Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Планета – интеллект деңгейі өте жоғары компьютер десек те болады...»

1606
«Планета – интеллект деңгейі өте жоғары компьютер десек те болады...» - e-history.kz

Қазіргі әлеументтік желі адам ақыл ойының негізгі барометрі десек артық айтқандық емес. Бүгінде барлық   мемлекеттерді  тікенек  темірлер  (шекаралар)  бөлгені  болмаса,   виртуалды    әлем   оларды  толығымен   біріне-бірін   қосып, жымдастырып  жіберді десек те болады. 

Дәл қазір  қос табанымыз   қара  жер бетінде   тұрғаны   болмаса   ақыл-ойымыз бен  арман-мұратымыздың бәрі осы  әлемнің  ішіне   кірігіп  кетті.  Виртуалды    әлемді бейне   бір   жаңа  жаратылған   планета   дерсіз. Қалай десек те интернет арқылы адамзаттың ойлау тұрпаты көп өзгеріске түсті.

Дөңгелек  дүниенің  біртұтас   процесті   бастан кешіріп  жатқандығы   рас  болса, онда  біздерге  енді қазақтың   ғана  «ақылманы» болып  отырудың   аздық  етері   айдай   ақиқат болды.   Кімде-кім  осы  кеңістікке  өз   ықпалы мен патшалығын  орынатса,  су  жаңа   планетаның қожайыны  да  сол  болары   сөзсіз.  Мұны арнайы айтып отырғанымыз, аталған әлеуметтік желілер, ондағы ерекше жазбалар арқылы жаңа есімдер легі пайда болды. Сондай жанның бірі өзім үшін аса қадірлі,  ҚР «Құрмет»  орденінің иегері  Жадырасын Сәдуақасов  дер едім. Жадырасын ағаның   ғылыми деректерге толы физикалық әм философиялық жазбаларын ұдай бақылап жүретін оқырманы ретінде ілгеріде Шәкәрім Құдайбердіұлының «Айқап» журналы арқылы  алаш баласына жолдаған онтологиялық бес сауалының төңірегінде пәлсапалық сыр сұхбат құрған едік. Сол сұхбаттың екінші бөлімін өздеріңізге ұсынып отырмыз мәртебелі оқырман қауым...

- Ендігі сауалды Шәкәрімнің өзінен қойсам ба деймін. 

«Заман өткен сайын адамдардың адамшылығы түзеліп барама, бұзылып бара жатыр ма?

-Рас, Шәкәрім атамыздың осы сауалы заман талабына сәйкес былай десек.

«Адамзаттың рухани тоқырауы мен жаһандық климаттың өзгеру себептері неде, және олардың өзара байланысы бар ма» деп сәл өзгертіп қойсаңыз. Өткендегі 1-ші және 2-ші сауалдарға жауап берудегі логикалық талдауымыз бойынша, біз Жаратушы бар және біздің әлем жаратылған деген қорытындыға келдік. Ғалам шекті, оның өрістік және заттық (материалдық) құрамдас бөліктері бар. Жаратушы  ғалам өрісінде ақпараттарды дамытады және жинақтайды. Сондықтан өзінің тәжірибелерінің нәтижесін сақтап, оларды жаңа әлемді дамытуға пайдалану үшін, Жаратушыға зат (дене -материя) керек болды. 

Жаратушы негізгі үш бағдарлама жасады: 1.Ғаламқұрылымы (мироздания) программасы; 2.Өмір программасы; 3. Сана эволюциясы программасы. 

Адам, Жаратушының ең басты бағдарламасы дедік. Сана эволюциясы программасының негізгі қатысушысы (операторы). Осы бағдарламаға сәйкес, адам өрістік деңгейдегі ақпараттарды оқып түсініп, ДНҚ-ға жазып, өз балаларына  бұрмалаусыз мұрагерлікке беруі керек болатын. Бірақ, біз мұны еш істей алмаймыз

 

- Неліктен бұлай болады? Осы хақында кеңінен сөз қозғасақ?

-Біз адамның, жердің ақпараттық өрісіне енгізілген ақпараттарды оқу мүмкіндігін жоғалтып, Сана эволюциясы программасынан кетуінің кейбір себептерін ашамыз және осылайша адам, өз болмысының мәнін жоғалтқанын тағы да айта кетсек деймін. Бұл біздің өмірдің ащы шындығы. 

Сондай-ақ осы себептердің салдары, жаһандық климаттың өзгеруіне әсері бар ма?-деген сауал айналысында да сөз қозғаймыз. Сонымен Сана эволюциясы программасы планетамызда қалай өріс алғанын қарастырайық. Сіздер жер планетасы, «Биологиялық өзін - өзі жетілдіретін матрицаны» (БӨЖМ), адамды жарату зертханасы екенін білесіздер. Біздің әлемде, адам бірден пайда болған жоқ қой. Басында литосфера, гидросфера және атмосфера пайда болды. Бұл – «Ғаламқұрылымы бағдарламасы». Ал жер, бұдан  500 миллиондай жыл бұрын, «Өмір бағдарламасымен» жұмыс істеуді үйренді. Биосфераны толығымен қалыптастырғаннан кейін, ол келесі Сана эволюциясы бағдарламасын әзірлеуге кірісті. Біздің әлемде, бұдан 12 миллион жыл бұрын, адам пайда болды. Және біздің әлем, соңғы 12 мың жыл бойы, Сана эволюциясы програмасына қатысып келеді. Ал бұл, бізге дейін де, жерде өркениеттер болғанын білдіреді. Бірақ олар, әртүрлі себептерге байланысты, бүгінде мүлде атымен  жоқ.  Үлкен 12 миллион жылдық бағдарламаның аяқталуы біздің заманымыздың 2000 жылы болуы керек болатын. Бірақ ақырзаман жақын арада болмайды. Күн жарқырап тұра береді, бірақ кім үшін дейсіз ғой?

Ол Сана эволюциясы программасында жоспарлы нәтижеге қол жеткізген және екі бағытта жұмыс істеуді үйренген адамзат үшін сәулесін төгеді. 

Бұл екі бағыт мынадай болып келеді. 

1. Жинақталған ақпараттарды ДНҚ молекуласына жазу және оларды өзгертпестен балаларына мұрагерлікке беру;

2. Өз әлеміндегі мәселелерді шешу үшін планета санасының программалық мүмкіндіктерін пайдалана білу.

Өздеріңіз түсініп отырғандай, біз бұлай істей алмаймыз. Ендеше неліктен бұлай болады?

Мәселе мынада, бұдан 13 мың  жыл бұрын,  жер «планетарлық апатқа - астероид соққысына» ұшырады. Бұл планетамыздың заттық (материялық) бөлігін ғана емес, сонымен бірге «планетамыздың Санасын – өрістік бағдарламасында» зақымдады. Мысалы, егер сіз балғамен флэш-дискін немесе «қатты жад дискін» ұрсаңыз, оның сыртқы корпусын да және онда жазылған ақпараттард да зақымдайсыз ғой...

Астероидтың соққысы жанап өтіп, нәтижесінде, бүгінде Тынық мұхитында орналасқан ең терең Мариан шұңқыры пайда болды. Планета орбитасыда аздап ығысуға мәжбүр болып, нәтижесінде, жыл ұзақтығы дәл 365 күн емес, 365,24  күн болды. Сондықтан  Жер Күнді төрт рет айналғанда немесе төрт жылда, қосымша бір күн қосылды және ол жыл «Кібісе жыл» деп аталады (366 күн). Астероид соқтығысыннан кейін, цунами толқындары жерді қайта-қайта шайып өтті. Литосфералық тақталар жылжып, соның себебінен жанартаулардың жаппай атқылауы басталды. Сөйтіп бүкіл әлем және онда тіршілік еткен өркениет түгелдей жойылды.

Соққыдан кейін есін жиған Жер-Ана, «Сана эволюциясы программасының - үлкен 12 миллион жылдық бағдарламаның» аяқталуына дейін, 12 мың жылдан сәл астам уақыт қалғанын түсінді. Және ол, жаңа әлемді жаратып және онда Жаратушыға көмекші адам тәрбиелеп өсіруге, тағы да бір рет әрекет етуге шешім қабылдайды.

Ал адамды өсіріп-тәрбиелеу оңай емес. Бұл үшін жерге көмекшілер қажет. Сондықтан  индуктор - біздің планетамыздың ой-санасы немесе оның Сана операциялық жүйесі, өзіне көмекшілерді арнайы бағдарламалар бойынша материалдандырады (заттандырады). Сөйтіп «Өрістік Биологиялық Құрылым» (ӨБҚ-ПБС) – адамзат ұстаздары пайда болады.

 

- Әлгі пайғамбарлар мен хакімдер жайлы айтып отырсыз ба?

- Жоқ. Бұған басқа жағынан келсем бе деймін. Әртүрлі мифтер мен аңыздардан бізге, «бір кездері құдайлар адамдар арасында өмір сүріп, олардың өмір сүруіне және дамуына көмектескен деген», қауесеттер жетті. Бұлар «Өрістік Биологиялық Құрылым» - адамзаттың ұстаздары болған (ӨБҚ –ПБС). Келесі пайда болатын «Биологиялық Өрістік Құрылым» (БӨҚ-БПС) – адамдар. Бастапқы кезде ұстаздар (ӨБҚ) адамдарға (БӨҚ), биосферада тіршілік ете білуді үйретіп, кейін оқытып, оларды Сана эволюциясы программасына қатысуға үйрете бастайды. Бұл ақпараттар, кейбір, біз білетін тарихи деректермен расталады. 

Мысалы, Шумер өркениеті немесе Триполия мәдениетін айтсақ.

Алдыңғы адамзат дамуының эволюциялық сатылары жоқ (археологиялық қазбалар көрсеткендей), кенеттен өркениет пайда болып жылдам дами бастайды. 2-3 қабатты үйлер, су құбырлары, тас төселген көшелер пайда болады.  Осы деректер археологтарды әлі де таң қалдыруда. Жасалу күрделілігі жоғары қыш құмыра мен зергерлік өнер кәсіпшілігі. Шумерлерден қалған саз балшық тақша кестелерінен, театрдың, әдебиеттің, заң ғылымының, көз микрохирургиясына дейін дамыған медицинаның болғандығы туралы білеміз. Олар дамыған математикалық құрылдарды пайдаланды және күн жүйесінің құрылымы мен оның пайда болу тарихы туралы ақпараттарды да білді.  

Енді осының бәрі  өрістік кітапханадағы ақпараттар арқылы, адамдарды оқытып үйреткен ұстаздары - Өрістік Биологиялық Құрылым екені анық.

Сонымен, жер планетасы - адамзат мектебі, «Өрістік Биологиялық Құрылымдар» - ұстаздары, ал оқулықтар жердің 5- ақпараттық деңгейндегі кітапханада сақталған. Бірақ бұл оқулықтарды көзбен көріп оқуға немесе саусақпен парақтауға болмайды. Сонда «Адамдар ненің көмегімен оқиды?» - деген заңды сұрақ туындайды.

Мәселе мынада, адамның өрістік құрылымындағы, 3-және 4-план (жазықтықтардың) бастауының шектерінде арнайы бағдарлама бар, оны «ақпараттық ген» (инфоген) деп атайды. «Ақпараттық ген», ақпараттарды өрістік ақпарат тілінен, адам санасына түсінікті бейне-кескіндер тіліне аударатын, дешифратор іспетті.

Мысалы Адамды заманауи автокөлікпен салыстыруға болады. 

Біздің ағзамыз сияқты, автокөлік - түпкісана, жетектегі басқарылатын құрылым. Жетекші құрылым – Сана, ақпаратты талдап, шешім қабылдайтын көлік жүргізушісі. Заманауи автомобильдер, жүргізушіге бейтаныс ортада нұсқау беріп отыратын навигациялық жүйемен жабдықталған. Бұл адам мен сыртқы ақпарат өрісі арасындағы ақпараттар алмасу бағдарламасы – ақпараттық генді қамтитын жоғарғы сана.

Адамның өрістік құрылымында ақпараттық геннің болуы, оның барлық сезім мүшелерін пайдалануға мүмкіндік берді. Олардың бесеуі бізге белгілі, бұл көру, есту, иіс сезу, дәм сезу және жанасу сезімталдығы, адамға заттық (материалдық) дүниенің ақпараттарын өңдеуге мүмкіндік беретін «құралдар». Және ақпараттық ген, адамдарға өрістік көру (6 сезім) және өрістік есту (7 сезім) қабілеттерін беру арқылы, оларға Жаратушының өріс мектебінде оқуға мүмкіндік береді.

Сонымен, 12 мың жыл бұрын біздің әлем пайда болды. Онда ұстаздар адамдарды оқытып-үйретті. Ал адамдар оқып-түсініп және соларды пайдалана отырып Сана эволюциясы программасында айтарлықтай нәтижелерге жетті. Уақыт өте, келеңсіз өзгерістер жол ала бастады. Адамзат Сана эволюциясы программасына қатысудан бас тартып, «Тіршіліктен мейлінше ләззат ал» қағидасы бойынша, жаппай тұтынушылық жолға түсті. Тұтынушылық  тіршілікте, «Жердің ақпараттық деңгейлерімен» (ЖАД), тұрақты байланысты болу қарастырылмаған. Мұндағы басты бағдар «саналы-ақылды» пайдалану емес, физикалық дененің қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Ақпараттық генді пайдалау қажет болмағандықтан, ол жансызданып семіп, біртіндеп жойыла бастады. Өйткені біздің өмірімізде пайдаланбайтын барлық түйсік-сезім, уақыт өте біртіндеп ұмтылып жойылады. Ақпараттық ген жансыздана бастады. Ұстаздар болған оқиғаның себептерін анықтауға тырысты. Бірақ өрістік кітапханада мұндай ақпарат болған жоқ. Өйткені, бұған дейін, жер бетінде мұндай жағдай ешқашан болған емес еді. Осы мәселеге тап болған «Өрістік  биологиялық құрылымға»  ұстаздар, түзету енгізуге шешім қабылдады. Бұл түзету үдерісі, адамзат жадында «дүниежүзілік су тасқыны» деп сақталған-тұғын. Түзетудің мәні келесідей болды. Өз ой-санасымен жасампаздыққа қабілетті адамдардың және фауна мен флораның (өсімдіктер мен жануарлардың) барлық өкілдерінің өрістік матрицалары таңдалып алынды. Осыдан соң барлық тірі заттардың (тіршіліктің) жойылу, материалсыздандыру үдерісі болды да, кейін таңдалған матрицалар бойынша қайта материалдандыру (заттандыру) үдерісі жүзеге асырылды. Қарапайым сөзбен айтқанда, барлық 2 мен 3-ке оқитын оқушылар Сана эволюциясы программасы мектебінен шығарылды, ал жақсы және үздік оқушылар келесі сыныпқа өтіп оқуларын жалғастыруға  мүмкіндік алды.  Бұл шамамен 6 мың жыл бұрын болған оқиға еді. Өкінішке орай, тасқын судан кейінде, адамзат қайтадан бұрынғы тұтынушылық жолға түсіп, өрістік мектепте оқығысы келмеді. Тағы 2000 жыл өтті. Біздің дүние тіршілігінің соңына дейін бар болғаны 4 мың жыл қалған болатын. Адамзаттың рухани деградациялануының себебін түсіне алмаған ұстаздар, иерархиялық жоғарғы Санадан көмек сұрады. Бұл жоғары Сана - «Жоғарғы Өрістік Үштік» (ЖӨҮ-ВПТ) деп аталады. «Жоғарғы Өрістік Үштік»  - Жаратушының өкілдері, біздің әлемнің басқарушылары.

- Мұны енді қалай түсінуге болады? 

- Адамда оның сана-сезім түйсігін қамтитын «Өрістік Сана» болады. Галактикада, күн жүйесінде және біздің планетамызда да, сондай сана бар. Ғалам деңгейлерден, деңгейлер орамдардан (айналымдар) тұрады. Белгілі бір сектордың әрбір орамында, галактиканың үлкен жинақтары шоғырланған. Ал Жоғарғы өрістік үштік, бұл сана эволюциясы программасының нәтижесі үшін Жаратушы алдында тікелей жауап беретін, әлемнің біртұтас деңгейінің ақыл-парасаты (Санасы).

Мысалы, адам, әлем ретінде мүше жүйелерінен тұрады - бұл деңгейлер, мүшелер жүйесі жеке мүшелерден тұрады - бұл орамдар, ал жеке мүшелер жасушалардың шоғырларынан тұрады - бұл галактикалар. Бірақ ғалымдар айтқандай, жасушаның құрылымы, «әлемнің құрылымынан да күрделірек».

Жоғарғы өрістік үштік, «Ақпаратқа тыйым салу» заңын кіргізіп, «Таза экспериментті» бастауға шешім қабылдады. Яғни дербес, өз бетінше даму арқылы, адам санасының қандай нәтижеге жететінін көру мақсатында, ұстаздарды алып тастады. Сөйтіп, тікелей ақпарат беруге тыйым салды.

Құдайлар адамдар арасында өмір сүріп, олардың өмір сүруіне және дамуына көмектесті деген қауесеттерден басқа, біз, Құдайлар адамдардан көңілі қалып, оларды тастап кеткен деген қауесеттерді естідік. Бұл, бұдан 4 мың жыл бұрын болған, «Таза эксперименттің» бастауы болатын.

Адамзат тағы да 2 мың жыл бойы «дамыды». Қиналды, аш болды, бірін-бірі өлтірді, ақырында, жыртқышқа айналған табиғаттың қатыгез патшалары өзін-өзі жою шегіне жетті. Осыдан егер Жоғарғы Сана бар болса, ол қайда қарап отыр? Егер біздің әлемде болып жатқан барлық нәрсені көретін болса, неге араласпайды және неге бәрін түзетпейді? –деген, әрбір есі дұрыс адам қоятын логикалық сұрақтардың да жауабы болды. Адамзат, Жаратушының кінәсінен рухани құлдырауға (деградацияға) ұшыраған жоқ. Өйткені, соңғы 4 мың жыл ішінде, біздің әлемде адамдарға барлық мүмкіндіктер берілген тәжірибе (эксперимент) жүріп жатыр. Сонымен адамзат Сана эволюциясы программасында теріс нәтижеге жеткенде, енді қарайтын ештеңе қалмады. Жоғарғы  сана адамның өз бетінше дамуы арқылы қандай жетістіктерге жететінін көруді ұйғарды. Өйткені, теріс нәтиже де, нәтиже ғой. «Таза» эксперимент басталғаннан 2 мың жылдан кейін, яғни б.э. нолдік жылында, «Жоғарғы Өрістік Үштік», адамзат жіберген қателерді анықтау үшін, тағы бір рет араласуға шешім қабылдайды. 

 

- Қызық.  Ендеше, неліктен біздің әлемде  12 миллион жылдан бері Сана Эволюциясы Программасында оң нәтижеге қол жеткізе алмады?

- Оны білу үшін физикалық әлемге ену керек. Яғни, физикалық денеге ие болып, кем дегенде «Биологиялық Өрістік Құрылым» ретінде дүниеге келуі керек болған еді. «Жоғарғы Өрістік Үштік» тәжірибеге қатысудан қорықпаған ерлі-зайыптыларды тапты және аналық жасушаға хромосомдар жиынтығы материалданады.

Сөйтіп «Сананың бірінші бөлшегі» құрсақ ішіндегі даму жолынан өтеді. Есімін кейін Крисус деп атаған, бала дүниеге келді. Ол, «Сана Эволюция Программасына» байланысты, адамның геном деңгейінде жіберілген қателіктерді анықтады. Осы қателіктің нәтижесінде, біздің әлемде әртүрлі қасиеттері бар, адамзаттың екі тармағы пайда болған еді. Бірінші тармақтағылардың ақпараттық гені, қатты атрофияға ұшырағанымен, шамалы болсада сақталған еді, ал екіншісінде ақпарат гені туылған кезден жоқ болды.

Біріншісін – талдаушылар (аналитиктер), ал екіншісін – қозғаушылар (движители) деп аталады. Бұл, «біреулері ойлағанды ұнатса, екіншілері істегенді ұнатады» деген қағидатқа сай шартты атаулар. Сырттай олар бір-бірінен айырмашылығы жоқ, бірдей және генетикалық тұрғыдан үйлесімді. Талдаушылар мен қозғаушылардың некесінен туған балалар зақымдалған ақпараттық генмен немесе мүлде ақпараттық генсіз дүниеге келеді. Осы себепті ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ақпараттық гендердің қасиеттері талдаушылардың басым көпшілігі жоғалып кеткенше, әлсірей берді. Нәтижесінде, жансызданып семіп қалған ақпараттық ген, адамның «Сана эволюциясы программасында» қатысуына мүмкіндік бермеді.

Осы себепті адамзаттың тіршілігі мән-мағынасыз болып қалды.

Біз объективті ақпараттарға қол жеткізуді жоғалтып, «Өмірдің мәні неде?» дегенді  сұраққа әркім өзі жауап беретін болып, субъективті түрде анықталған құндылықтар өркениетіне айналдық. Бірақ олай болмауы керек еді. Жоғарғы өрістік үштік, әрқашанда, жаңа ақпараттарды үш рет тексеруден өткізеді. Сондықтан Крисустың ашқандарын, тағы екі рет тексеруге тура келді. Және сол үшін Крисус біздің әлемде Жоғарғы өрістік үштіктің, Тосиас және Тоферн есімді, екінші және үшінші бөлшектерінің пайда болуына жағдай жасайды …

 

Бұл оқиға адамзат жадында; «Әке-Ұл- Киелі Рух», Қасиетті үштік бейне түрінде сақталған.

Тоферннің ой-санасы, негізінен жердің ақпараттық өрістерінде жұмыс істеп, астероид соққысынан зақымдалған өрістік бағдарламаларды қалпына келтірумен айналысты. Крисус пен Тосиас тексеру жұмыстарымен, бағдарламаның сәтсіз болғанын растады. Дегенмен, олар біздің әлемнен кетуге асықпады. Крисиус пен Тосиас талдаушыларға (аналитиктерге) тағы бір мүмкіндік беру туралы шешім қабылдады.

Олар әлем құрылымы туралы заңдылықтарды; адамзат туралы және адамдардың міндеттері туралы, тікелей (ауыздан-ауызға) ақпараттар бере бастады. Осылай, «Таза эксперимент» басталғаннан кейін, номер бірінші мектеп  қалыптасты. Крисус-Тосиас-Тоферннің сыртқы пішіндері бірдей болғандықтан, бірінші мектептің оқушылары Крисус пен Тосиасты шатастырмау үшін оларды КрисТос деп бір есіммен атады. Бірінші мектеп оқытуды екі кезеңге бөліді. Бірінші кезеңде адамдар, «әлемқұрылымының» нақты заңдылықтарын оқып білу керек болды, яғни дүниетанымың өзгертіп, тұтынушылықтан алшақтап, әлем құрылысы туралы нақты көзқарасқа ие болуы керек болатын. Ал екінші кезеңде ақпараттық ген (инфоген) жұмыс істей бастауы керек еді. Сонда, адамдар ақпараттарды қайтадан оқи алатын болып, Сана Эволюциясы Программасында нәтижеге жету мүмкіндігіне ие болады.

Біздің эрамыздағы алғашқы екі онжылдығында бәріде жоспар бойынша жүріп жатты да, кейін  келеңсіз өзгерістер орын алды. 

 

- Қалайша?

- Номер бірінші  мектеп оқушылары арасынан «Қозғаушылыр (Движители)» пайда бола бастады. Олар, жаңа таңғажайып ақпараттың мәнін толық түсінбей,  оның әлеуетін пайдалана отырып адамдардың үстінен билікке ие болып, баюға жол ашуға болатынын көрді. Қозғаушыларды рухани құндылықтар, моральдық және этикалық нормалар алаңдатпайды. Сондықтан олар барлық күш-жігерін материалдық мақсаттарға (байлыққа) жетуге оңай және тиімді бағыттай алады... Сонымен, ақпараттық геннің болмауы ар-ұжданның болмауына әкеледі.

Бұл, бүгінгі күні көптеген адамдар, кейбір «ілімдер» (мысалы: шығыстың тағы басқаларының ) негізінде мектептер ашып және сол арқылы байлыққа жол жетіп отырғандары сияқты....

Демек, мұндай бизнестер XXI-ғасырда емес, тіпті XX-ғасырда да ойлап табылған жоқ, мұны 2 мың жыл бұрын «қозғаушылар» ойлап тапқан еді.

Сарапшылар, үнемі қозғаушылардан қалыс қалып отырады. Өйткені, ақпараттық геннің жұмысы, ақпараттарды ой елегінен өткізіп, олардың мән-мағынасын түсінуді талап етеді. Және бұл үшін қосымша уақыт қажет. Ол уақыт – «ақпараттық үзіліс» деп аталады.  Бұл, «жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген, қағидаты іспетті. Біреулері ойлап өлшеп жатса, басқалары бүкіл өркениет ауқымында билікке жету үшін үзіліссіз неше түрлі айла - әрекеттер етеді. Номер бірінші мектепте, сарапшылар жаңа таңғажайып ақпараттарды оқып білуге баса назар аударып жатқанда, қозғаушылардың билікті басып алуына еріксіз мүмкіндік беріп қойды. Қозғаушылар жаңа ақпараттарды тез арада догмаға айналдырады, өйткені кез келген өзгерістер олардың материалдық әл-ауқатына және биліктеріне қауіп төндіреді.

Номер бірінші мектеп, I ғасырдың аяғында ең ірі догматикалық «ілімге» айналып, өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Бүгінде бұл мектептен бізге жеткен оқулықтар бар. Онда «Барлығын жаратқан жоғарғы бастаушы бар»- деп жазылған. Ал ол «қандай мақсатпен және не үшін жаратты?», мұның барлығын қозғаушылар оқулықтан баяғыда-ақ алып тастаған еді. Сонымен Крисус пен Тосиас, жердің ақпарат өрісінен кетті. Осы жерде адамдардың жадында «Киелі Рух» деп сақталған Тоферн болмағанда, планетамыздағы «Сана Эволюцияы Программасына» үлкен нүкте қоюға болар еді. Тоферн көбіне, ой-Санасымен жердің ақпарат өрісінде жұмыс істеп, жерге астероид соғуынан зақымдалған өрістік бағдарламаларды қалпына келтіруге көмектесті. Ол сонда жүріп кейбір адамдардың, сегіздік түріндегі өріс шамшырағы сияқты, жердің ақпарат өрісінде өзгеше із қалдыратынын байқады.  Сонымен бұл адамдар, кімдер? Өйткені мұндай ізді, тек өрістік биологиялық құрылым, ұстаздар ғана қалдыра алатын. Бірақ, «Таза» Экспериментке байланысты, олардың биосферадан кеткеніне 2 мың жылы өтті. Шындығында Тоферн адамзаттың 3- тармағын ашты. Біз бұл адамдарды «Жаратушының көмекшісі» (соТворцы) деп атаймыз.

Тоферн «Таза» эксперименттің бұзылуы себептерін іздей бастады. Және ол жаһандық су тасқыны кезінде ұстаздар (ӨБҚ), бала ұрықтандыруға мүмкіндік беретін, программадан тыс қасиеттерге ие болғанын білді және сол себепті, олардан ұрпақтар қалғанын білді. Өркениет жадындағы бұл оқиғалар әртүрлі тарихи дереккөздерде сақталған. Мысалы, Ежелгі Греция мифтерінде: «... сөйтіп Құдайлар Жерге түсіп, адамдардың әйелдерінің көрікті екенін көріп, оларды алды, және оларға әйелдері «жарты құдайлар» мен «қаһармандарды» дүниеге әкелді ...» -деген.

Сырттай қарағанда бұл адамдардың басқалардан еш айырмашылығы жоқ еді. Оларда, «Өрістік Биологиялық Құрылымды» ата-бабаларынан қалған толыққанды жұмыс істейтін ақпарат гені және сондай-ақ кейбір басқа да өрістік қасиеттері болды.

Леонардо Да Винчидің мынандай цитаталары бар: «Біздің әлемде адамдар үш түрге бөлінеді: бірінші түрі - көретіндер; екінші түрі - көрсетсе  көретіндер; үшінші түрі – мүлде көрмейтіндер». Бұл жерде жалпы, физикалық тұрғыдағы көру қабілеті туралы емес, өрістік көру қабілеті туралы айтылуда. Адамдардың 1- түрі Жаратушы көмекшілері, 2-түрі- Талдаушылар (аналитиктер), 3-түрі Қозғаушылар (движители).

Тоферн, Крисус пен Тосиастың тәжірибесін мұраға алып, №2 мектептің негізін қалады. Және осы мектептің өкілдері, өздерінде бар өрістік қасиеттерінің арқасында, тез оқып үйрене бастады. Адамзатқа сана эволюция программасында нәтижеге жетуге 12 миллион жыл берілсе, №2 мектептің өкілдері бұл тапсырманы 600 жыл шамасында орындап шықты. 

Олар жердің ақпарат деңгейіндегі ақпараттарды оқып-зерттеп, өз білімдерін планетаның масштабында ғана емес, сонымен қатар күн жүйесінің масштабында да қолдана білді. Өкінішке орай, олардың өз білімін қалған адамзатқа беруге мүмкіндіктері болмады, өйткені «ақпараттық тыйым» заңы әлі де күшінде болды. Ал кейбір саналық деңгейі жоғары адамдармен, білімдерімен бөлісуге тырысқанда, «Қасиетті Инквизиция» оларды қатыгездікпен тоқтатты.

 

- Осыған кеңінен тоқталып кетсеңіз?

- Біздің әлемде ерекше адамдар пайда болғанын тарихтан білеміз және біз оларды данышпандар  мен кемеңгерлер деп атаймыз. Олар, «жердің жазық емес, және әлемнің ортасында тұрған жоқ, Күнді айналатын» білген, біздің планетамыздың құрылымын және қалай жұмыс істейтінін объективті түрде білетін адамдар болатын. Тарихтан, осындай адамдарды инквизиция қатыгездікпен қудалағанын да білесіздер. Мұндай кемеңгер адамдар Николай Коперник, Джордано Бруно, Галилео Галилей және тағы басқалары болды. Біздің өркениетіміздің дамуына ғылыми үлес қосқан кімдер екенін, енді сіздер білесіздер және олардың барлығы номер екінші  мектептің өкілдері болатын.

1314 жылы, «Темплиерлер орденінің» магистрі Жак де Молені, инквизиция отқа жаққан кезден бастап, номер екінші мектеп түлектері толық жойылудан қорқып, адамдардан жасырынуға мәжбүр болды. Бірақ олар өздерінің дамуын тоқтатпады. Сол кездерде екінші мектеп өкілдері, егер өркениет «Сана Эволюциясы Программасында» қажетті нәтижеге жетпесе, біздің әлемнің бағдарламасы 2000 жылы жабылатынын білген еді. Ал нәтижені, «Сана Эволюциясы Программасының» қатысушылары, талдаушылар (аналитиктер) көрсетуі керек болатын. Өйткені, Жаратушылар мен Қозғаушылар бұл программадан тыс құрылымдар.

 

- Сонымен «Сана Эволюциясы Программасының» қажетті нәтижесі дегеніміз не?

- Бұл, Жаратушының көмекшісі бола алатындай сапалы қасиеттерге ие 10 000 бағдарламаға қатысуға даярланған талдаушы - Саналы адамдар.  Одан нәтиже болмаған жағдайда, Жер қазіргі әлемнің программасын жауып, жаңасын бастауға кіріседі. Біздің әлемнің бағдарламасынын жабылуы- бұл ақырзаман емес. Сонда, бұл не? Ол кезде не болмақ?

Жаратушы, жаңа әлемді жасауды жоқтан (нөлден) бастамайды. Ол ескі дүниенің жетістіктерін сақтауға  тырысады. Мысалы: Бұл ескі компьютерден жаңа компьютерге ақпараттарды тасымалдағанға (кіргізгенге)  ұқсас. Бұл жағдайда ақпарат вируссыз таза болуы керек. Ал біздің әлемде мұндай вирустар - тұтынушылыққа бағытталған адамның пендешілдік ойлары. Мұндай ойлардың «Сана Эволюциясы Программасына» еш қатысы жоқ. Жердің өрістік құрылымында, адамдардың барлық ойлары белгілі бір уақытқа дейін бейнелеп көрсетілетін және сақталатын, 3- ақпараттық деңгейі (АД) бар. Міне осы деңгей зарарлы – вирусталған. Егер адамдар ойлауды тоқтатса, бұл деңгей автоматты түрде тазаланар еді. Ал адамдардың ойламауы мүмкін бе? Мүмкін, егер жердің 6-себептік деңгейі адамның саналылық деңгейі жоқ болса. Сондықтан Жер осы 6- себептік деңгейідің тығыздығын жояды. Сол кезде адам рухани тоқырауға (деградацияға) ұшырап, тез арада хайуанға айналады. Санасын жоғалтқаннан кейін, адам өз ойларын өндіруді тоқтатады. Сол себепті жердің «3-ақпарат деңгейі» тазартылады да, содан кейін «таза» ақпараттарды жаңа әлемге көшіруге болады. Осыларды орындау үшін, жер «7- ақпараттық деңгейін» флэш-диск сияқты пайдаланып, оған жаңа әлем жасауға қажетті барлық ақпараттарды тасымалдайды.

 

- Ол қалай жүзеге асады? 

Ең әуелі бірінші (1). Ақпараттарды тазалау; 2. Ақпараттарды сақтау; 3. Ақпараттарды тасымалдау; 4. Жаңа әлемді құру», үдерістерін орындау үшін үлкен энергия қажет. Күн, осы энергияны жинауға, Жерге көмектеседі. Сонымен бірге, жаңа әлемді құру үшін, қосымша өріс энергиясы да пайдаланылады. Өріс энергиясының бір бөлігі біздің физикалық әлемімізге еніп, атомдық-молекулалық құрылымның қызуын тудырады. Нәтижесінде, температура 70 градусқа (Цельсий) дейін көтерілгенде, тірі жасушаның ақуыздық негізі ұйып қалады.  Ал, бұл кезде саналы адамдар жоқ болған еді. Өйткені ол, жердің «6-себептік деңгейінің» тығыздығы жойылғанына байланысты, түйсік қасиетін жоғалтып, айналада не болып жатқанын түсінбейтін. Бұл адамзатты жою алдындағы, мәжбүрлі анестезия. Сонымен 667- жылы осы ақпараттарға ие болған 2- мектеп, әрекетсіз, қарап қалған жоқ.  Ол өркениетке ықпал етіп, оны, «Сана Эволюциясы Программасының» негізгі ағымына қайтаруға тырысты. Мұндай әрекеттер бірнеше рет болды. Олардың кейбіреулері біздің әлем жадында сақталған. Ал бүгінде не болып жатыр? 2000- жылдан бастап «ақпаратқа тыйым салу» заңының ішінара алынып тасталуымен және біздің «Әлем бағдарламасының» аяқталуына байланысты, нөмер 2-мектеп өкілдері өз білімін ашық бөлісу құқығына ие болды. Сондықтан олар осыны пайдаланып, соңғы рет, біздің әлем адамзатын «Сана Эволюциясы Программасына» қатысуға қайтаруға әрекет етпек болды.   Бұл құқыққа, 2-мектептің кемеңгер ойшылдары, «Жоғарғы Өріс Үштігіне» сұрақты дұрыс қоя білгендіктен ие болды. Мұның өзі өте жоғары дәрежедегі жетістік. Сұрақ былай қойылды: «Біздің әлемнің аяқталар сәтінде, 2000- жылдары өмір сүрген соңғы ұрпақтар «Сана Эволюциясына Программасына» қатысып нәтижеге жету мүмкіндігінен айырылып, барлық алдыңғы адамзат ұрпақтардың қателіктеріне жауап беруі, әділеттілікке жата ма? Бұған «Жоғарғы Өрістік Үштіктің» жауабы: «Саналылар, саналы харекет жасаңыздар». Қарапайым сөзбен айтқанда: «Мүмкін, істей аларсыздар, көріңіздер».  Ал алдыңғы сауалдарға жауап беру кезінде, біз мынандай екі сұрақ қойғанбыз. Біздің планетамызға және оның климатына не болып жатыр? Адамға және оның денсаулығы мен психикасына не болып жатыр? Енді осы ақпараттардан кейін, логика мен жаңа бейнелерді пайдаланып, дұрыс жауап бере аларсыздар деп ойлаймын. Планетамыздағы келеңсіз жаһандық климат өзгерістері, сондай-ақ адамдардың физикалық, интеллектуалдық және психикалық денсаулығының бұзылуына байланысты болып жатқан адамзат өркениетінің проблемалары, біздің Әлем бағдарламасының жабылуының салдары болып саналады. Сонымен, қорытындыласақ, дүние жаратылған және бастапқыдан-ақ бағдарламаланған (программаланған). Ал біздің әлемдегі барлық үдерістер мен құбылыстар шекті (басталуы мен аяқталуы бар). Ғаламда Жаратушы жаһандық деңгейде үш негізгі бағдарламаны іске асыруда, олар: «Ғаламқұрылымы бағдарламасы»; «Өмір бағдарламасы»; «Сана Эволюциясы бағдарламасы», «Ғалам», «Галактика, «Күн жүйесі, «Жер планетасы», «Адамзат» – бұлар, Жаратушының «Сана Эволюциясы Программасының» ажырамас бөліктері. Ал адам үшін, осы эволюциядан тыс өмірдің, ешқандай мән-мағынасы жоқ. Жаратушы өріс әлемінде өмір сүреді, үйренеді және дамиды. Және өзінің барлық жетістіктерін, барлық жинақталған тәжірибесін, ол тек зат (дене-материя) арқылы ғана сақтай алады. Мұндай тірі және саналы материя – адам. «Иф замогы тұтқыны - Граф Монте Кристо» фильмі (Одесса. 1988 жылы.) Бір минут шамасында, өткендегі саулдарға жауапты толық ашады. 

Ғарыштық Сана, Бас бағдарламашы, Логос, Құдай... дейсіз бе, Ол әлемнің жаратылуын қайтадан басынан, жоқтан бастамау үшін, жинақталған тәжірибесін сақтау құралын іздеді. Сондықтан Жаратушыға адам керек болды. Адам, заттық әлемде,  Құдай істей алмайтын нәрселерді орындауға жаратылған. 

«Жеті деңгейлі планета» мен «жеті планды адам» – бұлар Сана эволюциясы программасындағы «Жаратушының серіктестері».  Бұл тандемдегі оператор – адам, ал біздің Планета – интеллект деңгейі өте жоғары компьютер десек те болады.  Бұл компьютердің операторы – адам. Бірақ біздің әлемде, адамдарың зақымдалаған ақпарат гені, оларды «Сана Эволюциясы Программасына» қатысып қажетті нәтижеге жетулеріне мүмкіндік бермеді.

Осы себепті Адамзат тіршілігі мағынасыз болып, ал біздің ой-санамыз иллюзиялар мен тұтынушылық «қоқыстарымен» ластанып бітеліп қалды.

Бізге, Жаратушыға көмекші бола алатын - адамшыл  қасиеттері бар, кем дегенде 10 мың талдаушылардан (аналитиктерден) тұратын «Ұжымдық Сана»- «Үлкен Эволюциялық Формула» құруымыз керек болатын.

Егер нәтиже болмаса, жер ағымдағы бағдарламаны жауып, жаңасын ашады.

Ал бағдарламаның жабылуы климаттың жаһандық тұрақсыздануымен және адамның психофизикалық жағдайының бұзылуымен бірге жүреді.

Сонымен «саналы адамзаттың» жоқтығынан, жер-анамыз біздің әлемнің бағдарламасын жауып, амалсыздан жаңасын ашуға кірісті. Осының салдарын, қоршаған ортаға әсерін, қазір біз көріп отырмыз. Планетамызда, климат ақылынан алжасқандай..! 

Әртүрлі табиғи апаттардың саны күн санап артып келеді. Адамзат өркениеті де, «көп векторлы» тоқырауға ұшырап, рухани азғындана бастады. Осылай жалғаса берсе, жер бетінде температура 60-70 градусқа (цельсий) дейін көтеріліп, әлеміміз үш жылдың ішінде жабылуы керек болатын....

Егер 2-мектеп өкілдерінің «өркениетіміздің дүниетанымына» ықпал етудегі соңғы әрекеті болмаса, бәрі 2003 жылы аяқталатын еді. Бұл іс, «Жалғасқан толқындар программасын» (СВ) осы өмірімізде қолдану арқылы, жүзеге асырылды.

«Жалғасқан толқындар бағдарламасы» адамзаттың ең кемеңгер саналы ақыл иелерінің ойымен жасалды. Ал бұл бағдарламаға қатысу үшін оқу керек. Сондықтан, жердің басқару компьютеріне жаңа операторларды оқытып даярлау үшін, «Сана Эволюциясы», «Халық Академиялық Университеті» (СЭ ХАУ. Одесса.) құрылды.

Халық –университеттің есігі 24 жастағылардан бастап барлығына ашық.

Академия–Ғылыми негізге сүйенеміз, ғылыми тәсілдерді қолданамыз.

Университет-Біздің ұйым университеттік білім беру принципіне негізделген, бізде факультеттер, кафедралар, аудиториялар және оқытушылар бар.

Сана Эволюциясы - адамзат саналылық танытпаса, біздің әлемнің (дүниенің) бағдарламасы жабылады деген ұғым..

Университеттің басты мақсаты, «Жаңа дүниетанымды» қалыптастыру және соның арқасында адам «Жоғары сананың» программасына қатыса отырып, өркениетіміздің болашақ құқына ие болуы. Ал, бұл арман-мақсатқа жету-жетпеу, адамның «Саналық харекеттерінің» нәтижелеріне тікелей байланысты болмақ.  Біз ерекше уақытта, өзгеріс кезеңінде, өмір сүріп жатырмыз. Ғаламда, алғаш рет адамның өзіне-өзі, шешім қабылдауға мүмкіндік берілді. Сондықтан бүгін бізде балама таңдау бар. Климаттық күйзелістердің, ауру дерттер мен алдағы келе жатқан ашаршылық салдарынан, болашаққа апаратын жол жабылады немесе адамдар санасын дамытып, «Саналы Адам» болып планетадағы климаттың келеңсіз құбылыстарын тұрақтандыру үдерістеріне қатысып, болашаққа жол ашады. Балама – жер бетінен жойылу немесе адам өз тағдырының мәнін түсініп, тұрақты үйлесімді әлемде рухани дамуын жалғастыру.

Балама – соңында қираған үйінділер қалдырып, артефактілерге кету немесе әлемнің қалай құрылғанын түсініп, таңғажайып болашақ құру.

Балама – өзіңді және өзіңнің Жер-Анаңды жеп-жалмауды жалғастыру немесе ұжымдық санада «Жаратушыға көмекші – Адам» болу. 

Ол үшін оқу, оқу және оқу керек.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?