұлттық тарихымыздың сол ақтаңдақ шақтарының барлығын шешетін жақсы құндылықтар табылып жатыр. Әлі де табылады. Жер бетінен жеті метр тереңдікте жерленген қорғанның ені 4, ұзындығы 5 метр болады. Ал 20 жыл бұрын 11-інші қорғаннан табылған жәдігерлер бүгінде ұлттық мұражайда тұр. 

a3f53e28a3fdf51862b563b37bd36f00.jpg

Олжас Керейхан, тілші:

– Жалпы Берел жазығында сақ патшаларының 100-ден астам қорғаны шоғырланған. 1998 жылдан бастап археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. Нәтижесінде кешегі тасқа қалаған тарих бүгінгі ұлттық тарихымызға мол мұра болып қосылып жатыр. Енді осы мұраны насихаттау үшін қорғандардың өзінен аспанасты мұражайы жасақталмақ. Ол үшін облыстық бюджеттен 40 миллион теңге бөлінетін болды. Ал алдағы жылдары өңірдегі барлық археологиялық қазба жұмыстарынан табылған жәдігерлерден үлкен мұражай салынбақ. 

Даниал Ахметов, облыс әкімі: 

– Бес жылдың ішінде біз Өскеменде мұражай салуымыз керек. Оған тамаша мүмкіндігіміз бар. Аз уақыттың ішінде тамаша ғимарат салып, мыңдаған кісілер қазақтың тамаша жеріне келу керек. Биыл облыстағы үш ауданда археологиялық зертеу жүріп жатыр. Қыркүйек айында осы қазба жұмыстардың нәтижесі бойынша Орталық Азия мен Еуропадағы белгілі ғалымдардың қатысуымен үлкен басқосу өтпек. Сол кезде 2-інші қорғаннан табылған мүрде мен жылқы сүйектеріне генетикалық сараптама жасалды.

Сауалнамалар
Қандай бұйым үйіңіздің төрінде тұр?