Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

87 жыл бұрын әнші, КСРО Халық әртісі Роза Жаманова дүниеге келді

«Қазақ мұңы» газетінің алғашқы саны жарық көрді

- = -

1990 жылы Қазақстан Республикасында «Қазақ ССР банктер және банк қызметi туралы» Заң қабылданды

25970
1990 жылы Қазақстан Республикасында «Қазақ ССР банктер және банк қызметi туралы» Заң қабылданды - e-history.kz
Банктің құқықтық мәртебесі мен функциясы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» және «Қазақстан Республикасындағы банктер туралы» заңдармен айқындалады. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» заңға сәйкес таратушы және атқарушы билік органдарынан Ұлттық банктің тәуелсіз болатыны аталып өтеді, және ол Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты және жоғары деңгейдегі банк жүйесіне ие. Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі: - мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу; - төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; - валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру; - қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу. Ұлттық Банк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды орындайды: - Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-несие саясатын жүргiзедi; - Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың эмиссиясын жүзеге асырады; - банктердiң банк функцияларын жүзеге асырады; - Қазақстан Республикасының Yкiметі және келісімдері бойынша басқа да мемлекеттiк органдар үшін банк, қаржы жөнiндегi кеңесшi және Үкіметтің агенті функцияларын жүзеге асырады; - төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады; - Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асырады; - Ұлттық Банктің алтын валюта активтерiн басқарады; - қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ олардың Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін реттеуді және басқасын жүзеге асырады; - Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік баcқаруды жүзеге асырады.