Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Адам – сана эволюциясының бас кейіпкері...»

1475
«Адам – сана эволюциясының бас кейіпкері...» - e-history.kz

Қазіргі әлеументтік желі адам ақыл ойының негізгі барометрі десек артық айтқандық емес. Бүгінде барлық   мемлекеттерді  тікенек  темірлер  (шекаралар)  бөлгені  болмаса,   виртуалды    әлем   оларды  толығымен   біріне-бірін   қосып, жымдастырып  жіберді десек те болады. 

Дәл қазір  қос  табанымыз  қара  жер бетінде    тұрғаны  болмаса   ақыл-ойымыз  бен арман-мұратымыздың бәрі осы  әлемнің  ішіне   кірігіп  кетті.  Виртуалды    әлемді бейне   бір   жаңа  жаратылған   планета   дерсіз. Қалай десек те интернет арқылы адамзаттың ойлау тұрпаты көп өзгеріске түсті.

Дөңгелек дүниенің   біртұтас   процесті  бастан  кешіріп  жатқандығы  рас   болса, онда  біздерге енді  қазақтың   ғана «ақылманы»  болып  отырудың  аздық   етері   айдай  ақиқат  болды.   Кімде-кім осы   кеңістікке  өз  ықпалы мен патшалығын орынатса,   су  жаңа  планетаның  қожайыны  да сол   болары  сөзсіз. Мұны арнайы айтып отырғанымыз, аталған әлеуметтік желілер, ондағы ерекше жазбалар арқылы жаңа есімдер легі пайда болды. Сондай жанның бірі өзім үшін аса қадірлі,  ҚР «Құрмет»  орденінің иегері  Жадырасын Сәдуақасов  дер едім.  Жадырасын ағаның   ғылыми деректерге толы физикалық әм философиялық жазбаларын ұдай бақылап жүретін оқырманы ретінде ілгеріде Шәкәрім Құдайбердіұлының «Айқап» журналы арқылы  алаш баласына жолдаған онтологиялық бес сауалының төңірегінде пәлсапалық сыр сұхбат құрған едік. Сол сұхбатты өздеріңізге ұсынып отырмыз мәртебелі оқырман қауым...

- Ардақты Жадырасын аға өзіңіз білесіз, Шәкәрім Құдайбердіұлы 1912 жылы «Айқап» журналы арқылы «Білімділерден бес түрлі сөздің шешуін сұраймын. Әншейін жұмбақ емес, өз ойымша адамның екі дүниесіне бірдей керек. Бұл сөздерге дін кітабынан дәлел көрсет деймін, тура ғана ақыл қабыл аларлық дәлел болса екен. Жауап беруші қазақ болсын, басқа жұрт болсын – бәрібір, бірақ жауап қазақ тілінде жазылсын яки қазақша тәржіме етілсін» дейтін еді  ғой. Мен осы Шәкәрім сауалдарының сәл өңін өзгертіп, алғашқы сауалымды «өмірдің мәні не» деп қойсам ба деп ниеттеніп отырмын?

 - Бұл сұраққа толық жауап беру үшін: «Ғалам қалай жаратылған? Адамдар үшін осы өмірдің мән-мақсаты неде? Әлем тіршілігі адамдарға не үшін берілген» - деген сұрақтар төңірегінде сөз қозғауымыз керек шығар. 

Сонымен, біздің әлемнің жаратылуы кездейсоқ құбылыс па немесе оның Жаратушысы (Бағдарламашысы - программист; Ұлы Сана; Түпкі Ие.. т.б.) бар ма? 

Құранның «Талақ» сүресінде «Алла-Тағала жеті қат аспанды, дәл сондай етіп жерді де жаратты. Олардың арасында Алла-Тағаланың бұйрығымен басқару істері үздіксіз жүріп тұрады» дейді.

Бұл бүкіл Ғаламның Жаратушысы-жалғыз Алла-Тағала және оның көмекші басқарушылары бар екеніндігін айтып тұр...

Алланың көркем есімдерінің тізімінде: 1.Әлемдердің Жаратушысы; 

2. Жаратушы; бәрін есептеуші. (Алла-Тағала әр нәрсені есеппен жасағанды, есеппен істегенді қалайды).  Көркем Жаратушы. – анықтамалары аталған.

 Алланың «Бәрін есептеуші» есімін заманауи ұғыммен «программист»  деп қабылдасақ та болады.

Сонда, осыларды оқып отырып мынандай қорытынды жасауға болады. Бар ғалам алдын алып жоспарланған программамен (бағдарламен) жаратылған және оның Жаратушысы жалғыз Алла-Тағала. Осыдан бірінші логикалық қорытынды жасаймыз.

1. Ғалам программамен жаратылған, сондықтан Бас Программист – Жаратушы бар. Бұл маңызды қорытынды, өйткені келесі логикалық ойларымыз осыған негізделетін болады. «Жаратушы жалғыз Алла-Тағала» бар екенін қабылдамайынша, қарама-қарсы қайшылықтар туындап, логикалық ойлы тізбек құру қиын. Егер біз ғаламға, ғаламның көрінетін бөлігіне, өз әлемімізге, айнала қоршаған ортаға және оның жеке элементтеріне, адамның өзіне немесе бізді құрайтын жасушымыздың (клеткамыздың) жаратылыс құрылымының өте күрделі (дінтанушылар мұны «Алланың мөрі»-дейді), өте сұлу көркем және үндес көріністе екенін көріп отырып, біз екінші логикалық қорытынды жасаймыз.

 2. Біздің Жаратушымыз - өте жоғары дәрежедегі Ұлы Сана иесі. Егер Жаратушымыз - жоғары дәрежедегі Ұлы Сана иесі болса, онда ол ештеңені бекерге жасамайды. Бұл дегеніміз, ғаламдағы бар нәрсенің барлығын Жаратушымыз мақсатпен жаратты деген ұғым. Осыдан-ақ біз, адамныңда белгілі бір мақсаттарға жетуі үшін жаратылғанын түсінеміз. Және адамды жаратудан бұрын, Жаратушымыз, адамның рухани дами отырып жететін мақсаттарын алдын ала жоспарлаған. Ал осыдан, біз үшінші логикалық қорытынды жасаймыз. 

3. Ғаламдағы барлық нәрсе мақсатпен жаратылған, адамныңда осы өмірде де өз мақсаттары бар.

Ал адам, өмірдегі мақсатын жүзеге асыру үшін, оны міндетті түрде білуі керек. Әйтпесе, адам өз мақсатын білмесе, онда ол оған жетуге ұмтылмайды және бұл жағдайда Жаратушымыздың ой-логикасыда бұзылады. Біз Жаратушыны - Ұлы Сана иесі деп қабылдадық, яғни, осындай дәрежедегі нұрлы ақыл мен сананың «Түпкі Иесі», ешқандай  қателікке жол беруі мүмкін емес. 

-Осы орайда адамның, қала берді жалпы адамзаттың, осы өмірдегі мәні неде  деген сұраққа жауап іздесек? 

- Адам барлық тіршілік иелерінен «Саналы ақыл» (интеллек) иесі болуымен ерекшеленеді. Егер «Саналы ақыл» оның ең басты айырмашылығы болса, онда Адам өзінің Санасын (нұрлы ақылын) дамыту үшін жаралған. Осының негізінде біз төртінші логикалық қорытынды жасаймыз. 

4. Адам өзінің «Рухани санасын дамыту» (эволюция) үшін жаралған.

Адамның флора мен фауна өкілдеріне қарағанда санасы (интеллекті) жоғарғы дәрежеде. Сонымен, адам санасын дамыту үшін жаралған, ал даму эволюциясы әрқашанда керекті ақпараттардың көмегімен жүреді. Бұл логикалық тұрғыдан қисынды. Ал біздің әлемдегі ақпараттар екі түрге бөлінеді: субъективті және объективті. Субъективті, субъект (тұлға) жасайтын ақпараттар – мұнда, дүниені танитын адамның өзі. Сондықтан субъективті ақпарат шындыққа сәйкес келуі де мүмкін (объективті болып)  және сәйкес келмей иллюзия болу да мүмкін.

Ғылым тарихында, жалпы адамзат тарихында, адамның дүниетанымы шындықтан алшақтап оны тығырыққа тіреп, жалғандықты мойындатқан кезеңдері болғанын бәріміз де білеміз. 

Мысалы, Жер планетасы - тасбақа мен үш піл және солардың үстіндегі жалпақ дискінің бейнесі іспетті болғаны; жер ғаламның ортақ центрі деген – қате «геоцентрим ұғымы», және бүгінгі «үлкен жарылыс теориясы». 

Қазіргі «гелиоцентрлік жүйе» ұғымы да, біздің планеталардың күнге емес, «құс жолы» галактикасының ортасына қатысты қалай қозғалатыны туралы түсінік, толық емес. Өйткені күн бір орында тұрмайды және ол, галактиканың ортасына байланысты, өте күрделі шиыршықты траектория бойымен айналады.

Бүгінде ғылым өкілдерінің есептеулері бойынша, әлемде дүниеқұрылысының 500 ден астам түсінік-көріністері бар екен. Ал дүниеқұрылысы бір ғана көріністе болуы керек. Мұнан, осы 500 көріністің тек біреуі ғана дұрыс немесе бәрі де дұрыс емес деген, даусыз логика туындайды. Осыны өзі ойланып көрейікші ...Сонымен, даму тек ақпаратқа негізделген. Ақпарат болмаса дамуда болмайды. Егер даму субъективті ақпарат негізінде жүрсе, онда адам ерте ме кеш пе тұйыққа тірелуі мүмкін деп есептеу қисынды. Демек мұнан, біз мынадай қорытынды жасаймыз.

5. Даму тек объективті – ақиқат ақпараттар негізінде жүруі керек. Осыдан үшінші сұрақ туындайды. Егер адам даму үшін жаратылған болса және даму объективті ақпараттар негізінде жүретін болса, сонда объективті ақпараттарды қайдан аламыз? Бұл үшін біз Жердің «ақпараттық өрістері» (информационное поле) бар деген гипотезаны, ұсынсақ. Өйткені, көптеген ұлы ойшылдар да, біздің планетамыздың «ақпараттық өрістері» бар екенін, ертеден айтқан. ...Оқымысты ғалымдар мен ақын - жазушылар, өнертапқыштар мен қоғамдағы кейбір «ерекше адамдар...», сол секілді тағы да басқа тұлғалар, ашқан заңдылықтары мен шығармаларын, өз білімдерін, жердің «ақпараттық өрістерінен» алып адамзатқа береді. Біздің де көпшілігіміз сол жерден ақпараттар алдық және алудамыз. Мысалы: кейбір оқиғаларды түйсік - сезімдеріміз арқылы алдын ала болжау- «de javue» құбылысы.   Абайдың 45-сөзінің соңы: ..... Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп. «Сонда, осындай ақпараттар қайдан келді»  деген заңды сауалға, жауап ретінде былай деуге болады. «Егер адам объективті ақпараттар негізінде рухани санасын дамыту үшін жаратылған болса, онда объективті ақпараттар көзі – «Жердің ақпараттық өрісі», - деген болжам қисынды (логично). Біреулер үшін - бұл ой жаңа болса, біздер үшін – бұл, ұзақ уақыт бойы ұмытылып болған ескі ойлар. Мұнан жасалатын қорытынды мынау. 

6. Объективті ақпараттар көзі – Жердің ақпараттық өрісі. 

-Енді мынадай ой туады. Адам  «ақпараттық өріс» негізінде дамып, объективті ақпараттарды оқып-зерттеп, оны қандай тәжірибеде  қолдануы керек?

- Бұл сұрақтың жауап беру үшін, бізге «Жаратушымыз кім және әлем дегеніміз не?»  деген логикалық ұғым тізбегін құруымыз керек.

Физика курсынан материяның екі түрге бөлінетіні есімізде ғой. Өрістік материя (көрінбейтін) және заттық материя (көрінетін). Зат (дене), бұл біз көре алатын және қолымызбен сезетін нәрселер. Ал өрістерді тек өлшеу құрылдары арқылы ғана «сезіп», оларды гравитациялық өріс, магнит өрісі, электр өрісі, электромагниттік өріс, күшті және әлсіз ядролық әсерлесу өрістері деп жіктейміз. 

Сонымен бірге, бұрын планеталар арасындағы кеңістік, вакуумдық-  бос кеңістік деп саналғанын еске алайық. Ал бүгінде ғалымдар бұл вакуум, бос орын емес, энергиялы-ақпараттық орта екенін түсінді. Планетаралық кеңістіктер - үлкен энергия көздері. Бұл кешенді көп өлшемді, әлі де толық зерттелмеген, өрістік материя. Егер сіз ғаламға, біздің галактикаға, күн жүйесіне сырттан қарасаңыз, планеталардың ара қашықтықтары, планеталардың өздерінің өлшемімен салыстырғанда өте үлкен екені көрер едіңіз. (Мысал: Бұл қашықтық біздің бөлмеміздің екі бұрышындағы көзге көрер-көрінбес тозаңдардың өлшемдерімен, сол бұрыштардың ара қашықтығымен салыстырғандай ....).

Демек біз, ғалам, негізінен күрделі құрылымды өрістік материядан тұрады деген қорытындыға келеміз. Ғаламның 95% -дан астамы өрістік материялар және 5% -дайы заттық материялар (планеталар, жұлдыздар, газ кластерлері және тағы басқалары) құрайды. Егер біз бүкіл ғаламды Жаратушымыздың организмі (денесі) деп есептесек, мынадай қорытынды жасауға болады. Біздің Жаратушымыз 95% - дан артығы өрістік және 5% -айы заттық материялардан тұратын болса, яғни негізінен «Жаратушымыз – өрістік материялық құрылым».

Физика теориясынан біз ғаламның белгілі бір кезеңінде, планеталар, галактикалар, күн жүйелері зат (материя) түріндегі болмағанын білеміз. Біздің ғалам шексіз емес, оныңда кеңістігі шектеулі. Бұл әлемде Жаратушымыз өз тәжірибелерін жүргізіп, үйреніп, ақпараттар жинап, дамуда. Жаратушы - бұл шығармашыл, дамушы Сана. Энергиялық ақпарат әлемнің барлық көлемін толтырғанда, ғалымдар «коллапс» деп атайтын құбылыс болады. Әлем жабылып, қайта, кері бағыттағы дамуы басталады.

Математик Фридман 1920 жылдары әуелі кеңейіп, сосын қайта жиырылып, соғып тұрған тамыр секілді, тірі әлем туралы гипотеза ұсынды. Әлемнің өмірлік циклі, кеңейуі кезінде - терең дем алып, сосын - дем шығаратынға ұқсас. Осы себепті, гипотеза, «Тыныс алатын Әлем» деген  атауға ие болды. Осылайша, әлем туады және дамиды, содан кейін коллапсқа ұшырап күйрейді-өледі. Содан кейін, Жаратушы бәрін қайта басынан бастайды. Өйткені ол, өз тәжірибесі кезінде жинақталған бар ақпараттарды жоғалтады. Сондықтан, жаңа туған әлемде өткен тәжірибелеріндегі ақпараттарды пайдалана алмай, бәрін қайта бастауға тура келеді. 

Бұл біздің өмір сүруімізге ұқсас. Бізде білетін ақпараттарымызды, өмірімізде өз тәжірибімізге айналдырамыз, кейін биологиялық өлім келгенде, біздің жадымызбен  бірге кетеді. Әрине, біздерде балалар бар және біз оларға өз тәжірибеміздің бөлігін беруге тырысамыз... Ал барлық тәжірибеңді, ауызша айтыпта, тіпті жазбаша түрде жеткізу мүмкін емес. Сөйтіп көбін жоғалтамыз. Әрине бұған көпшілігіміз риза емеспіз. Біздің  Жаратушымызда, әлемде жинақталған ақпараттарының жоғалуына және оларды жаңа әлем құруда қолдана алмауына қанағаттанбады.

Біздің пайда болуымыздан ертерек, Жаратушымызға жинақталған ақпараттарды сақтауға мүмкіндік беретін «матрицаның» ерекше бір түрін жасау және соның көмегімен өткен тәжірибелерін, жаңадан дүниеге келген әлемге беру туралы, идея-ой келді. Ал ақпаратты жазуға болатын мұндай матрица, әлемнің күйреу (коллапс) сәтінде жойылмай, белгілі бір уақыт кезеңінде ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Жаратушы осы матрицаны іздей бастады және шешімін тапты. Әрине, оны қысқашы логикалық түсініктер аясында сипаттау өте қиындау. Қарапайым сөзбен айтсақ, энергетикалық өрістерді тығыздау арқылы, тұрақты материя алуға болады, біз оны «зат» (дене) деп атаймыз. 

Сонымен, матрицаны іздеуде, Жаратушы өріс энергиясын тығыздандыру арқылы зат (материалды дене) алды. Қазіргі заманауи ғылымда, заттың өте тығыз өріс энергиясы екенін түсіндіретін, көптеген ғылыми жаңалықтар бар. 

Қарапайым мысал. Су буымен толтырылған шардың көрінісін елестетіп көріңіз. Егер біз шарды салқындата бастасақ, бу - су тамшыларына айналады. Әрі қарай салқындатуды жалғастырсақ, су тамшылары - мұзға айналады. Бұл бейнелі мысал, өрістің материяға (затқа) ауысу көрінісі. Егер біз өрістік материяны тығыздату дәрежесін арттыра түссек, онда біз одан сайын тығыз зат (материя) жасай аламыз.

Матрицаны іздеуде Жаратушы материялы денелерді қалыптастыра бастады. Осылайша Жаратушымыздың бірінші бағдарламасы – «Әлемқұрылымы программасы» жасалды (2 триллиондай жыл бұрын). «Әлемқұрылымы программасы» – әлемнің материялық бөлігі. Бұлар планеталар, күн жүйелері, галактикалар, жұлдыздар кластерлері тағы басқалары. (Әлемнің көрінетін бөлігі Мекемтас Мырзахмет ағамыз айтқандай). Танымның бастапқы кезеңінде біз материялы бөлікті белгілі бір ақпарат қоймасы ретінде, Жаратушы өзінің тәжірибесін жазып сақтайтын серверлер жүйесі ретінде елестете аламыз.

Дегенмен де, өзіндік кедергі бар. Ол әлемдегі энтропия құбылысы (термодинамика ұғымы). Бұл физика курсынан, қарапайым сөзбен айтқанда, жүйенің уақыттар өте өздігінен құрамдас бөліктерге ыдырауға бейімділігі екенін білеміз. Мысалы,  тұрған кітап жүздеген жылдардан кейін әуелі сарғайып, ақырында шіріп кетеді емес пе... Бұл энтропия. «Ештеңе мәңгілік емес» - дегендей. Тіпті жұлдыздарда коллапсқа ұшырайды. Ал Жаратушымызға энтропияны жеңу үшін, күйремейтін, бәріне шыдайтын тұрақты  «матрица» қажет болды.

Оны жасау үшін Жаратушымыз ақпараттарды сақтауға ең қолайлы затты, суды пайдаланды. Ал суда барлық ақпараттар араласып кететін болғандықтан, Жаратушы суды қабықшаға салып, оның құрылымын күрделі қылып жасады. Міне осылайша, Жаратушының екінші бағдарламасы – «Өмір программасы» жасалынып, оның басты кейпкері «тірі жасушы» (клетка) пайда болды.

Сондықтан адамдар, барлық тіршілік иелері сияқты, шамамен 70% судан құралған. Ал планетамыздың 70% су екенін білеміз. «Өмір программасы» жоғары деңгейлі бағдарлама, өйткені тірі жасушаның міндеті ондағы ақпараттарды сақтау ғана емес, бұл ақпараттарды өздері коллапске ұшырағанша көшіру, яғни биологиялық өлім сәтіне дейін матрицаның төлнұсқасын жасай отырып, мұрагерлік жолмен ұрпағына өзгертпестен беру.

«Өмір программасы» «Әлемқұрылымы программасына» негізделген. Басында планеталар пайда болады, содан кейін планеталарда тіршілік пайда болады және мұның бәрі де, тек Жаратушының даярлаған программасы бойынша жаратылады. «Өмір программасының» мақсаты - тіршіліктің (фауна-флора) әр түрлі формаларын қалыптастыру. 

- Сонда түпкі мақсаты не? 

- Бір жерге жету үшін көп уақыты кететін құмырысқадай кішкентай емес және қозғалу үшін көп энергия мен азықты қажет ететін піл сияқты үлкен де емес, оңтайлы матрицаны - «биологиялық өзін-өзі жетілдіретін матрицаны» жасау үшін. Жаратушы осындай матрицаны іздей бастайды. Біздің әлемде мұндай матрица - адам.  Адам – «биологиялық өзін-өзі жетілдіретін матрица».          

- Ал адам Жаратушыға не үшін керек болды?

- Жаратушы «Өмір программасы» негізінде, өзінің ең маңызды «Сана эволюциясы программасын» бастады. Бұл бағдарламаның негізгі қатысушысы және орындаушысы «саналы адам». Жаратушы адамды, өзінен көшірме жасай алатын қарапайым құрылым ғана емес, өрістік ақпаратпен жұмыс істей отырып, эволюциялық тұрғыда тұрақты «рухани дами алатын саналы құрылым - матрицаны, материялы әлемде өзіне көмекші болатын - адамды жаратты. Осылайша, біздің әлемде адам пайда болды.          Адамның негізгі міндеттері мыналар:

1. «Жердің ақпараттық өрісінен» алынған ақпараттарды оқып-зерттей білу;

2. Ақпараттарды іс жүзінде қолдана отырып, тәжірибе жинақтау;

3.Жиналған тәжірибені ДНҚ-ға жазып, өз ұрпақтарына өзгертпестен беру (балаларына мұрагерлік жолмен, ДНҚ молекулаларына жазып беру,  яғни, бала туылғанға дейін жинақталған ата-ананың тәжірибесі мен білімімен  туылады). Ал біз алтыншы логикалық қорытынды жасаймыз. 

4. Адамның міндеттері: Өрістік ақпараттарды оқып білу және іс-жүзінде қолдана білу, оларды ДНҚ -ға жазып, балаларына өзгертпестен беру.

Сонымен ғалам коллапсқа ұшыраған кезге дейін, адам жаңа туатын әлемде пайдалану үшін ақпараттардың көшірмесін жасауды үйренуге міндетті. Адам көмекші оператор ретінде (соТворец), кейіннен Жаратушымен бірге жаңа әлемде өзінің дамуын жалғастыратын, Жаратушымыздың ақпараттық мұрагері.

         Енді ойымызды қорытындыласақ былай болады.

1. Біз Әлемнің жаратылғанын, және  әлемді Жаратушы бар екенін анықтауға болады. 

2. Біздің әлемнің сұлулығына сүйсініп, күрделілігіне таң қалып, біздің Жаратушымыздың  Ұлы Сана иесі екенін түсінеміз. Жаратушы мақсатсыз ештеңе жасамайды. 

3. Барлық нәрсенің жасалуында, оның ішінде адамныңда мақсаты бар. 

4. Табиғатпен өзімізді салыстыра отырып, адам саналы даму қабілетімен ерекшеленетінін, яғни адам саналы даму үшін жаратылған, және даму тек ақпараттар негізінде жүретінін көреміз.

5.Ақпараттар объективті және субъективті болуы мүмкін. Адам саналы даму эволюцисында тұйыққа тірелмеу үшін, тек объективті ақпараттық негізінде дамуы керек. Ал, объективті ақпараттар көзі – «жердің ақпараттар өрісі». 

6. Адамның міндеттері ақпараттарды оқып-білу, тәжірибесінде қолдану және оларды  ДНҚ -ға жазып еш өзгертпестен балаларына беру.

Міне, осы алты міндеттерді орындау – адам өмірінің негізгі мәні болып саналады. 

- Енді мына мәселеге келейік. Сонымен саналы адам дегеніміз кім?          

- Адам туралы, ғылым не  дейді?  Осыған толыққанды тоқтала кетейік.

Бәрі бұрыннан зерделенген, зерттелген сияқты. Ал соған қарамастан адамның не немесе кім екендігі туралы бірыңғай түсінік жоқ. Ол қалай құрылған, ол неден тұрады, не үшін жаратылды және жалпы бұл дүниеде ол не істеу керек? - деген сұрақтарға да қанағаттанарлық жауап жоқ. Тек ғасырлар бойы қайта жазылып, қайта-қайта айтылып, көбіне догмаға айналған, фрагментарлы (үзік-үзінді) білімдер мен ешкім тексермеген ойлар ғана бар.

Сонымен саналы  адам туралы сөз болмақ. Сіз өзіңізді қалай сезінесіз, өзіңізді қалай бағалайсыз? Ал жалпы, сіз өзіңіз туралы не білесіз?

Әңгімені, заманауи ғылым білетін нәрседен бастағым келеді. Қазіргі әлемдегі адам, барлық тірі заттар (тіршілік иелері) сияқты  ас қорыту, қан айналымы, қалдық бөліп шығару және тағы басқа әртүрлі жүйелерден тұратын өте күрделі құрылым. Бұл жүйелердің әрқайсысы мүшелерден, мүшелер толып жатқан молекулалардан тұрады. Молекула атомдардан, атомдар кварктардан тұрады. Әзірге, болғаны осы ғана.

Ғылым, адам ағзасын ғана емес, біз көріп отырған заттық дүниені де зерттеуде алға жылжымады. Бірақ қазіргі ғылым, біздің дүниенің заттық (материалдық) көріністері бағдарламалар (программалар) екенін жоққа шығармайды. Кез келген тірі организмнің дамуы белгілі бір алгоритммен, мезгілдік кезеңдермен жүреді, яғни программалар (бағдарламалар) бойынша орындалады. Және онда, бағдарламаның басталуы, оның дамуы мен соңы (финалы) жазылған. Бұл бағдарламаларды өзіміз көріпте жүрміз және өзіміз қатысудамыз. Жалпы айтқанда, адам - программа (бағдарлама). 

Сонда бұл бағдарламаларды кім жасайды және олардың қолдану мерзімін кім белгілейді? Кім ескі бағдарламаларды аяқтап жабып, жаңасын бастайды? Бұған берілетін жауап мынау ғана.  Айналамыздағының барлығын, оның ішінде адамды да ойлап тапқан және жасаған - Бағдарламашы (программист) бар.

Адамдардың бұл сұраққа жауабы даяр. Олар оны ежелден Құдай деп атайды. Бірақ Құдай кім? Нені немесе кімді Құдай деп есептеу керектігін қалай түсінуге болады? Құдайдың анықтамасы қайда? Жоқ, және шын мәнінде ол ешқашан болған емес.

Адамды зерттейтін, оны сипаттайтын және анықтама беретін ғылым.

Википедияда былай дейді. Адам – ақыл-ойы мен санасы бар қоғамдық (әлеуметтік) тіршілік иесі. Сол сияқты мәдениет пен қоғамдық тарихи іс-шараның субъектісі. Ол жер бетінде эволюциялық үдерістің нәтижесінде пайда болды, және антропоногенезистік бөлшектер есебінде әлі де зерттелуде.Антропогенезис - кезекті геокатаклизмнен кейін жердегі өмірдің пайда болуы туралы ілім.

Антропогенезис - это Учение о зарождении жизни на земле после очередного геокатаклизма. Как элемент Высокой Науки, Антропогенезис вскрывает и описывает причинно-следственные связи факторов, ведущих к жизни на земле, не противопоставляя Материализм и Тонкоэнергетическую Духовность, а наоборот, объединяя их в Единстве Противоположностей.

Адам – биоәлеуметтік тіршілік иесі. Биологиялық, сондай-ақ анатомияда, физиологияда көрінеді. Қан айналымы, бұлшық ет, жүйке жүйелеріне ие. 

Әлеуметтік тұрғыда қоғаммен тығыз байланыста, басқалармен қарым-қатынаста ғана адамға айналады. Оның қоғамдық пайдалы еңбекке қабілеттілік, сана-сезім сияқты қасиеттері бар.

Немесе ғылымның басқа саласындағы, басқа анықтама былай дейді. «Саналы Адам – бұл Homo sapiens sapiens; хомос - Сүтқоректілер класының приматтар отрядының гоминидтер (адам тәрізді үлкен маймылдар) тұқымдасының адамдар тегінің жалғыз биологиялық түрі.

Ал ислам концепсиясы бойынша адамды Алла-Тағала топырақтан жаратқан. Батыс елдерінде эволюциялық теориясын ұстанады, оған сәйкес адам— тірі жүйелер эволюциясының дамуының ең жоғарғы сатысы. Егер біз интернетті қазбалай     бастасақ, көптеген анықтамаларды табамыз. Адамның не екендігі туралы? Ол неден тұрады? Оның физиологиясы қалай жұмыс істейді? Ол немен қоректенеді? Қалай көбейеді? Қалай ауырады, қартаяды және өледі? Мұның бәрі бар. Бірақ жалпы адам дегеніміз не, оның құрылымдары қалай реттелген, бұл туралы ақпараттарды еш жерден таба алмайсыз.

- Сіз жаңа ғана адамға қатысты мәліметтің бәрін тізіп шықтыңыз. Адамды бәрі біледі, ол баяғыдан зерттелген, тіпті ол туралы балаларымыз мектепте де оқиды, - деп айтасыз. Бірақ мен осы орайда мынаны айтқым келеді. Адам тек физиология ғана ма? Әлде жан мен рух па? 

- Адам қалай ойлайды? Оның ойлары, эмоциялары (сезімдері) қайда және қалай туады? Немесе неге біреулер адамның «аурасын» және  оның ішкі мүшелерінің қалай жұмыс істейтінін көреді? Неліктен біреу басқа адамдардың ойын оқи алады, болашақты болжайды және өткенді көре алады?

Бірақ зерттеуші ғалымдар адам ағзасынан, тіпті ең қуатты микроскоппен тексеріп те, ойларды оқи алатын немесе болашақты болжай алатын мүшені таппады. Біздің ойымыз, сезіміміз, эмоциямыз туатын мүшелерді де таба алмады. Адам ағзасында мұндай мүше жоқ.

Сонда физиологиядан да басқа, біздің бәріміз өзімізді теңестіретін физикалық денемізден бөлек, кейбір қасиеттерді көрсететін тағы бір «нәрсе» бар. Және мұндай қасиеттер адамда бар екенін, білеміз. Бірақ олар қайда шоғырланған? Бұл қасиеттерге қандай орган (мүше) жауапты? Ғылым бұған әлі де жауап берген жоқ. 

Қорытындылай келе, ғылым тек ғана адамның физикалық денесін зерттейтінін түсінеміз. Ал одан әрі, қазіргі ғылым зерттеулерінде, алға жылжулық жоқ.  Рас, адамдар дамиды, көбейеді. Мысалы: «Адам үй салуы керек, ағаш отырғызып, ұл тәрбиелеуі керек» деген түсінік бар. Және біздің көпшілігіміз мұны сөзбе-сөз, физикалық тұрғыдан қабылдаймыз. Осылай, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып үрім-бұтағымыз көбейе бермек. Дұрыс, егер, бұл –рухани шектеулік екенін түсінсек....

Бірақ көпшілік, рухани жағынан, мұның бәрін не үшін жасайтындарын білмейді. Ол жақты ойлауға, мына зымыраған тіршілікте уақыттары да жоқ.

Біз, адамның - бағдарлама екенін түсіне отырып, адамдар одан да күрделі және ауқымды программаның бөлігі екенін  сеземіз.     Шындығында адам, қандай бағдарламаға қатысуы керек екенін білмейді. Яғни адам, не үшін өмір сүретінін және өз өмірінің мән-мақсатын да білмейді. 

- Сіз «Сана эволюциясы», «Халық Академиялық Университеті» жайлы көбірек айтасыз? Бұл ойлар нені пайымдағаныңыздан пайда болды?     

- Оныңыз рас.  «Сана Эволюциясы», «Халық Академиялық Университетінің ақпараттары негізінде, осы туралы көбірек  айтсам деген едім.

Ең әуелі сөзді адам «түпкі сана (подсознание), сана (сознание) және жоғарғы санадан (надсознание)» тұратын үштік құрылым екендігінен бастайық.

Бұл біздің физикалық әлемімізде бар адамға, өрістік материя әлемі мен материалдық материя әлемін байланыстыратын бөлік, негізді тұңғыш ашушы  болуға мүмкіндік беретін «Саналылық үшбұрышы».

Адам - бұл « Био өрістік өзін-өзі жетілдіретін құрылым» - БПСС.  Алты (6) энергетикалық-ақпараттық өріс планынан және зат түрінде көрінетін 

7- физикалық планнан тұрады.

Адам бастапқыда, біздің ғаламның бағдарламалаушы жоғары сана-Жаратушының адам үшін жасаған бағдарламасына сәйкес, мынандай қасиеттер мен мүмкіндіктерге ие. Өріс әлемінің көрінбейтін бағдарламаларын оқып білу мүмкіндігі және оларды өз өмірінде іс жүзінде қолданып, өзінің ДНҚ-сына жазып, осы білімді мұрагерлік тұрғыда өзгертпестен балаларына беру. Сана эволюциясы программасының бас кезінде осылай болды. Осылайша, 12 миллион жыл бұрын жұмыс істей бастаған Жаратушының ең маңызды сана эволюциясы программасында, осы бағдарламаның орындау алгоритмдері жазылған.  Міне осы, бүгінде адамзат жоғалтқан, адам өмірінің  мәні мен мақсаты.

Осы мақсатты орындауда Жер-Анамыздың көмекшісі ретінде, Сана Эволюциясы Программасына қатыспаған адам, өзінің болмысының мәнін және онымен бірге саналы адам ретінде өмір сүру құқығын жоғалтады.

- Сонда негізгі бағдарламалар  қалай басталады?

- Ғаламның басында «Әлемқұрылымы программасы, содан кейін «Өмір программасы»  жалғасты. 50 млн жыл бұрын, біздің планетада «Өмір програмасы»  басталды. Яғни 488 млн жыл бойы «өмір программасы» жер бетінде саналы тіршілік иесі - адамның пайда болуы үшін, барлық қажетті жағдайларды дайындау мақсатында жүрді.

Адам – сана эволюциясының бас кейіпкері. Жаратушының ең маңызды, ең ұлы бағдарламасы – Сана эволюциясы программасын жүзеге асыру үшін, адам арнайы бағдарламаланған. Ал бұл міндетті орындауды тоқтату арқылы, адам өз өмірін одан әрі жалғастыру мүмкіндігінен айырылады.

Бұл бағдарламаға адам қалай кірді және бұл бағдарламаны орындау үшін адамға қандай мүмкіндіктер берілгенін біздің университетте лекцияда айтылады. Және ол бұл біліммен, өмірдің мән-мақсатын және өркениетімізде болып жатқан барлық нәрселердің себептерін іздегендердің бәрімен бөліседі.

Біздің Жер планетамыз, компьютерге ұқсас, сана иерархиясында адамнан жоғары деңгейде тұрған, саналы тірі организм.

Ол өзінің өрістік құрылымдарында ғалам объектілерін дамытатын және адам үшін қажетті білім көзі болып саналатын көптеген бағдарламаларды сақтауға қабілетті. Оның құрылымында 5 матрицалық энерго-ақпараттық деңгей (ЭАД) бар. Бұл деңгейлерде біздің планетамыздың бүкіл құрылымы өмір сүретін және дамитын, сондай-ақ флора мен фаунаның барлық керекті ақпараттары бар. Және бұл құрылымдардың барлығы «өмір программасы» алгоритмлері бойынша жұмыс істеп, 500 миллион жыл бойы дамып, жетілдірілді. Сосын, 12 миллион жыл бұрын, Жер жаңа бағдарламаны бастауға дайын болғанда, Жаратушы біздің планетамызда Сана эволюциясы программасын бастады. Және сонымен бірге, приматтар отрядының сүтқоректілер тұқымдасынан шыққан адамның, саналы адамға айналуы үшін, Жер (6-шы) тағыда бір «себептік деңгейді  - саналық деңгейін» құрады.

Бұл деңгей адамды жердің энерго-ақпараттық өрістерімен байланыстырады, осылайша дүниеге келген кезден адамға тән  «Өрістік көру», «Өрістік есіту» қабілеттерін, пайдалануға мүмкіндік береді. Ол үшін, өріс бағдарламаларының тілін немесе біздің планетаның тілін, адамға түсінікті кескін-бейнелерге аударуға мүмкіндік беретін «өрістік дешифраторды» пайдаланады.

-Адамның сана деңгейіне қосылу байланысы қалай жүзеге асады? Адамның өрістік бағдарламалары мен планетамыздың өрістік бағдарламаларының өзара байланысы бар ма?    

- Өкінішке орай, мен бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Бұл туралы айтқым келмегендіктен емес немесе бізге бұл туралы айтуға тыйым салынғандықтан емес. Бұл өте қызықты және әркім білуі керек маңызды ақпарат екенін түсінемін. Бірақ толық және сапалы ақпаратты университеттің базистік курсында ғана алуға болады.

Бірінші  кезекте,  ең басында, адамның біздің планетамыздың  Саналық ЭАД-мен байланысар алдындағы барлық құбылыстары мен процестерін түсіну үшін, алдыңғы ақпараттарды алу керек. Сонда ғана адамның өрістік құрылымдары мен жердің өрістік деңгейлері арасындағы байланыстардың пайда болу себебі белгілі болады.

Бірақ мен сізге, осы  сана деңгейі тығыздығының құлдырай бастауы себебінен, сана жойыла бастаса не болатынын және адам саналық деңгеймен байланысын үзіп, қалай сүтқоректі тұқымдас жануарға айналатынын айтамын. Жер планетамыздағы саналы адамның жоғалу себептері былай. Егер адам сана эволюциясы программасына қатыспаса, өзін Жаратушы  не үшін жаратқанын, өзінің осы өмірдегі мақсат-міндетін ұмытса. Бұл жағдайда, жер адамзат қоғамында саналық даму белгі - көріністерін көріп сезбесе, ол деңгейдің тығыздығын біртіндеп азайтып жояды. Өйткені жер бетінде Саналы адам жоқ болса, онда себептік деңгейді қажетті тығыздықта ұстауға энергия жұмсаудың қажеті жоқ.

Деңгей - себептік деп аталады. Яғни, деңгейдің себебі бар болса - сақталады, себебі жоқ болса - ол жойылады, өзінің қуаттылығы мен тығыздығын жоғалтады.  Мысалы бір жерге демалуға кетсеңіз, үйіңіздің барлық бөлмесінде электр жарығын қосып кетпейсіз ғой...    Адам сана эволюциямсы программасына қатысып, өзінің саналы екенін көрсетпесе, Жер ЭнергоАқпараттық құрылымындағы себептілік деңгейінің тығыздығын азайтып жояды. Өйткені ол тек СЭП жұмыс істейтін саналы адам үшін жаратылған.

-Ондай сәтте адамдарға не болады? 

-Біз оны күн сайын көрудеміз. Бұл әсіресе 2012-2017 жылдары, түсініктілік деңгейі оның критикалық тығыздығына жақындаған кезде ерекше байқалды.

 Адамдар жаппай санасыздана бастап, азғынданып, саналы адамның ойына келмейтін озбырлық, зорлық-зомбылық, тағы басқа келеңсіздіктер көрініс тапты. Жануарлар әлеміне тән ырықсыз сезімдердің барлық түрлерін көрсетті. Мүмкін сіз де көптеген жағдайларды еске түсіріп, олар туралы айта алатын шығарсыз. Ал енді әңгімеміздің басына қайта оралып «Адам дегеніміз не немесе био өрістік өзін-өзі жетілдіретін құрылым (БӨӨЖҚ-БПСС) дегеніміз не?» -деген сұрақтарға сай НАУ ЭРА ақпараттарына тоқталайық.  Біздің университет адам, жеті (7) планнан тұратын өрістік энергетикалық-ақпараттық құрылым деп есептейді. Алғашқы үш план (1,2,3) ең нәзік эфирлік пландар, бұлар адамның - Жоғарғы Санасы болып табылады. Ал Жоғарғы Сана адамға, Жердің энерго-ақпараттық деңгейлерімен (ЭАД) байланыс жасауға мүмкіндік беріп, олардан ақпарат алуға және біздің планетамызбен қатынасуға (тілдесуге)  мүмкіндік беретін программа. Адамның 4-планы – оның санасы. Ол адамдар біздің ойымыз деп есептейтін бағдарламаларды қалыптастырады, ал біз айтқан ақпараттандырушы генератор немесе дешифратор, адамның 3-және 4- планның шекарасында орналасқан. Және бұл біздің санамызға дешифрланған, адам жердің ЭАД-нен оқыған ақпараттарды, яғни, адамға бейне-кейіп түрінде аударылған ақпараттарды, қабылдауға мүмкіндік береді. Адамның 5-және 6-пландары - оның түпкі санасы. Бұл, біздің физикалық денемізде болып жатқан барлық ішкі процестерді басқаратын, бағдарламалар. Бұл бағдарлама адамның өмір бойы жинақтаған ақпараттарын сақтауға мүмкіндік береді. Бұл адамның ішкі жады. Мұның бәрі «әдеттілік заңы» бойынша адам өзінің өмірлік әрекетінің нәтижесінде жүзеге асыратын бағдарламалар. Бұл, біздің сезімдеріміз бен эмоцияларымыз, физикалық әлемде көрінетін бағдарламалар. Адамның 7-планы - бұл барлық бағдарламаларды біріктіретін физикалық, материалдық әлемде көрінетін тығыздалған материя. Және бұл- ақпараттарды қабылдауға, талдауға, логикалық тұрғыда қорытынды жасауға және дамуға қабілетті – «Саналылық үшбұрышы», өзінің санасын арттыра отырып Жаратушының бағдарламасында жұмыс істей алатын, біздің әлемдегі жоғары сананың ең басты программасын- сана эволюциясы программасын орындауға қатысушы бас көмекші. 

Жаратушымыз адамды осы мақсатта жаратқан. Және біздің планетада адамның пайда болуының бас кезінде  осылай болған еді.

Бірақ аяғы не болды? Неге біз қазір Жаратушымыздың ниетінен мүлдем басқашамыз? Неліктен біз өз қасиеттерімізді жоғалттық? Не себепті, не үшін өмір сүретінімізді  және  өміріміздің мәні неде екенін мүлдем ұмыттық? 

Қазір адамға және біздің планетаға не болып жатыр?

Ал Жаратушымыз жоспарлаған тапсырмаларға оралуымыз үшін не істеу керек? Мұның жауабы мынау. Соғыссыз, зорлық-зомбылықсыз, ақшасыз және шекарасыз, бақытты үйлесімді өмірге, жер анамыздағы саналы адамдар үшін жасалған өміріне қайта оралу үшін... Міне, бізге бар керегі де осы ғана…

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?