Күні кеше Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында «Наурыз - Думан» мерекелік іс-шарасы өтті.
Мейрам аясында филармония ұжымдары қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетіп, ұлттық тағамдардан дастархан жайып, әуезді ән салып, мың бұралып би билеп, ұлттық ойындардан шашу шашты. Сонымен қатар баланың тұсау кесуінен бастап беташарға дейін ұлттық салтымыздан сыр шертетін қойылымдар қонақтар назарына ұсынылды.
Іс-шараны жүргізушілердің бірі:
Жер-Ана бусанып, табиғат жасарып, Самарқанның көк тасы жібіп, қар еріп, жылғалардан су ағып, жайма шуақ күннің саумал самалымен ілесіп жететін Наурыз мейрамы құтты болсын! Айнала жасыл желек шамылып, жаураған жан күн көзіне жылынып, қар астынан гүл шығып қауыз жарып, даламыз құлпыра түсіп, көңілге көрік сыйлайтын Ұлыстың ұлы күнін филармония ұжымдары жек дара атап өтпекші! Бұл жиын-тойдың әуелгі мақсаты ішкі қарым-қатынасты нығайтып, береке-бірлік, сыйластық, татулықты арттыру,-дейді.
Осылайша салт-дәстүр ұстанымына берік ауылдар да таныстырылды. Олар:
1. Қуаныш ауылы
2. Саржайлау ауылы
3. Әйтеке ауылы
4. Біржан сал ауылы
5.Достық ауылы
6. Дударай ауылы
7. Думанды ел ауылы
8. Дарабоз ауылы
9. Ақмол ауылы
10. Бәйтерек ауылы
Мерекеге Астана қаласы мәдениет басқармасының басшысы Жаңабай Мейірманқұлов, Астана қаласы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Нұран Қамзин, "Наз" мемлекеттік би театрының директоры Еркебұлан Ағымбаев, Астана қаласы "Астаналық цирк" МКҚК бас директоры Ерік Жолжақсынов, айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазин және т.б. қатысты.