Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Әлихан Бөкейхан ізімен» экспедициясы. Екінші күн

1965
«Әлихан Бөкейхан ізімен» экспедициясы. Екінші күн - e-history.kz
Экспедицияның негізгі мақсатынан хабардар болып, жолығуға келген Әлиханның ұрпағы болып саналатын Айсәуле әжеймен және оның туыстарымен жүздесті

Қазақ Географиялық Қоғамы ұйымдастырған «Әлихан Бөкейхан ізімен» экспедициясының екінші, 6 шілде күнгі жолсапары Тоқырауын өзені бойындағы Ақтоғай өлкесінде жалғасты. 

Ғасыр бұрын Тоқырауын болысы, қазіргі кезде Ақтоғай аталатын бұл өңір – Алаштың үш арысы: Әлихан Бөкейхан, Жақып Ақбай, Әлімхан Ермек туып-өскен киелі мекен. Сонымен, экспедиция мүшелері Алаш қозғалысының көшбасшысы туған ауылдағы Өлкелік мұражайда болып, сол елдің тұрғындарымен, жолсапар мақсатына қызығушылық танытқан жұртшылықпен кездесіп, аудан басшылығы, сол жердің өлкетанушы азаматтары ұйымдастырған дөңгелек үстелге қатысты. 

02a07b5e9f6cae22edcafe273f56a6d6.jpg

Экспедиция мүшелері жасақталған экспедицияның мақсатын түсіндіріп, ЮНЕСКО көлемінде мерейтойы аталып өтіп жатқан ұлы тұлғаның өмір жолы, қызметі туралы айтып өтіп, дөңгелек үстелге қатысушылармен пікір алысты. 

Ең басты айта кетер жайт, экспедиция мүшелері сол жерде Қазақ Географиялық Қоғамының «Әлихан Бөкейхан ізімен» деген атаумен танымдық экспедиция ұйымдастырғанын, оның негізгі мақсатынан хабардар болып, жолығуға келген Әлиханның ұрпағы болып саналатын Айсәуле әжеймен және оның туыстарымен жүздесті. Айсәуле әже қазақ тарихындағы сұрапыл кезеңнің, қуғын-сүргіннің есте қалған оқиғаларын айтып, Әлихан ауылының тағдырын, әулеттің ауыр да азапты күндері елесінен сыр шерте кеңінен әңгімелеп берді. 

947eae63cce6701680b54b42ffa193d5.jpg

Кейін жиынға қатысушылардың барлығы естелік үшін Ақтоғай ауданында орнатылған үш арыстың мүсіні алдында естелік үшін суретке түсті. Ал біздің команда сапарын ары қарай жалғастырып, Қарағандыға жол тартты. Облыс орталығына жету аса қиындық тудыра қойған жоқ. Тіпті күн райы да экспедицияның жолын ауырлатпайтындай жанға жайлы болып, қоңыржай самал есіп тұрды. 

Қарағандыдағы кездесу ғылыми ортада болды. Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік үниверситетінің Тарих факультетіндегі жиынға университет оқытушылары, Алаш тарихын зерттеп жүрген мамандар, танымал тарихшылар, облыстық мәслихат депутаттары қатысты. 

0fde98a17074038dec34b377382b7ab8.jpg

Мұндағы қозғалған тақырып мазмұны тереңге бойлап, Алаш тарихы, оның зерттелу жайы, Әлихан Бөкейханның қоғамдық қызметі мен оның қазіргі кездегі зерттелу жайында өрбіді. Еркін пікір алысу сипатында өрбіген отырыста барлық қатысушылар Қазақ Географиялық Қоғамы ұйымдастырған «Әлихан Бөкейхан ізімен» экспедициясына қолдау білдіріп, мұның елдік маңызының зор екенін, бабалар алдындағы борыштық қарызды өтеу жолындағы үлкен әрекет екенін айтысып, жолсапардың сәтті болуына тілектестіктерін танытты. Ал мәслихат депутаттары облыс көлемінде көше, мектеп, елдімекендерге ұлы тұлға есімін беру мәселелерінің қозғалып жатқанын және мұның таяу арада шешімін табатын мәселе екендіктерін айтысты. 

87d43275d09183dda233b15c18472af4.jpg

Экспедицияның басты мақсаты Әлихан Бөкейханның қоғамдық істерін насихаттау, еңбектері туралы елге таныту және елішілік туризмді дамыту болғандықтан, алға қойылған міндеттер ойдағыдай атқарылып, экспедицияның жүрген жолы картаға түсіріліп отырды. Экспедиция аяқталғаннан соң ол карталарды әркім өз пайдасына жарата алады. 

 Қазақ Географиялық Қоғамы

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?