Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Сәкен Сейфуллиннің «Сарыарқа», «Әупілдек» атты екі күйі табылды

761
Сәкен Сейфуллиннің «Сарыарқа», «Әупілдек» атты екі күйі табылды - e-history.kz

Бұл күйлер ақынның абақтыда отырғанда елге деген сағынышынан туған. 

Сәкен Сейфуллиннің «Сарыарқа», «Әупілдек» күйлері табылды. 

24.kz телеарнасының жазуынша, бұл күйлер ақынның абақтыда отырғанда елге деген сағынышынан туған. Күйді әйгілі қобызшы Дәулет Мықтыбайұлы орындаған. Қобызшы күйді 1964 жылы Қазақ радиосының алтын қорына тапсырған екен.

 “Бұл кісінің қылқобызбен тартқан екі күйі табылды. Мәселен, «Сарыарқа», «Әупілдек» деген екі күйі алтын қорда тұр. Алматыда. Соны мен түсіріп келдім. 24 тамыз күні 1964 жылы атақты қобызшы Дәулет Мықтыбайұлы қазақ радиосына барып орындап берген. Архивке жазып кеткен екі күй деп. Ол құжат тұр.  Сәкеннен қалған екінші күй – «Әупілдек». Бұл күй Сәкен серінің сергелдеңге түскен уақытында жазылған”, – дейді тарих ғылымдарының докторы Марат Әбсемет.

Алайда осы күйлердің бүгінгі күнге дейін жарияланбауының себебін тарих ғылымдарының докторы Марат Әбсемет Кеңес үкіметінің саясатымен байланыстырды. Бұл күйдің Сәкендікі екенін, ақынның інісі Мәжиттің қызы София Сейфуллина да растайды.

“Сәкеннің әкесі де күй жазған. Сәкеннің өзі де күй жазған. Ол қобыз тұрмақ пианинода ойнаған. Ол неше түрлі өнерге құмар болатын адам. Оған күмән келтіруге болмайды. Сәкеннің әлі де көп дүниесі ашылмаған”, – деді София Сейфуллина.

Соңына өшпес мұра қалдырған Алаштың айбоз ұлы Сәкен Сейфуллин 1937 жылы халық жауы ретінде тұтқындалып, абақтыға қамалды.  1938 жылы Алматы маңында атылды деген дерек бар. Бірақ одан кейін Магаданда көрдік, сонда  жерленді дегендер де болған. Өкініштісі артынан сол Магаданға талай жоқшы іздеп барғанмен, мұз тоң болып өсіп кеткендіктен есіл ердің сүйегін таба алмады. Оның ізінен ерген Аяны да Сәкеннің артынан іздеп барған әйелі Гүлбаһрамның қолында, суық тиіп Көкше жерінде қайтыс болған. Сөйтіп артында ұрпақ қалмады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?