Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Әмір Темір: 10 дерек

1264
Әмір Темір: 10 дерек - e-history.kz

Әмір Темір Шығыс жерлерінің көп бөлігін бағындырған жауынгер және қолбасшы ретінде тарихта қалды. Ол өмір сүрген уақытта Азия халқы оны пір тұтса, Еуропалықтар одан сескенді. Алтын орда, Осман империясы, Мысыр, Үндістан және басқа мемлекеттердің әскерлерін тізе бүктірген білікті қолбасшы болды. Парсылар өздерінің шежірелерінде оны «Тимур-Е Лянг», яғни «Ақсақ Темір» деп атап, оның аяғының кемістігі туралы көп айтты. Еуропалық дереккөздерде  «Тимур-Е Лянг» Темірлан деп оқылды. Ал шын мәнінде оның шын есімі  - Тимур ибн Тарағай Барлас. Азия мен Еуропа халқын дүрліктірген Әмір Темір туралы бірнеше дерек ұсынамыз. 

  1. Темірлан кедей отбасында дүниеге келген. Дені сау және епті бала болып өсті. Бала соғыс ойындарын жақсы көрді, ал есейген кезде ол бірнеше апта бойы аңшылықта жүретін. Оның ұлтына қатысты бірнеше ақпарат бар.  Сүйегін зерттеген ғалымдар қолбасшыны  моңғолоид-кавказдан шыққан деген қорытындыға келді. Ол Орта Азия аумағының қазіргі ұлттары әлі қалыптаспаған уақытта өмір сүрді. Өзбектер, қазақтар, ұйғырлар, алтайлар мен хакастар болмады. Әмір Темір 68 жасында қайтыс болды. Антропологтар оның сүйегін зерттеген кезде оның билогиялық жасы 50 жастан аспаған деген тұжырымға келді. 
  2. Жеңілу дегенді білмейтін Ақсақ Темір өзін кемеңгер хандардың тізіміне кіргізбеген. Оның бірден бір себебін ол өзін Шыңғыс хан әулетіне кірмегендігінен көрді. Шыңғыс ханның отбасына жақын болу үшін  Сарай Мүлік ханымға үйленуге мәжбүр болды. Күйеу баласының құқығында Шыңғыс хан әулетімен  одақ құра алды. 
  3. Әмір Темір Сеистанда (Иранның Оңтүстік-Шығысындағы және Ауғанстанның Оңтүстік-Батысындағы аймақ) ауыр жарақат алды. Бұл уақытта ол өзінің жақтастарымен бірге моңғолдармен шайқасып жүрген еді. Текетірескен осындай соғыстың бірінде Әмір Темір оң қолының екі саусағын және аяғын сындырып алды.  Дәл осы уақыттан бастап ол соғыста қауқарсыз екенін түсінеді. 
  4. Оның әскері әдеттегі ондық жүйеге сәйкес құрылды. Әскери бөлім келесідей бөлінді: арбан (он), джагун (жүз), минган (мың) және түмен (он мың). Атақ-даңқының шыңында Әмір Темір 20-ға жуық таңдалған атты жауынгерлері болды. Әрине, мұндай үлкен әскерді қандай да бір жолмен басқару керек еді. Тек ұрыста ғана емес. Сонымен, оның арнайы құрылымы болды. Қазіргі Қорғаныс министрлігі сияқты. 
  5. Әмір Темір ешқашан орыс князьдіктеріне тиесілі солтүстік-батыс жерлерді жаулап алуды қарастырмаған еді. Тек бір рет қана ол өз әскерімен бірге Ресей жерінде табан тіреді. 1395 жылдың көктемінің басында болды. Ол уақытта Әмір Темірдің орыс князьдерімен соғысу туралы жоспары болмаған еді. Әмір Темір әскерімен  Тоқтамыстың көзін  біржола жою үшін Кавказ таулары жағынан келді.  Терекедегі екі армияның шайқасы Әмір Темірдің жеңісімен аяқталды. Тоқтамыс тағы жеңілгенін біліп  Еділдің Болгар маңына қарай қашты. Әмір Темірдің әскері   Әмір Темірдің жауынгерлері жеңілген жақтың дүние мүлкін алып, иелік етті. Осымен олар Рязань жерлеріне дейін жетті, онда олар Елец қаласын тонап, өртеп жіберді. 
  6. Әмір Темірдің сауатсыз болғаны жайлы ақпарат таралған. Негізі олай емес еді. Ерте жасында ол өзінің тәлімгері - Мира Саид Барактан үйренді сауаттылыққа үйренеді. Кейіннен Әмір Темір кез-кеген шайқасқа шығар алды тәлімгерінен бата алып отырған деседі. Талантты және қабілетті ол бірнеше шет тілдерін білді және шетелдік ғалымдармен еркін сөйлесе алды. Кейде ғалымдардан білімі жағынан асып түсті. Тарихшылар Әмір Темірдің қатыгездігі туралы да жазып жатады. Оның жауынгерлері тайпалар мен қауымдастықтарды жойғанын, сәбилерді де, әйелдерді де, қарттарды да аямағаны жайлы аңыз ақпарат көп.  Сонымен қатар, Әмір Темір өзінің қанды жорықтарынан қолөнершілерді, суретшілерді, сәулетшілерді әкелген. Ол өзінің бұйрықтары бойынша жүздеген қалалар мен елді мекендерді қиратып, өртеп жібергенімен кейіннен оларды белсенді түрде қалпына келтіріп, жолдар мен көпірлер салды. Ғылымның мен білімнің дамуын құптады.
  7. Шығыс салтына сәйкес, Әмір Темірдің де көп әйелі болған. Нақтырақ айтсақ он сегізге жуығы болды. Тимурдың сүйікті әйелдері Үлжай-Түркан  және Сарай-Мүлік ханым болды. Ең қызығы, біріншісі оның серігі Мавераннахр билеушісі Әмір Хусейннің әпкесі, екіншісі Хусейннің жесірі болды. Үлжай-Түркан Мүсли әмірінің отбасында дүниеге келген, оның атасы 12 жыл бойы Шағатай ұлысын басқарған Қазаған болған. 1356 жылы Қазаған  немересін Әмір Темірге үйлендірді. Ол Әмір Темірдің 20-дан астам әйелі болғанына қарамастан, оның жалғыз махаббаты болды. Үйлену тойынан бір жыл өткен соң, ол Жихһангер атты баланы дүниеге әкелді. Барлық жорықтарда ол Үлжайды өзімен бірге алып жүрді, ол Әмір Темрдің көптеген шайқастарына да қатысты. Олардың арақатынасы 11 жылға созылды. Тарихшылардың айтуынша, Үлжай қайтыс болғанда оның жасы отыздан сәл асқан болуы керек. Анасының өлімінен кейін тұңғыш ұлы Жихһангер де қайтыс болады. 
  8. 1404 жылы Әмір Темір Қытай жерін жаулап алу үшін жорыққа дайындалады. Бұл мемлекетте ең үлкен сауда флоты болды. 250 кеме, олардың арасында "Қазына кемелер" деп аталатын 60 үлкен кеме болды. Бұл кемелердің әлемде теңдесі жоқ және шығыс Африкамен сауда жасауға арналған еді. Тек 1405-1433 жылдар аралығында осы "қазыналы кемелер" флоты Үнді мұхиты арқылы 7 сауда экспедициясын жасады. Әмір Темір осы ақпараттың барлығын біле тұра күннің жылуын күтпей жорыққа аттанып кетті. Дегенмен қыс ерте түсіп, әскері қауқарсыз болып қалды. Әмір Темір бұл жорықтың нәтижесіз болатынын түсініп, кейін қайтады. 1405 жылы Тимур қайтыс болды. Ал Клавихоның «Күнделігінде» Темір Қытайға жорыққа аттанбастан бұрын қатты қартайып кеткендігін және әмірдің қабылдауында болғанда «Темір елшілердің жақын келуін сұраған, себебі алыстан жақсы көрмегендігін айтады». Ал тарихшы Хафиз-Абру мен Ибн-Арабшах Темірдің шамадан көп шарап ішкендігін өз еңбектерінде келтіреді. 
  9. Ұлы қолбасшының қабірімен байланысты көптеген аңыздар бар. Мұны  кеңестік антропологтар оның қабірін соғысқа дейін екі күн бұрын, 1941 жылы 20 маусымда аша бастағанымен байланыстырады. Қабірді қазбаса соғыстың басталмауы мүмкін еді деген алып-қашпа әңгіме бар.  «Барбаросса» деп аталатын бұл № 21 директиваны Гитлер 1940 жылдың соңында мақұлдады, ал жоспардың өзін 1940 жылдың екінші жартысында неміс Бас штабы әзірледі. Яғни қабір қазылса да соғыс болатын еді.  Қазба жұмыстарына тікелей қатысқан, содан кейін бас сүйегіндегі Ақсақ Темірдің келбетін қалпына келтірген сол атақты антрополог Михаил Герасимов 1970 жылы қайтыс болды.     
  10.  Антрополог Михаил Герасимов өзінің «Тарихи тұлғалардың портреттері»  атты ғылыми еңбегінде (Мәскеу, 1965 жылы жарық көрген) Әмір Темірдің сүйектерін талдау нәтижесінде  оның сыртқы келбетін қалыптастырады. Ол  ұзын бойлы, физикалық тұрғыдан мықты, адам екені белгілі болды. Оның шашы қызыл-қоңыр түсті,  сонымен қатар қалың сақалы мен ұзын мұрт болғаны да айтылады. Сондай-ақ, оның жас кезінде алған тізе жарақаты бар екені анықталды. Яғни, бұл адам жүру кезінде шынымен ақсап тұрған.
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?