Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Тарихшы balaqai» жобасы жарық көрді

329
«Тарихшы balaqai» жобасы жарық көрді - e-history.kz

«Қазақстан тарихы» интернет-жобасы балалар контентін дамыту, ұлттық құндылықтарды балақайлардың бойына сіңіру мақсатында көптеген жобаларды жүзеге асырып келеді. Енді назарларыңызға жаңа контент, жаңа жоба «Тарихшы balaqai» бағдарламасының алғашқы санын ұсынамыз. 

Таратып айтар болсақ, елімізге белгілі тележүргізуші Аяулым Мұратқызы мен журналист-продюсер Ернар Тайжан балақайларға арнап төл тарихымызда есімдерін жазылған тұлғалардың суреттерін кішкентай балаларға көрсету арқылы тарихи танымды, ұлттық құндылықтарды дәріптейді. Жобаның маңызы – сурет арқылы ұлт тұлғаларын мен тарихи маңызды оқиғаларды ұрпақ жадына сіңіру. Бағдарлама бүлдіршіндердің ғана емес, жасөспірімдердің де талғамына сай келетін тың жоба. Қазақ және орыс тілдерінде жарық көретін бұл жоба аптасына 1 мәрте шығатын болады. 
 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?